Тарихы


   
Қала туралы ақпарат

Бүгінде Астана – болашақтың каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы болып табылатын жас қала, баршамыздың арман қаламыз. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тэуелсіздігіміздің ордасы. Астана қаласы Еуразияның дәл ортасында орналасқан: бір жағынан – еуропалық жетістік, екінші жағынан – шығыс дәстүрі үйлесімін тапқан.

Шыңдары көкті тіреген асқақ Алатау баурайынан Ұлы даланың кіндігіне көшіріліп, ерке Есілдің жағасынды бой түзеген әсем Астана-жаңа ғасыр ғажабынан жаралған жас қала. Жер шарының картасынан Астана атауы да өз орнын алды. Тарихымен табиғаты, сәулетімен бүкіл  тіршілігі дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің  жыр-гүлі жас қала Астана күн сайын енсесі биіктеген қалаға айналуы  өзімізді сүйсіндіріп , әлем жұртын көркімен тамсандырды.

Бүгінде бүкіл әлем сұлулығына тамсанып, болашақтың қаласы деп көз тігіп отыр. Жас,  гүлденген астанамыздың  әсем де көрікті жерлерімен танысыңыздар. Олардың қатарында Қазақстанның бетке ұстары – Тәуелсіздік сарайының алдындағы алаңдағы ұшар басында аңыздағы «Самұрық» құсының қол мүсіні бейнеленген «Қазақ Елi» монументі, Астананың сәулет жарасымдылығында жаңа көрнекті орын – Тәуелсіздік Сарайы, «Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нышаны, оның келбеті, Қазақстан үшін сейіл құру өндірісінің  тағы бір  жаңа үлгісі – «Думан» ойын –сауық орталығы бар.

Жас қазақстандық астананың сәулет кешендері арасында атақты еуразияшыл ғалым, түркологтың есімі берілген білім ордасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті де айрықша орынға ие. Университет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен  құрылған. Бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ өз білім алушыларына Қазақстан мен Астананың мәдени, қоғамдық және саяси өміріне белсенді араласуларына зор мүмкіндік ұсынады. Елорда тынысын Еуразия ұлттық университетімен бірге тамашалайық!

   
   
   
Мәдени іс-шаралар
         

10 тамыз

           

Абайдың туған күніне арналған шығармашылық кеші


                   

Басталуы: 12:00             
Байланыс: Еmail: astanatoastmasters@gmail.com
http://vk.com/astanatoastmast 
https://www.facebook.com/AstanaToastmastersClub
https://twitter.com/astanatoastmast             
Өтетін орны: ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы Мәжіліс залы, 2 қабат

                   
                   

Қосымша ақпарат:            
Абайдың туған күніне арналған шығармашылық кешке шақырамыз. Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, ғұлама ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына тамыздың 10 жұлдызында 168 жыл толуына байланысты Астана Тоустмастерлер Клубының ұйымдастыруымен шығармашылық кеш өтеді. Біз Сіздерді ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқуға, құлақтан кіріп бойды алар әсем әндерін шырқауға шақырамыз. Абайдың өмір жолы, шығармашылығы, қазіргі жастардың ақын туындыларына қызығушылығы туралы жобаларыңызды ұсына аласыздар. Егер ақындық қабілетіңіз болса, шығармашылық кешті өзіңіздің өлең шумақтарыңызбен әрлендіре аласыз. Сіздерді бүкіл қазақтың қамын ойлап, жарыққа жетелеген данышпан Абай Құнанбаевтың асыл мұрасын дәріптеуге шақырамыз. Кештің соңында дәстүрлі ақ дастархан жайылады, белсенділік танытқан қатысушылар құнды сыйлықтармен марапатталады.                     

                     

27 тамыз - 2 қыркүйек аралығында «АЛЖИР» мұражайында «Тәуелсіздік кепілі» дәріс сабағы болады.

27-31 тамыз аралығында «АЛЖИР» мұражайында «Ата Заңы Алаштың» Конституция күніне арналған Дәріс сабағы.

30 тамыз «Қазақстан» орталық концерт залында Конституция күніне арналған салтанатты концерт.

30 тамыз 20:00- де Орталық алаңда Конституция күніне арналған жастар дискатекасы.

30 тамыз Бейбітшілік және келісім сарайында Конституция күніне арналған «Конституция қоғам мен мемлекеттік әлеуметтік жетілдірудің негізі» атты халықаралық ғылыми практикалық конференция.

1 қыркүйек Сәкен Сейфуллин мұражайында «Оқу білім бұлағы-өмір шырағы» атты Білім күніне арналған ашық сабақ.

2 қыркүйек Конгресс-холлда Үрмелі аспаптар оркестрінің концерті.   

               
Тарихы

Astana though my eyes
New Zealand is my country. I am a very proud New Zealander, but Astana, Kazakhstan is now my home. On 22 September 2005 I flew over Kazakhstan.

Казахстан моими глазами

За недолгое время проживания в Казахстане я познакомилась с удивительной и самобытной культурой гостеприимного казахского народа.  

Казахстан - универсальный мост между Востоком и Западом
Для меня, как для гражданки Азербайджана, Казахстан является братской и дружественной страной. Политические отношения между Казахстаном и Азербайджаном находятся на достаточно высоком уровне.




Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 05.12.2019 / 07:12 ): www.enu.kz/astana-life/index.php?print=Y