Л.Н. Гумилев – көрнекті тарихшы - еуразиятанушы 

Е.Б. Сыдықов

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, т.ғ.д., профессор Е.Б. Сыдықовтың 2011 жылы 11 қазанда «Еуразия халықтарының тарихы және Л.Н. Гумилевтің ғылыми шығармашылығы: қазіргі әдістері мен перспективалары» атты VIII – Халықаралық Еуразиялық ғылыми форумда сөйлеген сөзінен

Аннотация: Ғалым әрі ойшыл Л. Гумилевтің ғылыми мұрасы саяси, халықаралық мазмұны жағынан да, практикалық тұрғыдан да өзекті болып табылады. Оның ғылыми тұжырымдары қазіргі әлемде орын алып отырған интеграциялық үдерістер мен жаһандану жағдайында өзара сенімге, түсіністікке негізделген қарым-қатынастар орнатуға ықпал ете алады. Бұл тұрғыда алғанда Л.Н. Гумилевтің ғылыми көзқарастары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық идеяларымен өзара сабақтас келеді.

Кілт сөздер: Гумилев – көрнекті тарихшы – еуразиятанушы, ЕҰУ ректоры, Сыдықов Ерлан Бәтташұлы 

Мақаланы жүктеу


Еуразия университетіндегі Лев Николаевич Гумилевтің аты мен мұрасы

Б.Ж. Әбдірайым

Аннотация: Лев Николаевич Гумилев – ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы және ойшыл. Оның Еуразия тарихы, түркі және славян, Азия және Еуропа халықтарының тарихы жөніндегі еңбектері зерттеу пәні Еуразия аймағы мемлекеттерінің, халықтарының, мәдениеті мен тілінің тарихы болып табылатын шын мәніндегі «еуразиятану» ғылымындағы пәнаралық бағытты дамытты. Бұл жағынан алғанда, Л.Н.Гумилев тек еуразияшыл ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, түркология мен славистиканы жақындастырған шығыстану мен ресейтанудың арасындағы ғылыми шыңды бағындырған еуразиятанушы‑зерттеуші.

Кілт сөздер: ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы және ойшыл, Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы, Гумилев мұрасы 

Мақаланы жүктеу


Л.Н. Гумилевтің өмір жолы

М.Ж. Жолдасбеков, С.В. Селиверстов

Еуразия ғылыми форумының еңбектері: «Гумилев оқулары». – Астана қаласы

ЕҰУ баспаханасы, 2003 ж. 34-44 беттер

Аннотация: Л.Н.Гумилев өмірі – оның негізгі кезеңдері белгілі бола тұра, толық зерттелмеген тақырып. Бізге ойшылдың өмір жолына арналған үш кітап қана белгілі: С.Б. Лавров «Лев Гумилев. Судьба и идеи» (М., 2000), А.И. Чистобаев «Этнологи, опередившие время: к 90-летию Л.Н. Гумилева и 50-летию К.П. Иванова (СПб., 2002)» и Т. Фроловская «Евразийский Лев» (Семей, 2003). Сондықтан Л.Н.Гумилевтің өмірін толыққанды сипаттау, оның адами және ғылыми биографиясын беру қиындық туады.

Кілт сөздер: Л.Н. Гумилевтің өмірі, М.И. Цветаева 

Мақаланы жүктеу



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 22.10.2017 / 06:46 ): www.enu.kz/enu-turaly/gumilyov/makalalar/index.php?print=Y