Адрес: Республика Казахстан
010008, г. Астана
ул. Мунайтпасова, 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
E-mail: enu@enu.kz
Еуразиялық Университеттер қауымдастығының XI съезі
Осыдан 15 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық одақ құру жөнінде алғаш рет бастама көтерген болатын. >> видео
Евразийской инициативе Нурсултана Назарбаева – 15 лет
К этой дате приурочили съезд Евразийской Ассоциации университетов. Он прошел сегодня в Астане. >>видео
http://www.egemen.kz/?act=readarticle&id=8922
№97 (25494) 12 НАУРЫЗ БЕЙСЕНБІ 2009 ЖЫЛ
|
2009-03-11: ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚТЫ ҚҰРУ ИДЕЯСЫ ІС ЖҮЗІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП КЕЛЕДІ Мемлекет басшысы сөз басын съезге келген делегаттарды алқалы жиынымен құттықтап, 1994 жылы наурызда М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өзі ұсынған Еуразиялық одақ құру туралы бастаманың 15 жылдығы қарсаңында өтіп отырған бұл басқосудың символдық мәні бар екенін айта келе, алғашқы кезде бұл ойды көптеген азаматтардың, әсіресе, зиялы қауым өкілдерінің қолдай қоймағанын, ол кезеңнің де өзіндік ерекшеліктері, атап айтқанда, саяси-экономикалық жағынан түрлі ауытқулар болғанын, дегенмен, бірте-бірте идеяның іске асып, оң нәтиже бере бастағанын атап өтті. Президент бүгінгі экономикалық дағдарыс туралы да ой қозғай келіп, бұрынғыша ескі ойлау жүйесінен арылып, жаңаша топшылау кезеңі қылаң бергенін назарға салды. Қазіргі әлемдік валюта заман талабына жауап бере алмай отырғанын, жалпы жаһандық дағдарыстан шығу жайлы өзінің байламдарын “Российская газета” басылымында жарияланған “Дағдарыстан шығу кілті” мақаласында жан-жақты айтқанын алға тартты. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік валютаны реформалау жөнінде мемлекеттер түрліше ұсыныстар жасап жатқанын жеткізіп, бұл істегі біздің көзқарасымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының басшылығымен әлемдік валютаны қолданысқа енгізуді жақтау екенін тілге тиек ете келе, қазіргі заманның тағы бір маңызды мәселесі бірполярлы жүйеден көпполярлы құрылымға өту болып отырғанына тоқталды. Жаһандық экономикалық жүйені реттеудің тұжырымды тәсілдерін ойластыру қажеттігін атап өткен Мемлекет басшысы Еуразиялық кеңістіктің ғылыми қоғамдастығы өкілдерінің алдында әлемде болып жатқан үдерістерге қатысты өз көзқарасын да білдірді. Бүгін мен ұзақ мерзімді перспективада еуразиялық ықпалдастыққа балама жоқ екендігіне нық сенімдімін, деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, 15 жыл ішінде Еуразиялық теория нақты іске аса бастады және бүгінде Еуразиялық ықпалдастықтың үш өлшемі – экономикалық, әскери-саяси және мәдени-гуманитарлық байланыстар жөнінде айтуға болады. Соның біріншісіне тоқталар болсақ, Еуразиялық экономикалық қауымдастық ең алдымен еркін экономикалық ықпалдастықтың артуына даңғыл жол ашты. Соның арқасында қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің арасындағы еркін сауда-саттық 3,5 есеге, ал тауар айналымы 5 есеге дейін артыпты. Мұның өзі Еуразиялық одақ құру жөніндегі идеяның оң нәтижесіне нақты мысал деуге болады. Осы идеяның негізінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылып, Азиядағы өзара әріптестік және сенім шаралары күшейді. Елімізде екі мәрте Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі шақырылып, рухани бірлесу жұмыстары жанданды. Бүгінде Елбасының Еуразиялық одақты құру жөніндегі пайымы өзін әлемдік деңгейде дәлелдеп, қоғамның барлық салаларынан қолдау тауып отыр. Экономикалық салада ЕурАзЭҚ аясындағы ықпалдастықтың нақты