Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


07.08.2014

Қазақстан IT- білім беру тәжірибесін пайдаланатын болады

Бельгия мен Голландияның жетекші университетерінің өкілдері Қазақстан мен Еуропадағы инновациялық білім беру үдерісін дамытуға өзара қызығушылық танытты. Еліміздің оқытушылары Еуропалық Одақта өткен тәлімгерлік кезінде сондағы оқу орындарының өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізді. Әріптестер бірлескен жобаларды жүзеге асырып, білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту жайлы келісті. Сапар барысында оқытушылар Жоғарғы политехникалық мектепте, Эйндховен технологиялық университетінде болған жаттығу дәрістеріне қатысып, жаңа ақпараттық технологиялар саласындағы бельгиялық кәсіпорындар федерациясы мен еуропалық телекоммуникациялық компанияларында кездесулер өткізді. Бағдарламаны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сапар - Қазақстан мен ЕуроОдақ арасында IT-білім беру саласындағы екі жаққа тиімді ынтымақтастықты орнату жолындағы алғашқы қадам.

Жамалбек ТҮСІПОВ, Л. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Қазіргі жастар, мына студенттерімізді қазір үйретуіміз керек. Тек қана жаңалық ашпай оны іске асыру. Сол жағынан көп ақпарат алдық. Олардың файлдарын алдық, қазір университетке барып осы 10 адам әркім өз кафедрасында студенттерді жинап, мастер клас өткізіп сөйтіп түсіндіріп, осы шетелдегі ғалымдармен байланыс жасатып, соны бақылап отырамыз ба деп отырмыз.


Источник:  http://kazakh-tv.kz/kz/view/news_kazakhstan/page_65011_kazakstan-it-bilim-beru-tazhiribesin-paidalanatyn-bola

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 02.04.2020 / 16:18 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/30444/index.php?print=Y