Л.Н. Гумилевтің 100 жылдығына

Еуразия ұлттық университетінің Л.Н. Гумилевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың Тұжырымдамасы

2012 жылы Қазақстанның, ТМД мемлекеттерінің және әлемнің ғылыми қоғамы ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы, түркі, славян, азиялық және еуропалық халықтарының тарихы туралы ірі еңбектердің авторы, тарихи этнология және тарихи география салаларының атақты маманы Лев Николаевич Гумилевтің (1912-1992) 100 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Л.Н. Гумилев «Күміс ғасырдың» атақты ақындары-Анна Андреевна Ахматова мен Николай Степанович Гумилевтің ұлы. Шыққан тегіне байланысты өмірінің көп бөлігінде ол саяси сенімсіз деп саналып,заңсыз қудаланды және 1930-1950 жылдары ,өмірінің 14 жылын сталиндік түрмелерде және лагерьлерде өткізді.Алайда, осыған қарамастан ол табандылық көрсетіп, өзі таңдаған сүйікті ғылымына адалдығын сақтап қалды.

Л.Н. Гумилев 1961 жылы Ленинградта тарих ғылымдарынан, ал 1973 жылы география ғылымдарынан диссертация қорғап, екі рет ғылым докторы атанды.1960-1980 жылдар аралығында Ленинград мемлекеттік университетінде(қазіргі Санкт-Петербург) жұмыс істеді.
Л.Н. Гумилевтің аты мен мұрасы ол тұрған мемлекетке ғана емес, бүкіл әлемге тән. Ол тек орыс ғалымы емес,сонымен қатар еуразиялық,планетарлық масштабтың зерттеушісі. Оның есімі (түрік халықтарының тарихшысы ретінде) Қазақстан Республикасында ерекше құрметтеледі. Мұның дәлелі, 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Жарлығымен ашылған Еуразия ұлттық университетіне Л.Н. Гумилевтің есімі берілді. Өткен жылдардан бұл университет ғылым мен білімнің астаналық үлкен орталығына айналды. Оның аясында 2002 жылдан бастап (яғни, Л.Н. Гумилевтің 90 жылдығынан), Л.Н. Гумилевтің мұрасын дәріптеуге, Еуропа мен Азияның, Батыс пен шығыстың өзара байланысына арналған алты халықаралық «Еуразиялық ғылыми форумдар» өткізілді. Еуразия ұлттық университетінде ғалым Л.Н. Гумилевтің мәскеулік пәтерінен алынған түпнұсқалы жұмыс кабинеті, кейбір жеке заттары, әріптестеріне хаттары сақталған мұражай-кабинеті құрылған.

Кеңестік ресми тарихи ғылым мен этнография өткен онжылдықта Л.Н. Гумилевтің еңбектеріне сенімсіздікпен қарады, ал көбі оның түпнұсқалы ғылыми әдістеріне қарсы болды. 1970-1980 жылдары Л.Н. Гумилевтің идеологиялық түсінік бойынша жұмыстары КСРО-да жарияланбады. Тек 1980 жылдардың аяғында, КСРО-да «жариялылық» және басып шығару еркіндігі келгенде ғана оның еңбектері көп тиражбен шыға бастады. Л.Н. Гумилевтің жұмыстарының осылай көп данамен шығу тенденциясы оның 1992 жылы қазасынан кейін де жалғаса берді. Осы уақытқа дейін де бұл тенденция сақталуда. Міне,20 жыл бойы Л.Н. Гумилевтің кітаптары ғылыми бестселлер болып келуде.

Л.Н. Гумилев тек жергілікті мәселелердің зерттеушісі ғана болған жоқ. 1930 ж.студенттік шағынан Түрік қағанатының (VI-VIII ғ.) тарихын оқуды бастап,нәтижесінде өзінің зерттеу салаларын кеңейтті және түркі халықтарының тарихынан бүкіләлемдік, планетарлы тарих деңгейіне көтерілді.

Л.Н. Гумилевтің Еуразия халықтарының тарихы бойынша еңбектері («Древние тюрки», «Хунны», «Открытие Хазарии», «Этногенез и биосфера Земли», «География этноса в исторический период», «Поиски вымышленного царства», «Древняя Русь и Великая Степь», «Тысячелетие вокруг Каспия» және т.б.) в совокупности әлемдік ғылымның көрнекті үлесін құрайды. Оның еңбектерінің біршамасы еуропалық және шығыс тілдеріне аударылған.
Л.Н. Гумилев гуманитарлық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының жақындасу керектігі туралы айтып,этникалық тарихта табиғи-географиялық фактормен санасу қажеттігін маңызды деп санады.Ол ғылымға этногенез фазалары туралы түсінікті енгізді.Ол Еуразияның түрік,славян,финн-угор халықтарының позитивті этникалық «комплиментарлы» идеясының авторы.Ол Азия мен Еуропа халықтарының әлемдік тарихта теңдігі идеясында нық тұрды.Оған уақытта және кеңістікте тарихты тануда стереоскопиялық, көлемді көрегендік таланты дарыған еді.

Зерттеуші-жаңашыл ретінде Л.Н. Гумилев шығыстану мен ортағасырлық тарих ,тюркология мен славянтану,ориентализм мен еуропеизм арасындағы формальды дәстүрлі ғылыми шекараларды жеңуге тырысты. Негізінде ол ғылымда бүгінде «еуразиятану» деп толық негізбен айтуға болатын инновационды бағытты дамытты.

