Дайджесттер

17.03.2015

Шыңғыс ханның шапағаты

Жұмбағы мол кәрі тарихтың қатпар-қатпар қыртыстарына сарабдалдықпен тереңдеу, мың құбылған замана суреттері мен шытырман қайшылықтарына салиқалылықпен ден қою, бағзыдағы бабалар дүниетанымына, әдет-ғұрпына, шаруа-кәсібіне, озық тәжірибесіне, көзқарасына, сана-зердесіне ой көзімен үңілу көкейкесті мәселе. Бұл орайда айдай әлем тарихында билік Олимпіндегі, ғарыш кеңістігіндегі Құс жолындай даңғайыр да даңқты, жаһандық билікке барысша ұмтылған Шыңғыс хан (1162-1227 жж.) тұлғасына және ол іргетасын қалаған империяның геосаясаты мен геостратегиясына, Алтын Орда тарихына, мемлекеттік басқару жүйесі мен тәртібіне, әскери-құқықтық, елшілдік, мемлекетшілдік істеріне, шығыстық өркениеттің даму жолдарына, дипломатиялық, діни, саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, сауда-саттық қатынастарына жан-жақты барлау жасау абзалдық болар еді. Шыңғыс хан «түркі қауымын бі­рік­тіріп, даңқын шығаруға теңдесі жоқ көп күш жұмсаған ең ұлы адам. Ол – бүкіл Азия құрлығы мен Шығыс Еуропаны бағындырып, әлемдегі мықты түркі империясын құруға талпынған бірден-бір патша… Шыңғыс хан алғыр, ақылды, шешімді, саясатшыл ұйымдастырушы еді.» («Шора» журналы, 1909 жыл. №4-5.) Расында, Шыңғыс хан адамзат тарихындағы Перикл (б.д.д. 490-429 жж.), Александр Македонский (б.д.д. 356-323 жж.), Ашока (б.д.д. 268-231 жж.), Ұлы Карл (768-814жж.), Акбар (1452-1605 жж.) сияқты империяның билік тізгінін ұстаған құдіретті тұлға. 1187 жылы Темучин ұлы жеңіске же­тіп, Шыңғыс хан атағын алды, бі­ре­гей билеуші атанды. Біртуар дарабоз ол соншалықты қырағы, милы, же­­ңімпаз және «халыққа қиянаты да, салмағы да жоқ» баһадүр еді. (Марко Поло. Путешествие. Ленинград, «Ху­дожественная литература», 1940. С.58)


Источник:  http://egemen.kz/2015/03/13/52709

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 26.11.2015 / 15:25 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/35090/index.php?print=Y