Еуразия ақпарат

Жұмағұлов Кенже ҚаҚатайұлы
директор


010008 Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5, оқу-әкімшілік ғимарат, каб. 337

+7 (7172) 709485

ішкі. 31327


Орталық туралы

«Еуразия ақпарат» оқу-ақпараттық орталығы - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Орталықтың құрамына келесі бөлімдер кіреді:

«Еуразия университеті» газеті

Айына екі рет 12 бетпен шығады. Университет тіршілігіне байланысты барлық жаңалықтар мен оқиғалар, ғылыми жетістіктер мен ғалымдарымыз және студент - жастар мәселелері толық қамтылып жазылады. Редакция журналистері республикалық БАҚ-тарда университетіміз жайлы көлемді мақалалар ұйымдастырады.

Телерадио орталығы

«Еуразия – ТВ» телеарнасы
«Еуразия FM» радиосы

«Еуразия -ақпарат» орталығына қарасты телерадио орталығында Журналистика және саясаттану факультетінің 1- 4 курс студенттері телерадио саласы бойынша өндірістік тәжірибе пәндерін өткізеді.

Университетте өтетін барлық халықаралық, республикалық ғылыми конференциялар мен семинарлар, шетелдік және елімізге белгілі ғалымдардың лекциялары толық жазылады, мұрағатта сақталады. Университеттегі белгілі ғалымдарымыз жайлы, ғылыми орталықтар мен жаңа инновациялық жобалар жайлы деректі бейнефильмдер мен бейнероликтер түсіреді. Республикалық БАҚ пен электронды ақпарат құралдарына мақалалар мен видеодәрістер мен жарнамалық, үгіт- насихаттық бағытта материалдар ұйымдастырылады.

2011 жылдың 2 желтоқсанынан бастап ЕҰУ-дың Еуразия ФМ радиосы өз жұмысын бастап кеткендігін және аптасына 2 рет өз тыңдармандарын университет қабырғасындағы жаңалықтар және студенттік өмір қызықтарымен эфирге шығатынын хабарлаймыз!

Эфирге әр бейсенбі сайын жастар блогы, ал жұма күндері жаңалықтар блогы шығатын болады.

Жастар блогы студенттер қауымын университеттің мәдени іс-шаралары мен қоғамдық өмірінен хабардар ете отырып, студенттер белсенділігін арттыру мақсатында жұмыс істейді. Ал жаңалықтар блогы барлық оқытушылар мен студенттерді университеттің тыныс-тіршілігінен жедел хабардар етуші радио толқыны. 



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 19.09.2019 / 21:45 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/eurasiya-akparat/index.php?print=Y