Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


09.10.2014

Астанада ХІ Еуразиялық ғылыми форум өтеді

2014 жылғы 10 қазан күні сағат 10.00 де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақ мемлекеті және Еуразия кеңістігі: тарихы мен қазіргі кезең" атты ХІ Еуразиялық ғылыми форум өтеді.
Форум жұмысына танымал ғалымдар, атақты мемлекеттік және саяси қайраткерлер, қоғамдық ұйымдар, білім беру, ғылыми-зерттеу, мәдени орталықтары мен ұйымдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Еуразиялық ғылыми форумды ұйымдастыру комитетінің мәлімдеуінше, жаһанда болып жатқан қауіп-қатерлерді ескере келе, қатысушылар баяндамаларының көбінде зерттеу әдістеріне, ғылыми объективтілік әдісіне және ғалымдардың этикасына баса назар аудармақ. Еуразия аймағының ғалымдары қауымдастығы Қазақстан мен Еуразия халықтарының мемлекеті мен мәдениетінің ерте кезеңдегі тарихын жаңғырту және олардың мәдени-өрекениеттік кеңістіктегі орнын айқындау, сондай-ақ қазіргі этносаяси, геополитикалық, әлеуметтік-мәдени ахуалды саралау мақсатында өздерінің сараптамалық еңбектерін және қолданыстық зерттеулерін ұсынбақ. e-history.kz/kz/publications/view/764


Источник:  http://baq.kz/kk/blog/article/6940

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 28.03.2020 / 23:48 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/31566/index.php?print=Y