Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


21.04.2014

Академик Мырзатай Серғалиевтің «Тілім менің - тінім менің» кітабының тұсауы кесілді

Ғалымның хаты өлмейді! Еуразия Ұлттық университетінде академик Мырзатай Серғалиевтің «Тілім менің - тінім менің» атты кітабының тұсауы кесілді.

Көзі тірісінде жиған-терген зерттеулерінде қазақ тіл білімінің ең өзекті мәселелері қамтылған. Көбіне терминология, тіл мәдениеті мен мемлекеттік тіл жайлы.

Бір мың дана болып басылған туынды барлық мемлекеттік баспалар мен мемлекетті тілді оқыту орталықтарына таратылды.

Ғалымның өмірден озғанына биыл үш жыл толды. Алайда, артына құнды мұра қалдырды,-дейді әріптестері.

Қазір Еуразия ұлттық университетінде Серғалиев атында дәрісхана бар. Жылда оның туған күніне орай, Серғалиев сабақтары жүргізіліп отырады.

Қарлығаш Сәрекенова, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі:
- Бұның өзі көріп отырған ең өзекті мәселелер: терминология мен тіл мәселелері. Журналистердің тілі қалай болу керек? Ауызша, жазбаша сөйлеу тілдері қалай болу керек? Сол мәселелердің барлығы қарастырылған. Ахмет Байтұрсыновтан бастап, кім не айтты? Қандай мәселелері бар? Соның барлығын қарастырған. 


Источник:  http://www.khabar.kz/kz/view/news_culture/page_66657_akademik-myrzatai-serhalievtin-#page

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 19.11.2019 / 14:28 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/28101/index.php?print=Y