Textbooks in a state language

The actual problem of modern formation of Kazakhstan is a preparation of qualitative high school textbooks in a state language.

In L.N.Gumilyov ENU at the initiative of rector Bakytzhan Abdraim the program on providing educational programs with textbooks in the Kazakh language is successfully realized. According to this program fee payment to authors is provided. Also according to the decision of the special commission authors of two best textbooks (on social humanitarian and technical to the directions) will be in addition encouraged with an award.

Textbooks in a state language will be a powerful contribution in development of prestige of language and increase of level of a demand of experts. 

Вячеслав Малыхин "Қаржылық математика"Оқулықта айқындалған жағдайдағы қаржылық математиканың мәселелері қарастырылған (арттырылған және дисконтталған сомалар, төлемдердің ағындары, ренталар, несие есеп айырысулары, инвестициялық жобаларды бағалау, құнды қағаздар нарығының қаржылық есеп айырысулары, инвестициялық жобаларды бағалау, құнды қағаздар нарығының қаржылық есеп айырысулары). Сонымен қатар айқындалмаған жағдайлар да байыпталған. Оның ішінде: ұтымды портфель теориясы, теоретикалық-ықтималдық әдістер және қаржылық тәуекелдер зерттелген. Өзін-өзі тексеру сұрақтары, өз бетінше шығару есептері және олардың шешімдері мен жауаптары берілген.

ЖОО-лардың математика, экономика және қаржы мамандықтарының студенттері мен оқытушыларына арналған.    


Ә.К. Бәйдібеков Т.К. Мусалимов "Инженерлік графика"

Оқулық Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес орындалған. Негізгі мақсаты «Инженерлік графика» пәнінің негіздерін үйрету; сызбаларды салу мүмкіндіктерін арттыру; сызбаларды түсіну әрі түсінікті салдырту; сызбалар салудың түрлі әдістерін меңгерту; сызба әдістерін пайдалана отырып түрлі есептер шығару т.б. Кітапта сызбалардың көмегімен инженерлік есептерді шешу теориясы да қарастырылған.

Оқулық құрылыс, сәулет, жер өңдеу, жол құрылысы және басқа да инженер мамандықтарында оқитын жоарғы оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған. 


С. Батырша ұлы «Дипломатиялық қызмет және халықаралық қатынастар»

Ұсынылып отырған «Дипломатиялық қызмет және халықаралық қатынастар» окулығы - қазақ тілінде тұңғыш жазылған еңбек. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көптеген жоғары оқу орындарында халықаралық қатынас, аймақтану, халықаралық құқық және саясаттану мамандары даярланып жатқанына қарамастан, мемлекеттік тілде оқулық жоқ.

Автор жалпы дипломатия тарихын. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрлігінің қызметі мен жүйесін және Сырткы саясат тұжырымдамасын талдап беріп отыр. Сонымен қатар, Біріккеи Ұлттар Ұйымының Жарғысы. 1961 жылғы «Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы» және басқа да мынадай халықаралық құжаттар бірінші рет казақ тіліне аударылып, оқырмандарға ұсынылуда.

Оқулық халықаралық катынастар саласының мамандарына, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ халықаралық қатынас мәселелеріне кызығушы қалың оқырманға арналған. 


Сейтқали Аманжолов «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі»Бұл оқулық бейнелеу өнерін окыту әдістемесі пәніне байланысты бала психологиясының теориялық және практикалық негіздеріне арналады. Бастауыш сыныптарда өтілетін бейнелеу өнері сабағы бойынша жаңа оқыту технологиясын қолдану жолдарына бағыт береді. Оқулық 6М010700-Бейнелеу өнері және сызу магистратура мамандығына арналған Казақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талабына сәйкес жазылған. Сонымен қатар орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне және ізденушілерге арналады. Оқулықтың соңғы бөлімінде кредиттік оқыту жүйесіне сәйкес жұмыс оқу бағдарламасы, иллюстративті күнтізбелік жоспарлар, педагогикалық суреттер үлгі ретінде ұсынылады.


Баққайша Андасова  «Деректер базасының теориясы»

Оқулықта деректер базасы теориясының негізгі ұғымдары мен даму тарихы, деректер базасы мен банкі, деректер базаларын басқару жүйелері, түрлері мен функциялары, деректер құрылымы мен оларды базада бейнелеу деңгейлері, деректерге қатынау әдістері, деректердің модельдері және SQL тілі қарастырылады. Сондай-ақ, реляциялық деректер базасының негізгі ұғымдары, оның математикалық теориясының негізін құрайтын ұғымдар, деректер базасының пәндік аймағын жүйелік талдау, реляциялық деректер базасын жобалау процесі, оның модельдері, физикалық ұйымдастырылуы, жобалау барысында транзакциялар әсерін ескеру, деректер базасын құруға арналған инсталляциялық скрипт дайындау, сервер кодын кұру, қолданбалар модулін әзірлеу және сұратуларды өңдеуді тиімділеу жолдары айқындалған.


