Л.Н. Гумилевтің еңбектері

«Этногенез және жер биосферасы» трактаты (1979 ж.)
- Жер шарындағы халықтардың пайда болуы мен олардың Жер планетасы және табиғатпен қарым-қатынасын көрсететін мәселелерді қарастырады.





«Шөл дала трилогиясы»
- екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы – «Ғұндар». Бұл кітап 1960 жылы басылып шығып, көшпенділердің ұлы мемлекетінің пайда болуы мен құлдырауына арналған болатын. Ал, екіншісі – «Ғұндар Қытайда» кітабы 1974 жылы басылды және көшпенділер мен Қытайда б.з. II-VI ғ.ғ. өмір сүрген халықтардың арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді.





«Ежелгі түріктер»
- «Шөл дала трилогиясының» екінші бөлімі және ол 1967 жылы басылып шықты. Тарихшы Ұлы түрік державасының пайда болу, даму және құлдырау заңдылықтарын зерттеп, Орталық Азия көшпенділерінің тарихи мәселелері мен географиялық орналасуына көңіл бөлді.





«Қиял патшалығын іздеу»
- «Шөл дала трилогиясының» үшінші бөлімі 1970 жылы жарық көрді. Орталық Азияда Иоанн патшалығының билігі аңызын жоққа шығаруын көздейді. 





«Ежелгі Русь пен Ұлы шөл дала» кітабы.
Бұл еңбекте отандық тарихтың шиеленіскен мәселесі: Ежелгі Русь пен оның көршісі – Қазар қағанатының арасындағы қарым-қатынасты бейнелеуге негізделеді.





«Қазардың ашылуы» (1966 ж.)
Еңбек VIII-X ғ.ғ. билік құрған шығыс еуропадағы ұлы мемлекет - Қазар қағанатында болған археологиялық және тарихи зерттеулерді көрсететуге арналған.





«Каспий бойындағы мыңжылдық» (1990 ж.)
- Еуразиядағы Ойкумендердің 1500 жыл бойы - б.з.д. III ғ. мен б.з. ХII ғ. аралығындағы кезеңді қамтитын оқиғалардың тарихи-этнологиялық зерттеуі. 





«Тарих арабескалары» (1995 ж.)
бұл кітап - туған жерлерінен алыс кетіп, өзге біреудің өміріне енген көшпенді халықтардың асау тағдырлары жайында.





"Қара аңыз"
Ұлы даланың жора-жолдастары мен қастары. Аталмыш жинаққа Л.Н. Гумилевтiң жұмысы,бастапқы жабайы, мейiрiмсiз және мешеу деген пікір қалыптасқан Ұлы дала халықтарына деген қатынасы туралы өзекті мәселелер кірген.





«Соңы мен қайта бастамасы»
бұл оқу құралында Ежелгі әлемде және Антика заманы мен Орта ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері – Қытай, Византия, Түркия, т.б. сияқты жерлердің пассионарлық іс-әрекет механизмі көрсетілген. Алғаш рет «Тарихи кезеңдегі жағрафия этносы» атпен жарық көреді.







Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 22.10.2017 / 16:03 ): www.enu.kz/enu-turaly/gumilyov/l-n-gumilev-murazhaiy/kitaptar/index.php?print=Y