Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
ЕҰУ мен Кембридж университеті арасында ортақ меморандумға қол қойылды
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Кембридж университетінің әйгілі Кавендиш Кавендиш зертханасы арасында, кванттық материалдар орталығын құру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Маңызды құжат еліміздің ғылыми әлеуетін арттырып, екі ел ғалымдарының физика саласында бірлескен ғылыми жобалар жасауына, сонымен қатар жаңа стратегиялық бағытты анықтауға да септігін тигізеді. Кембридж университетінің физика департаментіне қарасты Кавендиш зертханасының негізі 140 жыл бұрын қаланған. Бұл орталық студенттер тек оқу оқып қана қоймай, зерттеулер де жүргізе алатын әлемдегі ең озық білім ордасы саналады. 29 түлегі бүгінде Нобель сыйлығының иегері атанған. Әр жылдары зертхананың ғылыми-зерттеу салалары ретінде көгілдір отындағы электрлік разряд, атом құрылымы, рентгендік құрылым талдауы, молекулярлық биология, радиоастрономия қарастырылды. Мұнда электрон мен нейтрон, атом ядроларының жасанды ажырауы сияқты ғылыми жаңалықтар ашылып, тіпті ДНК құрылымы анықталған. Міне енді Еуразия университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері де осы зертханамен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алып отыр.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/151036-kembridzh-universiteti-orta-memorandum-a-ol-ojdy