Жүрсін Ғабит «Микроэкономика»Аталған оқулықта микроэкономика пәнінің базалық мәселелері жан-жақты қарастырылған. Тақырыптық мәселелер теориялық тұрғыдан ғана емес, жаттығулар, есептер, графиктер мен кестелер, тест тапсырмалары көмегімен де жатық түсіндіріледі.

Оқулық оқыту жүйесінің кредиттік технологиясына негізделген. Экономистер даярлайтын жоғары оқу орнының студенттеріне, оқытушыларға, сондай-ақ микроэкономиканы өз бетінше оқитын оқырман қауымға арналады.


С. Дүзелбаев «Инженерлік механика»Оқулық, жоғары кәсіптік 050420 «Сәулет» және 050729 «Кұрылыс» саласындағы мамандарды дайындайтын техникалық оқу орындарының күндізгі және сырттай оқитын бөлімдерінің оқу жоспарлары мен пәннің типтік бағдарламаларына сәйкес даярланған.

«Инженерлік механика» курсы, осы уақытта теориялык механика, материалдар кедергісі және құрылыс механикасын қамтитын, кешенді пән болып табылады, ол үш бөлімнен тұрады: «Инженерлік механика I», «Инженерлік механика ІІ» және «Инженерлік механика ІІІ».


Қ. Кутербеков «Ауыр иондардың эксперименттік физикасы»

Оқулық ауыр иондар физикасының төмен және орташа энергиялар кезінде екі күрделі ядроның өзара әрекеттесуінің ірігелі мәселелерінен бастап, оның іс-жүзінде колданылуына дейінгі эксперименттік негіздерін дәйекті мазмұндайды. Мұнда ауыр иондардың ядролармен өзара әрекеттесуінің ерекшеліктері, реакцияларды топтастыру, ядролық деңгейлердің кулондық қозуы, серпімді шашырау, тура өзара әрекеттесу реакциялары, косылу және ядролардың бөліну реакциялары, жаңа элементгердін синтезі, ауыр иондардың үдеткіш техникасының дамуы және т.б. мәселелер карастырылады.

Материалды мазмұндау дәстүрлі мазмұндаудан ерекшеленеді, әрі ауыр иондар физикасының заманауи маселелеріне, әсіресе, эксперименттік зерттеулерге қатысты және шектес салаларда іс-жүзінде қолданылуы мәселелеріне арналған мұңдай оқу құралы ТМД елдерінде бұрын жарияланбаған. Кітапта заманауи нақты материалдар бар (физикалық тұрақтылар, ядролық деңгейлердің кванттық сипатамалары, Д.И.Менделеевтің Элементтердің периодтық кестесі).

Жогарғы курс студенттеріне, магистранттарға, аспиранттарға, РhD докторанттарға, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге арналған.


О. Құрманұлы «Электротехника»«Электротехника» пәні оқулығы электротехниканың ғылым мен техника, өнеркәсіп салаларын энергиямен қамтамасыз ету, электрлік энергияны түрлеңдіру мәселелерінің теориялық негізін қарастырады. Электротехникалық құрылғылардың кұрылымдары тек теориялық қана емес арнаулы практикалық жаттығулар, заманауи сұлба-техникалық моделдеу әдістемелері көмегімен де түсіндіріледі. Оқулық оқытудың кредиттік технология жүйесіне негізделген. Жоғары оқу орындарының физика және техникалық мамандықтарында оқитын студенттерге арналған.


Ә.С. Омарбекова «Сандық талдау әдістері»Бұл оқулықта жуықтап шешудің сандық әдістері, жуықтап есептеу әдістерне МаtһСАD жүйесін қолдану қарастырылған. Аталмыш курсты оқыту студенттердің математикалық талдау, сызықты алгебра, дифференциалдық теңдеулер, математикалық физика теңдеулері және информатика пәндерінен алған білімдеріне негізделеді.

Оқулықтың негізгі мақсаты — студенттерге қолданбалы есепті шешу үшін сандық әдісті қолданудың қыр-сырын үйретіп, іс жүзінде қолдануға машықтандыру. Дербес компьютерді пайдалану арқылы техника мен ЭКОНОМИКАНЫҢ есептерін шешуге мүмкіндік беретін, сандық есептеудің негізгі теңдеулері, формулалары мен алгоритмдері келтірілген.