тетіктері құрылды деді Елбасы. Әскери-саяси салада ҰҚШҰ, ШЫҰ және АӨСШК ұйымдарының жұмысына да тоқталды. Президент осы жылдың ақпан айында Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының және Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың саммитінде осы қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің әлемдік қаржы дағдарысынан құтылу үшін бірлескен қор және халықаралық жоғары технологиялар орталығын құру жөніндегі шешімге қол жеткізілгенін алға тартты. Осы ұйым аясында біріккен энергетикалық жүйені, атом энергиялық көздерін бейбіт мақсатқа пайдалану ісінде нақты жоба-жоспардың талқыланғанын, Қазақстан, Беларусь, Ресей арасындағы кеден одағының жұмысы соңғы кезеңіне жеткенін де назарға салды. Ал ТМД елдерінің ұжымдық қауіпсіздік мәселелері 1992 жылғы 15 мамырда қол қойылған шарт бойынша реттеліп келеді екен. Жоғарыда айтқан Мәскеудегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) және Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың саммитінде қаралған төрт мәселенің бірі осы ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт болғаны мәлім. Ол шартта ұйымның шұғыл іс-қимылын көрсететін ұжымдық күш жайлы шешім еді. Бұл әскери саладағы қауіпсіздікке байланысты нақты іс-қимыл болғанын айтқан Мемлекет басшысы Отанымыздың құқық қорғаушылары террорлық әрекеттерге, трансшекаралық қылмыстарға, есірткі трафигіне, заңсыз миграцияға күш біріктіріп отырғанын жеткізді. Азиялық бағыт бойынша жүргізіліп жатқан өзге де жұмыстарға байламды пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, Еуропалық бағыт бойынша ЕҚЫҰ-мен бірлікте жұмыс жасап жатқанымызды, 2010 жылы Қазақстанның беделді ұйымға төрағалығына қызу әзірліктің жүргізілу барысын да атап өтті. Президент қазіргі кезеңде Еуразиялық ықпалдастықтың мәдени-гуманитарлық өлшемі айрықша маңызға ие болып отырғанын тілге тиек етіп, қазіргі таңда біздің міндетіміз бай рухани мұраны жаңғырту және жинақтаған білімді бүкіл аймақтың жемісті дамуына пайдалану, істі тиянақты атқару жолындағы жұмысқа жедел кірісу, деді. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыта түсудің бірқатар бағыттарын нақтылап көрсетті. Атап айтқанда, инновациялық дамуға көшу, бірыңғай еуразиялық білім беру кеңістігін құру, жастармен жұмыс, мәдени және тілдік әралуандықтың ортақ құндылықтары негізінде бірыңғай еуразиялық сәйкестікті қалыптастыру, азаматтардың бір жерден екінші жерге қатынау еркіндігін барынша орайластырып отыру. Елбасы идеясымен ауқымды жұмыс істеп келе жатқан бұл құрылым, әсіресе, әр мемлекеттің зиялы қауым өкілдерінің басын біріктіруде келелі жұмыстар атқарып отырғанына күнде куә болып жүрміз. Соның ішінде Қазақстан Басшысының идеясымен өмірге келген ғалымдардың Еуразиялық клубының жөні бөлек. Ал Еуразиялық медиа-форум мен Еуразиялық академиялық телевидение және радио ТМД елдерінің қайраткерлерімен кездесу ұйымдастыруды жақсы жолға қойғанын, сондай жылы жүздесудің Астанада өткенін де хабардар етті. Ғалымдарды қолдау мақсатында 2010 жылды ТМД бойынша Ғылым және инновация жылы деп жарияланғанын алға тартты. Нұрсұлтан Назарбаев бұдан кейін Еуразиялық білім кеңістігін құру жөнінде ойын ортаға салып, жоғары оқу орындарының ректорларына жүктелер міндеттің аз еместігін Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Черчилльдің: “...