Тереңдетілген тарихи-географиялық және этнологиялық ізденістер оған еуразияшылдықтың теориялық іргетасын мағыналы жетілдіруге, оның іс жүзіндегі потенциалын еуразиялық халықтардың бүгіні мен болашағы үшін көрсетуге мүмкіндік берді.

Л.Н. Гумилев тек ғалым ғана емес,сонымен қатар ірі ойшыл. Оның мұрасы халықаралық-саяси және практикалық мағынада өте өзекті,ол аймақтық интеграция мен жаһандану аясында қазіргі заманғы әлемге толерантты еуро-азиялық ықпалдың ғылыми-тарихи негізі болып табылады. Дәл осы жерде Л.Н. Гумилевтің ғылыми әдістері Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық идеяларымен одан да жақынырақ жанасады.

Л.Н. Гумилевтің идеясының мәнділігі мында:ол өзінің төл еңбектерімен Еуропа мен Азияның,батыс пен шығыстың халықтарын бөлмеді,бір-біріне қарсы қоймады,ал керісінше жақындастырды.Ол әлемнің барлық халықтарының,этностарының ұлттық-мәдени мұраларын сақтауға шақырған ғалымдарының бірі болып табылады.

Л.Н. Гумилев өзінің істерінде соңғы онжылдықта сондай өзектіге айналған және БҰҰ мен ЮНЕСКО аясында белсенді іргелілеп келе жатқан өркениет пен мәдениеттің Диалогы мен Альянсы идеясын күні бұрын болжап қойған. Ол өркениеттің Диалогы мен Альянсы идеясының интеллектуалды бастамашысы болып табылады.

Л.Н. Гумилевтің сан қырлы шығармашылығы,оның еңбектері пікірталас тудырады. Бұл, арине,позитивті фактор.Сондықтан да ХХІ ғасырда Л.Н. Гумилевтің еңбектерін жаңаша оқып шығу мен ұғыну қажет. Оның әлемдік ғылымға қосқан үлесіне объективті баға берілу керек. Дәл осы Л.Н. Гумилевтің жүзжылдық мерейтойының ЮНЕСКО-ның естелік күндер Күнтізбесіне кіруіне ықпал етеді.

Алдағы Л.Н. Гумилевтің 100-жылдық мерейтойының маңыздылығына орай,2012жылдың қазанына қарай Қазақстан мен Ресейдің мүдделі ғылыми-білім беру құрылымдарының (Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті ) арасындағы ғылыми іс –шаралар бағдарламасын алдын ала үйлестіру маңызды.

Бірінші кезекте Астанада Халықаралық Еуразиялық ғылыми форум мен Санкт-Петербургтегі Халықаралық ғылыми конгресстің уақыты мен кезектілігін үйлестіру қажет.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің негізіндегі іс-шаралар жыл бойы өтетін болады: 2011 ж.қазанынан 2012 ж.қазанына дейін.

Демек,бұл іс-шаралардың іске ауы кезеңдері,бағыттары,мазмұны анықталуы қажет.

Ойға алынған іс-шаралардың арасынан келесі бағыттарды көрсету керек:

Л.Н. Гумилевтің 100-жылдық мерейтойын ЮНЕСКО-ның естелік күндер Күнтізбесіне кірістіру жұмысы;

«Еуразияшылдық-Батыс пен Шығыстың көзқарастары»экспертті сауалнаманың нәтижесі бойынша; Башқұр, Қазан университеттерімен, РУДН-мен, Еуразия Диалогы платформасымен бірлескен іс-шаралар; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ негізінде Астанада мерейтойлық Халықаралық  ғылыми форум;

Студенттермен жұмыс (ЕҰУ-дегі Еуразиялық пікірталас клубы ұйымы, Гумилев олимпиадаларын өткізу);

Ғылыми сапарлар, Л.Н. Гумилевтің өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы жаңа материалдарды іздестіру экспедициялары(Санкт-Петербург, Мәскеу, Бежецк, Карлаг);

Л.Н. Гумилевтің Мұражай-кабинетінің экспозициясын жаңарту;

Л.Н. Гумилев медаліне және сыйақысына еуразиялық зерттеулер аумағында ғылыми жарыс (ЕҰУ-да 2003 жылы құрылған);

«Әлем орталығында» деректі-публицистикалық фильм құру (режиссер Э. Ділмұхамедова)

Мемлекеттік құрылымдар мен шетелдік ұйымдармен өткізілетін іс-шараларды үйлестіру;

Баспа қызметі (Л.Н. Гумилевтің еңбектерін қазақшаға аудару); «Лев Николаевич Гумилев» атты оқу-әдістемелік құралдарды,энциклопедияларды дайындау және баспадан шығару;

Т. Фроловскийдің «Евразийский Лев»кітабын қазақ тіліне аудару;

Ғылыми конференциялар,дөңгелек үстелдер(Халықаралық конференция) өткізу;

Л.Н. Гумилевтің 100-жылдық мерейтойына байланысты халықаралық іс-шараларды Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ негізінде жыл бойы жоғары деңгейде өткізу (2011 ж.қазанынан 2012 ж.қазанына дейін),нәтижесінде ғылымижәне мәдени мәртебенің,университет рейтингісінің, Астананың және жалпы Қазақстан Республикасының өсуіне үлес қосу. 



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 12.12.2017 / 20:14 ): www.enu.kz/enu-turaly/gumilyov/100-zhyldygyna/index.php?print=Y