Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


02.07.2014

Журналистер қауымы бильярдтан сайысқа түсті

Маусым айының соңғы аптасы БАҚ-тың кәсіби төл мерекесі. Осыған орай, қолдарына тастаяқ ұстаған аға буын бүгін бильярдтан сайысқа түсті.

Белгілі қоғам қайраткері, ғалым әрі журналистиканың түп қазығын ұстаған Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған дәстүрлі турнирге бүгін оңтүстік астанадан да бір топ жорналшы қауым арнайы келіпті.

Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен өткен шарада топ-топқа бөлінген сайыскерлер өзара мықтыны анықтауға талпынды. Оқ бойы озық шыққандар арасында бас жүлде Нұртілеу Иманғалиұлына бұйырса, екінші орын Намазалы Омаш, келесі сатыға Қажығали Мұханбетқали жайғасты.

Ал, жастар жағынан бәйге төбеге Мақсұт Қабышұлы жетсе, Жанарбек Әшімжан екінші орынды місе тұтты. Үздік үштікті Тұрмағамбет Кенжебай түйіндеді.    


Источник:  http://www.khabar.kz/kz/view/news_sport/page_87165_zhurnalister-kauymy-bilyardtan-saiyska-tysti#page

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 29.03.2020 / 00:13 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/29979/index.php?print=Y