Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


26.10.2015

«Нұр» филиалы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Қазақ хандығының 550 жылдығына орай сурет көрмесін өткізді

«Нұр Отан» партиясы Астана қаласындағы «Нұр» филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында «Қазақ хандығының 550 – жылдығына» орай сурет көрмесі өтті.

Аталмыш шараға «Юрист» бастауыш партия ұйымының Төрағасы Сәуле Көшкенқызы, ҚР суретшiлер академиясының академигi, профессор, ҚР суретшiлер одағының мүшесi, ҚР дизайнерлер одағының мүшесi- Тілеужан Батанов, «Нұр Отан» партиясы «Нұр» филиалының консультанты Мұхамеджан Болысбек және белсенді жастар қатысты.

Көрме ұлтымыздың сан ғасырлық тарихын насихаттап ғана қоймай, өзінің көрермендеріне рухани азық беріп, үлкен әсер қалдырды. Көрмеге қойылған әрбір картина ұлт тарихына деген сүйіспеншілік мен патриоттық сезімге толы болды.

Іс-шараға ұсынылған суреттердің авторлары Л.Н. Гумилев атындағыи Еуразия ұлттық университетінің «Сәулет және Құрылыс» факультетінің талантты студент жастары. Солардың бірі, Сәулет және Құрылыс факультетінің дизайн мамандығының 3-курс студенті, Боранбаева Мөлдір Қырымқызы өз туындыларының негізгі идеясымен бөлісті. Автордың «Сырлы табиғат», «Жар үстіндегі көрініс», «Күннің батуы», «Каспий толқыны», «Таңғажайып Бурабай» атты картиналары көрменің көркіне айналды.

Көрмені көруге келген қонақтар және жастар өз ризашылығын білдіріп, кереметтей туындыларға алғыстарын айтты.


Источник:  http://nurotan.kz/en/node/12754

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 19.11.2019 / 14:01 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/39297/index.php?print=Y