Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


05.12.2014

Олжас Сүлейменов – елордалық ЖОО профессоры

1989 жылы «Невада – Семей» халық қозғалысын құруға бастамашы болған, ЮНЕСКО-дағы (Париж) Қазақстанның өкілі, дипломат, қоғам қайраткерінің студенттер ортасына келіп, ЖОО профессоры атануы жастар үшін тағылымы зор оқиға болғаны сөзсіз. ЮНЕСКО кафедрасын құру идеясының авторы, кафедра жетекшісі Ғаділбек Шалахметовтің пікірінше, Олжас Сүлейменовтің университетке келуі жоғары оқу орнының деңгейін анықтап берді.

Олжас Сүлейменовтің дәрісін тыңдауға келгендердің қарасы мол болды. Олар ақынның әр сөзін ықылас қоя тыңдады. Олжас ақынның әкесі Омархан Сүлейменұлы қазақ кавалерия полкінің офицері болған. Бірақ әкесі қызмет еткен кавалерия полкі 1936 жылы таратылады, себебі зиялы қауым өкілдерін репрессиялау басталған еді. Дүниеге келгеніне әлі бір ай да толмаған сәби бір әулеттен жалғыз өзі ғана тірі қалады. Лев Гумилёв кейіннен оның әкесімен лагерде бірге отырғанын айтқаны белгілі.

Олжас Сүлейменовпен өткен кездесу монолог емес, әңгіме түрінде өрбіді. Геосаясат, мәдениет, өмір сабақтары, кітап оқуға құмарлық тәрізді жастарды толғандырған сауалдарға жауап іздесті. Дәріс оқудан басқа, Олжас ақын студенттерді арнайы сайттың көмегімен өмірге дайындауды жоспарлап отыр. «Оларға сөздің тарихын, тілдердің тарихын үйрету керек, демек, олар мәдениет тарихын, адам ойының тарихын ұғынуы тиіс. Адам қалай адам болды?» дейді ол.


Источник:  http://aynaline.kz/archives/4051

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 19.11.2019 / 13:16 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/33083/index.php?print=Y