Лев Николаевич Гумилев

Лев Николаевич Гумилев (1 қазан 1912, Царское Село, Ресей империясы — 15 маусым 1992 ж., Санкт-Петербург, Ресей) – XX ғасырдың көрнекті еуразияшыл ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінен аудармашы. Этногенез пассионарлық теориясының авторы.

Өмірбаяны

gumilev.jpeg

Царское селода 1912 жылы 1 қазанда дүниеге келген. Ақын Николай Гумилёв пен ақын Анна Ахматованың ұлы. Балалық шағын Тверь губерниясының Слепнёво атындағы Бежецк уезінде әжесінің қолында өткізген.

1917 - 1929 жылдары аралығында Бежецк қаласында тұрды. Бежецк қаласының №1 мектебінде 1926 жылдан 1929 жылға дейін білім алды. Ал 1930 жылы Ленинградта оқыды. 1930—1934 жылдары Саян, Памирдегі, Қырымдағы экспедицияларда жұмыс істеді. 1934 жылдан бастап Ленинград университетінің тарих факультетінде оқыды. 1935 жылы университеттен шығарылып, тұтқынға түсті, бірақ аз уақыттан кейін босатылды. 1937 жылы ЛМУ-ға түсті.

1938 жылы тағы да қамалып, ЛМУ студенті бола жүріп, бес жылға жазаланды. Ол бір жұмыс бойынша ЛМУ-дың екі студентімен - Николай Ерехович пен Теодор Шумовскимен бірге жүрді. Норильлагта жазалау уақытын өтеді. 1939 жылдың 21 қыркүйегінде Гумилев Норильлагтың 4-ші лагерь бөліміне түседі. Қамаудағы уақыт аралығында ол жерқазушы, тау-кеніш шахтасында 3/6 рудниктегі кітапханада кітапсақтаушы, техник, геолог ( геотехникалық, кейін тау басқаруында геофизикалық топта) болып жұмыс істеп үлгерді, ал уақытының соңында тіпті лаборант-химик болып орналасты. Уақыты біткен соң ол Норильскте кету құқығынан айырылып қайта қалдырылды.

1944 жылы күзде Қызыл Армия қатарына өз еркімен қосылып, 31-ші зенит-артиллерийстік дивизияға Бірінші Белорус фронтына кіріп, соғысты Берлинде аяқтаған 1386-шы зенит-артиллерийстік полкте қатардағы жауынгер болды.

Әскери тақырыпқа өлеңдер жазған.

domik.jpeg

1991 жылы Ресей жаратылыстану ғылымдарынң акдемигі (РАЕН) болып таңдалды. Зейнетке шыққанға дейін 1986 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің география Ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. 1992 жылы 15 маусымда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Александро-Невской лаврлары Никольскта жерленген.

2005 жылы тамызда Қазанда «Санкт-Петербург күндеріне және Қазан қаласының мыңжылдығын тойлауына байланысты» Лев Гумилёвке ескерткіш қойылды, онда мынандай сөздер жазылған : «Өмір бойы татарларды жала жабудан қорғаған орыс адамына».

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен 1996 жылы Қазақстан Республикасының елордасы Астанадағы жоғары оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті  Гумилёвтің есімімен аталды. 2002 жылы университет қабырғасында Л. Н. Гумилёвтің кабинет-мұражайы құрылды.  



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 24.11.2017 / 02:31 ): www.enu.kz/enu-turaly/gumilyov/index.php?print=Y