Ә.С. Омарбекова «Тиімді басқарудың негіздері»Оқулықта нақты экономиканың үдерістердің математикалық моделдері қарастырылып, олардың қолданысы мен шешу жолдары карсетілген. Сонымен қатар МаtһСАD жүйесінің мәнісін аша отырып, оның экономикалық есептерді шешуге мүмкіндігі типтік есептерді шешуге келтірілген.

Экономика саласындағы жоғары кәсіби мамандар дайындайтын оқу орындарының студенттері мен оқытушыларға және жұмыстарында математикалық әдістер қолданысын үйренгісі келетін кәсіпкерлерге арналған.


Р. Оразбаева «Экология»Осы оқулықта экологияның негізгі проблемалары, оның ішінде, организм мен коршаған орта, бірлестік пен популяция экологиясы, тірі организмдердің қоршаған ортамен қарым-катынасы, қазіргі тандағы биосфераның жағдайы қарастырылған. Әрбір бөлімнің теориялық материалдары, практикалық жұмыстары, қосымша хабарлар мен мысалдары, тест сұрақтары келтірілген.

Оқулық мазмұны студенттердің экологиялық білімдері мен адамның табғатпен карым-қатынасының мәдениетін тәрбиелеуді қалыптастыруға бағытталған.

Оқулық жаратылыстану және экология саласы бойынша маманданатын студенттерге, магистранттарға арналған.


С. Дуйсенғазин «Шетел әдебиетінің тарихы»

Оқулықта Еуропа және Америка әдебиеті классик қаламгерлерінің шығармашылық өмірі мен туындылары талданып берілген. Кітап университет бағдарламасы бойынша оқытылатын қазақ тіліндегі «Шетел әдебиетінің тарихы» пәніне арналған оқулық пен оқу құралдарының тапшылығына байланысты жазылды. Оқулық қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ филологиясы мамандықтарының студенттеріне және шетел әдебиетіне қызығушылық танытатын магистранттар мен докторанттар үшін дайындалған.


Қ. Cарекенова «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы»

Бұл оқулық соңғы бекітілген типтік оку бағдарламасына сәйкес казіргі қазақ тілінің лексикология саласында оқытылатын семасиология, қазақ тілінің сөздік құрамы мен негізгі сөздік қоры, фразеология, лексикография, ономастика бөлімдерінің негізгі теориялық мәселелерін камтиды.

Оқулық қазақ тілі мен әдебиеті және филология мамандықтары бойынша маманданатын студенттерге, магистрантгарға, докторанттарға арналған.


Қ.И. Сәтбаев «Алгебра»Сәтбаев Қ.И. Алгебра. Оқу құралы: 1924 жыл /Жалды редакциясын басқарған: академик Өтелбаев М.; латын қарпіндегі нұсқасынан даярлағандар: Тұнғатаров Ә,Б., Қашқынбаев О.Қ., Ибатов А.И., Мырзатаева Қ.Р., Жапсарбаева Л.Қ., Алдай М., Абылаева А.М., Әбдіқалықова З.Т.; араб карпіндегі нұсқасымен салыстырған: Мықтыбек Д./. Астана: ЕҰУ баспасы, 2009.-442 б.

Бұл еңбек - қазақтың даңқты перзенті, Қазакстан Ғылым академиясының негізін калаған академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың (1899-1964) 25 жасында жазып бітіріп, баспаға тапсырған оқу құралы. Тарихтан мәлім, дана ағартушы А.Байтұрсынұлы Халық ағарту комиссары (министрі) болған жылдары (1920-1921) белгілі оқығандарға әр саладан оқулық жазу туралы тапсырма берген. Осы «Алгебра» оқулығы - сол бастаманың жемісі. Бірақ ол түрлі себеппен баспа бетін көрмеген. Арада 85 жылдан кейін Еурззия ұлттық университетінін ғалымдары аталған тарихи мұраны халықпен алғаш рет кауыштырып отыр.


Дөкей Талеев «Археология» Оқулық Шығыс Еуразия жерінің тас дәуірінен ерте орта ғасырға дейінгі археологиясын қамтиды. Мұнда Еуразия құрлығын мекендеген халықтардың материалдық мәдениеті мен тарихы археологиялық зерттеулер негізінде байыпталған. Оқулықта адамзаттың қарапайым иемденуші шаруашылықтан онын өндіруші түріне өту үдерісі қарастырылған, жекелеген археологиялық мәдениеттерге сипаттама жасалады.

Кітап оқу жүйесінің кредиттік технологиясына негізделген. Тарихшы, археолог және этнолог дайындайтын жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттары мен оқытушыларына, сондай-ақ ежелгі тарихқа қызығатын жалпы жұртшылыққа арналған.


