Л.Н. Гумилев мұражайы

Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті 2002 жылдың қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.). Мұражай-кабинеттің ашылуына зор көмегін тигізген және қолдау көрсеткен ұлы ғалымның асыл жары Наталья Викторовна Гумилева (Симановская). Мұражай экспозициясын құруға ғалым шығармашылығының зерттеушілері - Э. Ділмұхамедов, М. Новгородов, М. Козырев, В. Биличенко, Е. Масловтың сынды белді азаматтар атсалысты.

2004 жылы Н.В. Гумилева ғалымның Мәскеу жұмыс кабинетiн университетімізге мұра етіп қалдырған болатын. Онда жұмыс үстелі, баспа машинкасы, кресло, кiтап шкафы, кiтап, фотосурет және (мүсінше, құмыра, сиясауыт) әр түрлi мемориал заттары бар.

Л.Н. Гумилевтiң мұражай экспозициясын кеңейту мен Мәскеуден Астанаға Л.Н. Гумилевтiң Мәскеу кабинетiн тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешімді 2005 жылы университет ректоры, профессор С.Әбдiманапов қабылдаған болатын (2004-2008 жж.). 7 қазан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде немере жиені, профессор Маргарита Иоанновна Новгородованың қатысуымен Л.Н. Гумилевтің мұражай-кабинетінің жаңа экспозициясының тұсаукесері өткен болатын. 2012 жылы Лев Николаевич Гумилевтің 100 жылдығы қарсаңында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың қолдауымен Е.С. Асылхановтың әзірленген және бекітілген дизайны бойынша мұражай-кабинет қайтадан қалпына келтірілді.

Бүгінде Л.Н. Гумилев мұражайы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Мұражай нақты, жазбаша, бейнелеу көздерін жинап, сақтап, көрмеге қояды, сондай-ақ, кино -, фото -, тарих және география ғылымдарының докторы, еуразия ғылыми бағытының атақты өкілі Лев Николаевич Гумилевтің өмірбаяны мен көрнекті тарихшы-этнологтың ғылыми қызметінен сыр шертетін дереккөздерін.

Мұражайдың түпкi мақсаты - Л.Н. Гумилевтің өмірі және қызметімен танысу,еуразияшылдық идеясын кеңінен насихаттау мен тарату,белсендi азаматтық позиция тұрғысынан тәрбиелей отырып, студенттің мәдени, адамгершiлiк-эстетикалық, отаншылдық рухын дамыту, университет абыройын асқақтату.

Мұражайдың негiзгі міндеті - Л.Н.Гумилевтiң өмірі мен қызметіне қатысты мұражай экспонаттарын зерттеуде (фотосурет, жеке заттары, құжаттар, хаттар) және мұражайдың ғылыми қорын құрастыруды негiзге ала отырып жинақтау, сақтау жұмыстарын жүргізу; мұражай қорларының алғашқы және екiншi есепке алу жүйесiн ретту; материалды жинақтау мен зерттеу негізінде экспозициялар және уақытша көрмелер құру; экскурсиялар, дәрiстер, семинарлар, мұражай сабақтары, ғылым және мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерi,түлектер кештерiн ұйымдастыру, университет қонақтарына таныстыру саяхатын өткізу, студенттермен,аспиранттармен, оқытушылармен, қызметкерлерiмен ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу және тағы басқа жиындарды өткізу. 



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 19.10.2017 / 17:02 ): www.enu.kz/enu-turaly/gumilyov/l-n-gumilev-murazhaiy/index.php?print=Y