Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


10.07.2015

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі – 2015

Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі сегізінші рет бүгінгі мақа¬лада ұсынылып отырған жыл сайынғы елі¬міздің үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингін жасады. БСҚА ЖОО ұлттық рейтингі қазақстандық ЖОО-ның әр алуандығын ескереді, оқу орындары келесі бағыттар бо-йынша ұсынылған: көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық, педагогикалық және өнер. Мұндай жіктеуді біз бір-біріне ұқсас ЖОО-ны салыстыру мен ранжирлеу үшін өзіміз енгізген болатынбыз, өйткені алманы апельсинмен емес, алманы алмамен салыстыру керек.
Агенттік рейтингінің негізгі әдіснамасы 2008 жылы құрастырылған, сол кездің өзінде-ақ әдіснаманың негізіне 2006 жылы Берлинде сарапшылармен қабылданған ранжирлеудің Берлиндік принциптері алынған болатын. Сонымен қатар, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Польша, Қытай және т.б. сияқты рейтингті әзірлеу мен жариялауда мол тәжірибесі бар мемлекеттердің жоғары оқу орындарына рейтинг жүргізу әдістері ескерілді. Кейінірек әдіснамаға аздап өзгерістер енгізілді, яғни, рейтингті есептеуде жүргізілетін индикаторлар саны азайтылды, сонымен қатар, кейбір индикаторлардың критерийлері үшін баллдық (пайыздық) үлесін тағайындау өзгертілді.
Қазіргі таңда ЖОО рейтингі барлық мемлекеттерде білім беру сапасын арттыру құралдарының бірі болып табылады, бұл – сапаның берік позициясын иеленген жоғары оқу орындарының сапасын салыстыруда танымал механизм. Оның үстіне, рейтингті анықтауда ғылыми негізделген және нақты нәтижелерді алуға мүмкіндік беретін, тексерілген әдіснама мен әдістемені қолдану маңызды. Рейтингтердің ықпал етуі бір мемлекеттен бір мемлекеттікі, бір білім беру ұйымынан басқасыныкі ерекшеленеді, бірақ сол ықпал етуден тыс қалғандар аз.


Источник:  http://www.bsh1.kz/news/1438570220.html

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 19.11.2019 / 13:16 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/37941/index.php?print=Y