керек десеңіз, мектеп директоры премьер-министрдің түсіне кірмейтін осындай билікке ие болды” деген сөзін мысалға келтіріп, ауыр жүкті арқалаған азаматтар қашанда ел сенімінен шығады деген үмітін жеткізді. Тәуелсіздігімізді алғаннан бергі уақыт ішінде Елбасымыздың тікелей бастамасымен “Болашақ” халықаралық бағдарламасы қабылданып, мыңдаған жастардың алыс-жақын шетелдерде білімдерін жетілдіріп келіп жатқаны мәлім. Олар Отанымыздың ең белді де беделді мекемелерінде абыройлы жұмыс істеп жүр, деген Президент қазір Ресейде 422, Украинада 28 стипендианттың білім алып жүргенін, жалпы Ресейде 12 мың талапкердің мамандық жетілдіру үстінде екенін жеткізді. Біз жыл сайын Отанымыздағы жоғары оқу орындарында білім алу үшін Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Түркіменстаннан келетіндерге арнайы квота бөліп отырмыз – деді Мемлекет басшысы. Елбасы ТМД мемлекеттеріндегі іргелі оқу орындарынан еуразиялық кафедра ашу арқылы ғалымдар мен оқытушыларды, студенттерді біріктіре отырып ортақ іс атқаруға болатынын мемлекетаралық қарым-қатынасты нығайтуға да оның септігі тиетінін мұндай ғылыми ізденістер мен білім беруді бірлікте шешуге қол жеткізетінін назарға салды. Мұндай қадам Еуразия ұлттық университетінде жасалып жатса, құба-құп екенін де алға тартты. Ертеңгі күннің иесі саналатын жастарға ерекше көңіл бөлу қажеттігіне тоқталған Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жыл ТМД жастарының жылы болып жарияланғанын жеткізді. Кезінде жұрттың үлкен ілтипатына бөленген “Қарапайым адамдарға қарапайым он қадам” бастамасы бойынша атқарылған жұмыс адам капиталына деген көзқарастың алға басқандығын көрсетеді деді. Ол осындай ауқымды істерді тындыратын ғылым иелері мен университеттер қауымдастығының өкілдеріне үлкен сенім білдірді. Мен осы бастамаларымның көпшілігін алғаш рет биік мінбелерден емес, ғалымдардың, университеттердің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер алдында айтып жүрмін, деген Президент Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық идеяның жүзеге асуының бір көрінісі зиялы қауым өкілдерінің осындай басқосуы екенін атап өтті. Қазақстан Президентінің сарабдал саясатының арқасында өмірге келіп, орныққан еуразиялық кеңістіктің осы саладағы жұмысына ғалымдар жан-жақты тоқталып, болашақта өркен жая беретінін айтып, қауымдастықтың құрмет белгісін Нұрсұлтан Назарбаевқа салтанатты түрде тапсырды. Бұдан кейін Университеттердің еуразиялық ассоциациясының съезіне арнайы жолдаған Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің, өзге де ұйымдар мен мекемелердің, ғалымдардың құттықтаулары оқылды. Еуразиялық университеттер қауымдастығы 1992 жылы алғаш рет 25 жоғары оқу орнының басын біріктірсе, қазір бұл 98-ге жетіп отыр. Олардың қатарында Ресей, Әзірбайөжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Украина, Түркіменстан, Тәжікстан және тағы басқа елдердің оқу орындары бар. Қауымдастық президенті М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, Ресей Ғылым академиясының вице-президенті В.А.Садовничий. Қазақстан Президентінен кейін сөз алған қауымдастық президенті Виктор Садовничий Университеттердің еуразиялық ассоциациясының ХІ съезі Астанада өтіп отырғанына дән ризашылығын білдіре келіп, күн санап көркейген Астананың өркендеуі Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен тікелей байланысты екенін, осы съездің өзі Қазақстан Президентінің идеясының жүзеге асуының көрінісі екенін тілге тиек етті. Білім мен ғылым қай мемлекет үшін де ортақ екенін алға тартып, өзі басқарып отырған іргелі оқу орнының жетістіктеріне тоқталды. Алдағы уақытта университеттер арасында білім мазмұнын жетілдіру, оқу стандарттарын жасау, сапаны арттыру мәселелері бойынша бірлікте жұмыс істеу қажеттігін де назарға салды. Ол сонымен бірге Мәскеу мемлекеттік университетінің бөлімшелері ТМД елдерінде