Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 20 жылдығын тойлау


Құрметті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы, сала қызметкерлері, студент-жастар!

Сіздерді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдық мерекесіне орай оқу орнымызда бастау алған «Күлтегін» күндерінің ашылуымен құттықтаймын!

VІІІ ғасырдағы Күлтегін ескерткіші – түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени тарихының шежіресі. Орхон ескерткіштері ішіндегі мазмұны мен көлемі жағынан ерекше саналатын көне түркі жазбаларының қатарынан орын алады.

«Күлтегін» декадасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті үшін ғана емес, Еліміз үшін де аса маңызды. Осыдан он бес жыл бұрын, 2001 жылғы 18 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пәрменімен «Күлтегін» ескерткіші Елордамызға жетіп, лентасын Ұлт көшбасшысының өзі қиғаны  белгілі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің мерейлі тойында сөйлеген тарихи сөзінде осы жылдарда көптеген тарихи жәдігерлер табылып, 700-ден астам тарихи ескерткіштердің қалпына келтірілгенін атай келіп: «Бұл біздің қазақты дүние жүзіне паш ету үшін, еліміздің дана тұлғаларының бар екендігін білдіру үшін жасалған болатын»  деген еді. Бұл – тарихқа ғана емес, сондай-ақ біздің ғылымға да жасалып отырған үлкен құрмет.

Қазіргі таңда Президентіміздің мықты саяси ерлігі мен көреген саясатының арқасында үлкен белестерді бағындырып, толағай жетістіктерге қол жеткізіп келеміз. Бұл жетістіктер Қазақстанның бірлігі, Конституцияның қорғалуы, адамдардың құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз етуші әрі жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы – Тұңғыш Президенттің есімімен тікелей байланысты.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлемдік аренаға шығып, Азия мен Еуропаны мойындата бастаған бірден бір оқу орны. Университетіміз  бүгінде сапалы білім беруді сәтті жүзеге асырушы жоғары оқу орны ретінде ТМД мен Орталық Азия аумағының көптеген университеттері үшін қарқынды дамудың үлгісіне айналды.

Университетімізде «Күлтегін» онкүндігінің дәстүрлі түрде атап өтілуі – университет ұжымының Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа артқан биік сенімінің, ізгілік-құрметінің жарқын дәлелі.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Елбасының сөйлеген сөзінен кейін-ақ сана-сезімнің өсуі, толеранттылықтың тереңдеуімен бірге еуразиялық және оның практикалық орындалу маңыздылығы бүкіл еуразиялық кеңістікте бейбітшілік пен тыныштыққа іргелі негіз болды.

Бүгінгі  таңда Еуразия ұлттық университетінде білім алып жатқан студенттердің саны жиырма мыңға жуықтады.

Біз – ата-бабамыз аңсаған дәл сол жасампаз күшпіз.

Күлтегін қабырғасында мынандай сөздер жазылған: «Аспанда көк Тәңірі, ал төменде қоңыр Жер тұрған кезде олардың арасында адам ұлы болып жаратылды. Аталарым Бумын қаған, Истеми қаған адам ұрпақтарын басқарған. Олар халықты Түркілік Заңдармен билеген, оларды алға сүйреген». Міне, осы сөздерден түсінікті де қасиетті нәрсе жоқ шығар. Өйткені мұнда түркілік халықтың өмірлік мінәжат мәні жатыр.

Құрметті студенттер, профессорлар, оқытушылар, әріптестер, бітіруші түлектер!

Біздің жоғары өмірлік ұстанымымыз алдағы уақытта да  еуразиялық атын мақтан тұтуға мүмкіндігін бере берсін. «Күлтегін» декадасы біздерді тек елімізде ғана емес, сонымен қатар әлем бойынша мықты болуға ұмтылдырсын. Сіздерді «Күтегін» күнінің ашылуымен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, игілік, табыс және Отанымыз – Қазақстан Республикасымен бірге  университетіміздің гүлденуін тілеймін!

Ректор 

Ерлан СЫДЫҚОВ

Ректордың сөзі

Тарих беттерін парақтағанда...

Нобель сыйлығының лауреаттары ЕҰУ-де

Келбет. Есімдер



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 18.10.2017 / 13:31 ): www.enu.kz/enu-turaly/enudin-20-zhyldygyn-toylau/index.php?print=Y