Н.О.Омашев «Радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі»После прохождения экспертизы Научно-методического совета университета издан учебник «Радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі». Автор учебника известный ученый, профессор, д.ф.н. Н.О.Омашев.

Учебник предназначен для студентов по специальности «Журналистика» и заслуживает интерес ученых и журналистиков, всех кто интересуется проблемами СМИ.


Жоғары оқу орнының 050117-қазақ тілі мен әдебиеті, 050205-қазақ филологиясы мамандықтарының студенттеріне арналған бұл оқулықта ХІХ ғасырдағы әдеби даму қоғамдық-саяси өзгерістермен тығыз байланыстағы көрнекті тұлғалардың шығармашылығы арқылы қарастырылады.


Баян Смағамбет Шетелдік әлеуметтану тарихыОқулық «Шетелдік әлеуметтану тарихы» пәнінің типтік бағдарламасы аясында қарастырылған тақырыптарды қамтиды. Автор біраз жылдар жинақтаған тәжірибесінің негізіне сүйене отырып, әр тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар, негізгі және қосымша әдебиеттер ұсынған.

Оқулықтың қосымшасындағы глоссарий мен сілтемедегі түсініктер студенттердің материалды игеруіне көмектеседі. Оқулық «Әлеуметтану» мамандығы бойынша білім алушы студенттер мен магистранттарға, оқытушыларға, сондай-ақ әлеуметтану тарихы мен теориясына қызығушылық білдіретін қалың оқырманға арналады.


Сұрағанова С.К., Сабатаева Б.О. Туризм инфрақұрылымы Бұл оқулықта туризм инфрақұрылымының негізгі тақырыптары, атқарымдары, қағидалары, мақсаттары қарастырылған. Туризмдегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның элементтері, материалды-техникалық базаның жалпы сипаттамасы, орналастыру құралдары, тамақтану базасы және туризмдегі көліктік коммуникациямен қамтамасыз ету мәселелері толық анықталынған.

Оқулық туризм мамандығының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, оқытушыларына, және туризм саласына қызығушылық танытатын барлық оқырмандарға арналған.


Т. Самұратова Бейнелеу өнері тарихы Аталған оқулықта бейнелеу өнері тарихы пәнінің базалық мәселелері жан-жақты қарастырылған. Тақырыптық мәселелер әлемдік көркемөнер тарихын, мәдениеттің даму үрдісін түсіну және зерттеу, сәулет және дизайнның қазіргі замандағы өрбу жағдайларын талдауда студенттердің эстетикалық ой-өрісінің қалыптасуына үлкен әсер етеді.

Оқулық оқыту жүйесінің кредиттік технологиясына негізделген. Өнер саласындағы мамандықтар бойынша жоғары оқу орнының студенттеріне, оқытушыларға, сондай-ақ жалпы білім беретін орта мектептердің мұғалімдеріне арналған.


Б.Ө.Алтынбасов Шетелдердің конститутциялық құқығыОқулық жоғары оқу орындарында «Заңтану» мамандығы бойынша білім алатын студенттер үшін шетелдердің конститутциялық құқығы пәнінің басғадрламасына сәйкес дайындалған.

Жалпы бөлімде осы ғылыми пәннің теориясы және дамуы, адам мен азаматтың конститутциялық-құқықтық мәртебесі, шетелдердегі басқару және мемлекеттік-аумақтық құрылым нысандары, сайлауды ұйымдастыру, заң шығарушы, атқарушы және сот органдарының мәртебесі, жергілікті өзін-өзі басқару және т.б. қарастырылады. Ерекше бөлімде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Қытай, Украина, Жапония, Үндістан, Египет, және Бразилия елдерінің конститутциялық құқығының негіздері талданады.

Бұл оқулық заң білімін беретін жоғары оқу орындары мен факультеттерінің студенттеріне, аспиранттарына, оқытушыларына, сонымен қатар, шетелдердің мемлекеттік құрылысы мен саяси жүйелеріне қызығушылық танытатын көпшілікке арналған. 


Қ.Жамалов Ежелгі Шығыс мәдениетіОқулықта әлемдік өркениеттер дамуында өшпес із қалдырып, оған үлкен әсерін тигізген ежелгі Шығыс елдері мәдениеттерінің қалыптасу ерекшеліктері көрсетіледі. Олардың өзара ықпалдасқан материалдық және рухани дамуы кең көлемді деректер, археологиялық жұмыс мәліметтері арқылы пайымдалады.

Кітап студенттерге, магистранттарға, ежелгі Шығыс мәдениетіне қызығушылық білдірген оқырман қауымға арналған. 



Copyright © www.enu.kz 2012. .

( - 25.11.2017 / 11:22 ): www.enu.kz/en/scientific-journals/uchebniki/index.php?print=Y