ашылғанын, солардың бірі елордадағы Еуразия ұлттық университетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жұмыс істеп жатқанын, қазір мұнда мың жарым студенттің оқитынын да алға тартты. Жаһандану дәуірінде нанотехнология, биотехнология, ғарышты игеру мәселелерінде бірлікте жұмыс жасау, ғылыми фестивальдар өткізу жөніндегі байламын айта келіп, күні кеше біздің отанымыздың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жасампаздық Жолдауы туралы да баяндады. Жолдау жолдарындағы жаһандық дағдарысты жеңу барысындағы жұмыстарға көңілі толатынын айта келіп, мұндай игілікті істер Қазақстанда әрқашан өз нәтижесін беріп келе жатқанын да атап өтті. Ал Ресейдің Халықтар достығы университетінің ректоры В.Филиппов оқу орындары арасындағы студенттер алмасу, профессор-оқытушылардың бірлікте ғылыми-тәжірибе жүргізу мәселелерін қозғаса, Баку мемлекеттік университетінің ректоры А.Магеррамов университеттік оқыту жайына көңіл бөлді. Съездің ресми бөлімінен кейін делегаттар секциялық жиындарында Еуразия кеңістігінде гуманитарлық ынтымақтастық және ортақ білім беру кеңістігін сақтау мен дамыту, посткеңестік мемлекеттердің жоғары білім беру жүйесін қайта құру жолында әлемдік тәжірибені игеру сияқты, тағы басқа мәселелер бойынша пікір алмасты. Қорытындысында М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайымов баспасөз өкілдерімен жүздесіп, атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттерден хабардар етті. Сонымен бірге, Университеттердің еуразиялық ассоциациясы халықаралық деңгейде кеңінен танылған “Университеттер және қоғам” конфедерациясының ұйымдастырушысы болып табылатынын, үстіміздегі жылдан бастап ассоциация “ХХІ ғасырдың еуразиялық университеттері” монографиясын шығаруды қолға алынғанын да атап өтті. Жиын соңында “Білім беру туралы. Еуразиялық кеңістік” монографиясының таныстырылымы болды. Авторы: Сүлеймен МӘМЕТ. |
Елбасы университеттердің Еуразиялық қауымдастығы съезіне қатысты
«Еуразиялық аймақтың мәдени-гуманитарлық дамуын бірнеше бағытта жүргізу керек. Біріншіден, инновацияларды енгізу мақсатында біз ғылыми қауымдастықтың әлеуетін жан-жақты дамытуға тиіспіз. Осыған орай, 2009 жыл ТМД елдері үшін «Ғылым мен инновациялар жылы» деп жарияланды. Екіншіден, ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы аясындағы өзара әріптестік қарым-қатынастарды нығайту қажет. Ал Жоғары технологиялар орталығы мен Жаңа технологиялардың Еуразиялық банкі ТМД аймағындағы барлық ғылыми институттар үшін ашық болуы шарт». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ашылған университеттердің Еуразиялық қауымдастығының XІ съезінде осылай деді.
Еске сала кетейік, жалпы еуразиялық ықпалдастық идеясы Қазақстан Президенті тарапынан осыдан 15 жыл бұрын, 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорларының алдында жарияланған болатын. Содан бергі уақытта бұл идея ТМД аумағында түрлі ықпалдастық ұйымдар арқылы көрініс беріп келеді. Университеттердің Еуразиялық қауымдастығы да осы бағыттағы нақтылы жұмыстардың бір нәтижесі деуге болады. Елбасы Астанада жиналған 80-ге жуық жоғары оқу орындары ректорларының осы съезінде еуразиялық кеңістіктегі ғылым мен білімді дамыту бағытындағы өз ойларын ортаға салды.
Бұл орайда, Мемлекет Басшысы бізге ғылыми-зерттеу жұмыстарының нақты бағыттарын анықтап, солардың ішінде ғарыш, энергетика саласына, нано және ақпараттық технологияларға ерекше басымдық беру қажеттігін атап көрсетті. Сондай-ақ Елбасы Еуразия ұлттық университеті аясында халықаралық білім беру бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін де алға тартты.
