Дайджесттер

05.06.2015

Астанада саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу шарасы өтті

Қазақстанда 31 мамыр күні Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.

Қуғын-сүргін кезінде Қазақстанға 1,5 миллион адам жер аударылды. Сонымен қатар, 103 мыңнан артық адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді, соның ішінде Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мағжан Жұмабаев, Санжар Асфендияров, Ораз Жандосов, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сұлтанбек Қожанов сынды қазақтың белгілі мәдениет және қоғам қайраткерлері болды.

1937 жылы қуғын-сүргін басталғаннан бері Қазақстанда 953 лагерь жұмыс істеді, олардың қатарында АЛЖИР, сондай-ақ, Лев Гумилев, Анатолий Марченко, Мария Капнист, Анна Тимирёва, Александр Чижевский, Уар (Пётр Шмарин), Герман (Вейнберг), Юрий Грунин, генетик В. П. Эфроимсон, Давид Выгодский, Владимир Михайлов секілді тұлғалар тұтқында болған Қарлаг лагерлері болды.


Источник:  http://astana.gov.kz/kk/modules/material/8245

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 11.04.2016 / 23:34 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/36875/index.php?print=Y