Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


03.06.2014

Серік Қожаниязов – Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі

АСТАНА. 4 мамыр. Мемлекет басшысының Өкімімен Серік Салауатұлы Қожаниязов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары бола жүріп атқарады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылордада туған, Кузбасс политехникалық институтын инженер-механик және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда жөндеу-механикалық зауытында инженер-технолог болып бастаған. 2001-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімдігі аппаратында индустриалды даму бөлімінің меңгерушісі, 2005-2007 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, 2007-2008 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, 2008-2012 жылдары Үкімет кеңсесінде бас маман, ұйымдастыру жұмыстары және аймақтық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды. 2012 жылдан Үкімет кеңсесінде аймақтық даму бөлімін басқарып келді.

Ал Мемлекет басшысының Өкімімен Рзақұл Сәденұлы Нұртаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды.

Жолдыбай Базар.

Дереккөз: «ҚазАқпарат».


Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 19.11.2019 / 13:16 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/29171/index.php?print=Y