– Еуропада Эразмус мундус бағдарламасы бар. Соған сәйкес білім алып жүрген студенттер бір елден екінші елге емін-еркін өтіп, өз білімдерін ұштай алады. Біз осы бағдарламаның нұсқасын әзірлеп, Еуразиялық кеңістікке арналған бағдарлама жасай аламыз, – деген Н.Назарбаев оған Лев Гумилевтің атын беруді ұсынды. – Бүгінде ТМД елдеріндегі жетекші жоғары оқу орындарында Еуразиялық кафедраларды құрудың уақыты жетті. Оған қажетті көмекті Еуразия ұлттық университеті көрсете алады, – деді осы орайдағы ойын түйіндеген Елбасы.
Н.Назарбаев өз сөзінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық аясында жүріп жатқан үдерістерге де тоқталды. Елбасының пайымдауынша, ЕурАзЭҚ осы кеңістіктегі халықаралық ықпалдастық ұйымдардың ішіндегі ең перспективалысы болып табылады. Осы құрылымның аясында еркін сауда жүйесін құру бағытында тұщымды қадамдар жасалып, оған қатысушы елдердің өзара тауар айналымы 3,5 есеге ұлғайды. Ықпалдастыққа қаржылық тіреу болатын институт – Еуразиялық даму банкі құрылып, ол Қазақстан, Ресей, Беларусь және Тәжікстанда бірқатар жобаларды қаржыландыруға кірісті. Қоғамдастық аясында сондай-ақ кеден одағын құру ісі де қисынды мәресіне таяп қалды.
Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ
http://www.inform.kz
10.03.2009 / 08:28
Президент РК призывает страны постсоветского пространства к экономической интеграции
АСТАНА. 10 марта. КАЗИНФОРМ /Айгуль Тулекбаева/ - В долгосрочной перспективе Евразийской интеграции альтернативы нет, заявил Президент РК Нурсултан Назарбаев, выступая сегодня на съезде Евразийской ассоциации университетов в Астане,
|
Наука без границ XI Съезд Евразийской ассоциации университетов состоялся вчера в ЕНУ имени Л. Гумилева с участием Главы государства Нурсултана Назарбаева. На форум в Астану прибыли делегаты из Азербайджана, Армении, Беларуси, Кыргызстана, России и многих других стран. Состоявшиеся дискуссии в очередной раз подтвердили актуальность идеи евразийства, которая сегодня уже материализуется в различных направлениях межгосударственной интеграции: политике, экономике, культуре, сферах науки и образования.
Владимир КУРЯТОВ |
|
Живут идеи евразийства |
|
№ 286 (16672) от 11.03.2009
|
|
Вчера в Астане состоялся XI съезд Евразийской ассоциации университетов, объединяющей без малого сотню высших учебных заведений на постсоветском пространстве. Для ассоциации нынешний год - юбилейный (она была образована ровно 20 лет назад), но весьма символично еще и то, что именно эта встреча проходила в столице Казахстана, причем накануне 15-летия инициативы о создании Евразийского союза, выдвинутой президентом Нурсултаном Назарбаевым во время его выступления в МГУ имени М. Ломоносова в марте 1994 года. Предложенная им тогда концепция на тот момент, по всей видимости, опережала время, но сейчас ее правильность очевидна.
Одна на всех – мы за ценой не постоим
|
http://www.vastana.kz/articles/detail.php?ELEMENT_ID=6607
Высшая школа евразийства
12.03.2009 Около сотни руководителей крупнейших вузов стран СНГ объединил XI Съезд Евразийской ассоциации университетов, состоявшийся в Астане. Работу съезда открыл Президент страны Нурсултан Назарбаев Встреча ведущих ученых умов постсоветского пространства прошла в канун 15-летия Евразийского союза. Впервые идею его создания озвучил Президент Казахстана в марте 1994 года в своем выступлении перед аудиторией Московского государственного университета. Правильность предложенной тогда концепции, основывающейся на равноправной интеграции и совместном политико-экономическом развитии стран СНГ, доказана сегодня. Евразийская ассоциация университетов, объединяя 98 университетов Азербайджана, Армении, Беларуси, Грузии, Казахстана, Кыргызстана, Латвии, Молдовы, России, Таджикистана, Туркмении, Узбекистана и Украины, помогает совместно решать вопросы развития в высшем образовании.
