Дайджесттер

15.06.2015

Оқу ордасы озып тұр

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2015 жылғы мамандарды даярлау деңгейі мен бағыты бойынша Қазақстан жоғары оқу орындары ішінде алдыңғы саптан көрініп келеді.

Аталған университет бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары мен жалпы жүлделі орындар саны бойынша бірінші орын алады.

Бұл саралау Қазақстан Республикасының Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг Агенттігімен жүргізілген. Агенттіктің хабарлауы бойынша бағалау әрқайсысының 25% салмағы бар 4 индикатор, атап айтсақ, «Дарынды студенттер, мұғалімдер мен зерттеушілердің жоғары шоғырлануы», «Академиялық мобильділік», «Түлектердің бәсекеге қабілеттілігі» және «Мұғалімдер, магистранттар мен докторанттардың мамандық бойынша ғылыми мақалалардың бәсекеге қабілеттілігі» көрсеткіштеріне сәйкес өткізілген.

Осы ретте бұл білім ордасы көптеген жылдар бойы Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг Агенттігі көрсеткішінде алғашқы көшбасшы үштікке кіреді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдары 2014 жылы Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг Агенттігі жүргізген қорытынды бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары рейтингінің озық отыздығының тізіміне енді.

Ал тізімді академик, профессор, «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының меңгерушісі, ЕҰУ жанындағы Еуразиялық халықаралық теориялық физика орталығының директоры Рәтбай Мырзақұлов бастап тұр. Рейтинг бойынша белгілі ғалым ең жоғары балға ие болды және басқалармен салыстырғанда көп айырмашылықпен топтан озды.


Источник:  http://adiletgazeti.kz/24-bilim/262-o-u-ordasy-ozyp-t-r

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 17.10.2016 / 17:19 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/37184/index.php?print=Y