Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


04.03.2015

Азаматтар ұстанымы биік ұстаздарды құттықтады

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көктем гүліндей құлпырған ұстаз аруларды Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ерлер қауымы құттықтады. Университет ректоры Ерлан Бәтташұлының ыстық ықыласына бөленгендер арнайы алғыс хатпен марапатталды. Шәкірт жүрегіне жол таба білген мұндағы ұстанымы биік ұстаздар білім мен тәрбиені егіз ұғымға балайды. Мерекелік кеш соңы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің концертіне ұласты. ҚР Еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай көктем әуендерін нәзік жандылардың құрметіне шырқады. Болат Көмеков, ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры -Әрбір салада, біздің жетістігімізде әйелдердің орны ерекше. Бұл ғылым болсын, білім болсын, техникалық сала болсын әрбір жерде әйелдерсіз жұмыс жасай алмаймыз.


Источник:  http://khabar.kz/kz/zha-aly-tar-50/o-am/item/15725-erler-kauymy-ustanymy-biik-ustazdardy-kuttyktady

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 02.04.2020 / 15:04 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/34872/index.php?print=Y