- Наша страна уделяет большое внимание подготовке специалистов высокой квалификации. Только в рамках программы «Болашак» мы ежегодно отправляем примерно 3,5 тысячи студентов в ведущие учебные заведения мира, - отметил Глава государства Нурсултан Назарбаев, выступая перед участниками встречи.
По его мнению, отправной точкой для такого сотрудничества должна стать именно идея евразийства. В подтверждение своих слов Президент Казахстана предложил создать аналог европейской программы, направленной на развитие сотрудничества в сфере высшего образования и свободное передвижение студентов и аспирантов. Методическую помощь может оказать Евразийский национальный университет им. Л.Гумилева. За несколько часов эффективной работы делегаты съезда предложили немало интересных инициатив. Одна из них - учреждение медали за вклад в развитие евразийства. Первым эту награду получил Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев.
Юлия ПОЛОНСКАЯ
Сегодня в Астане - съезд Евразийской ассоциации университетов
Общество, Радио Азаттык
10 марта 2009
Сегодня, 10 марта, в Астане пройдет очередной 11-й съезд Евразийской ассоциации университетов, посвященный 15-летию идеи евразийского союза. Заседания съезда будут проходить в Евразийском национальном университете имени Льва Гумилева. На заседаниях съезда предполагается обсудить вопросы развития высшего образования в рамках единого евразийского пространства в контексте евразийской идеи. Евразийская ассоциация университетов - неправительственная организация, инициатором создания которой выступил Московский государственный университет имени Ломоносова. В настоящее время она объединяет 98 университетов Азербайджана, Армении, Беларуси, Грузии, Казахстана, Кыргызстана, Латвии, Молдовы, России, Таджикистана, Узбекистана и Украины. Ассоциация занимается вопросами обмена мнениями, координации и организации совместной работы университетов в области совершенствования учебно-методической, научно-исследовательской, культурно-просветительской и общественной деятельности.
http://mirtv.ru/content/view/57032/
В Астане состоялся XI съезд Евразийской ассоциации университетов 11.03.2009 18:58
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев в очередной раз заявил о необходимости создания новой мировой финансовой системы. Подробности - в репортаже нашего корреспондента Натальи Хабаровой.
Глава Казахстана Нурсултан Назарбаев уверен, что на данный момент ЕврАзЭС, членами которого являются Беларусь, Казахстан, Кыргызстан, Россия и Таджикистан, - один из самых перспективных региональных союзов, и альтернативы евразийской интеграции в ближайшее время не существует. Об этом он сказал на форуме в Астане: Назарбаев подчеркнул, что интеграция - слишком важное дело, чтобы доверять ее только политикам, поэтому важное значение приобретает третье культурно-гуманитарное измерение евразийской интеграции. «Сегодня ничто так не объединяет наши страны, как необходимость усиленного развития человеческого капитала. Евразийское пространство – уникальное явление на карте мира. Наши народы скреплены общей историей, традициями совместного бытия, единым культурным наследием и общими человеческими судьбами», - сказал Нурсултан Назарбаев. Президент Казахстана вновь подчеркнул необходимость создания единой мировой валюты под эгидой ООН. Он отметил, что только сообща можно обеспечить устойчивое экономическое развитие стран ЕврАзЭС и призвал научную и культурную общественность к дальнейшему сотрудничеству для продуктивного развития Евразийского региона: Последствия экономического кризиса, сказал Назарбаев, ломают многие иллюзии, становится очевидным, что в нынешней ситуации помощи со стороны ждать не следует. «Вчерашние доноры и те, кто нас учил жить, и как строить государство и политику, сегодня вынуждены решать свои собственные более масштабные проблемы, чем у нас», - заявил Назарбаев. По словам Назарбаева, Казахстан открыт для дальнейшего сотрудничества с мировым научным сообществом. Республика готова финансировать участие казахстанских ученых в различных проектах, проводимых в странах СНГ. Участники съезда в Астане учредили специальную награду за вклад в развитие евразийского сотрудничества. Первую медаль было решено вручить президенту Казахстана Нурсултану Назарбаеву.
«О гармонизации национальных законодательств». «Юридическая газета» № 47 от 01.04.2009 г.
«Состоялся XI Съезд». «Юридическая газета» № 47 от 01.04.2009 г.