Ғылыми-әдістемелік кеңес

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми-әдiстемелiк кеңесі оқу барысын жетiлдiру және университеттегi мамандарды даярлау сапасын жоғарылату бойынша ғылыми, оқу және әдiстемелiк жұмысын үйлестіріп, үнемi басқарып, мәселелердi кеңесiп шешетiн орган болып табылады.

Міндеттері

Ғылыми-әдiстемелiк кеңесітің негізгі міндеттері: кафедра және факультет жұмысын талдау; оқу процесiн ұйымдастырудағы кемшiлiктерді анықтау және оларды жою үшiн ұсыныстар әзiрлеу; бiлiм беру процесін әдебиетпен және әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етумен қатар барлауды жүзеге асыру; оқытушы-профессорлар құрамының қолжазбаларына пiкiр беру және олардың жарыққа шығуын әзiрлеу; магистратура және докторантураның бiлiм беру бағдарламаларының қазiргi жағдайы және сапасы.

ҒӘК мәжiлiстерiндегi шешiмдер көпшіліктің дауыс беруі арқылы ашық түрде қабылданады және төрағамен немесе оның орынбасары және кеңестiң хатшыларымен қол қойған және хатшыда сақталатын хаттамалармен жұзеге асырылады.
ҒӘК оқу жылында ҒӘК-тiң бiрiншi мәжiлiсiнде бекітiлетін және түзетілетін жағдайда да оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс iстейдi.

2012 жылдың бiрiншi тоқсанына арналған оқу-әдiстемелiк еңбектердi шығару жоспары

Ғылыми-әдістемелік кеңестің 2012- 2013 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Ғылыми-әдістемелік кеңестің 2014- 2015 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми-әдістемелік кеңесінің құрамы



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 12.12.2017 / 20:17 ): www.enu.kz/damu/nms/index.php?print=Y