ЕҰУ тарихы мен бүгіні

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО – Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целинаград педагогикалық инстиутының бірігуі негізінде құрылды.
2000 жылы Қазақстан Республикасының Қаулысымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясымен бірігу жолы арқылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.

2001 жылдың 5 шілдесіндегі «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше статус беру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес университетке «Ұлттық және жалпыадамдық құндылық, ғылым мен техника жетістіктері негізінде тұлғаларды дамыту мен кәсіби қалыптастырудағы елеулі үлесі» ерекше мәртебесі берілді.

2001 жылдың 29 маусымындағы N 892 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес университет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атауы берілді.

2000 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орны болып саналады. 2001 жылы тамыз айында Мемлекеттік аккредитациядан өтті.

Халықаралық ұйымдарға мүшелік ету

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетi жоғарғы мектеп ғылымдарының Халықаралық академиясына, Еуразия университеттер қауымдастығы және ТМД және Балтық елдерінің халықаралық зерттеулер қауымдастығына, Халықаралық университеттер қауымдастығы мен жоғары оқу орындарының Еуропалық қауымдастығына кiредi. 2005 жылы қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті еуропалық бiлiм беру қатынастарына белсендi кiрiгу үшiн жаңа мүмкiншiлiктiң көзiн табатын Болон хартиясына қол қойды.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды мойындау

2005 жылы Оксфорд университетінде білім ордамыз "Бiрiккен Еуропа" мәртебелi халықаралық медальіне лайық деп танылды. 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Сократ атындағы қазiргi қоғамның зияткерлiк дамуына үлес қосқаны үшін (Оксфорд) Халықаралық наградасына ие болды.

2007 жылы «ТМД ең үздік компаниясы» алтын жұлдызымен марапатталған.

2010 жылы QS World Universities рейтингтік агенттігінің нәтижесі бойынша қазақстандық ЖОО арасынан әлемнің үздік 500 топ оқу орны қатарынан көрінген алғашқы оқу ордасы. 2012 жылы аталмыш рейтингіде 369-шы орынға табан тіреді.

«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымындағы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты (2012 ж.).

Халықаралық қатынас

Халықаралық қатынас шетелдік ЖОО-лармен, ғылыми орталықтар және басқа да Еуропалық Одақ, Америка мен Мұхит, Азия және Африка, ТМД елдерінің ұйымдарымен, Қазақстандағы халықаралық ғылым - білім беру қорлары, елшіліктер, өкілдіктермен жасалынған 116 келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. 2001 жылы Елбасының бастамасымен ЕҰУ-де М.В.Ломоносов атындағы ММУ–дің қазақстандық филиалы ашылған.

Қазақстандағы алғашқы ТМД Желілік университеті мен ШЫҰ университеті аясындағы қос дипломды білім беруді жүзеге асырған білім ошағы.

Білім беру

Қазіргі таңда Еуразия ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі.

Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады.

Университет құрамына 13 факультет кіреді (механика-математика факультеті, ақпарттық технологиялар факультеті, сәулет-құрылыс факультеті, жаратылыстану ғылымдар факультеті, әлеуметтік ғылымдар факультеті, заң факультеті, филология факультеті, экономика факультеті, халықаралық қатынастар факультеті, физика-техника факультеті, журналистика және саясаттану факультеті, тарих факультеті және көлік-энергетика факультеті).

Сонымен қатар университетте екі әскери-оқу мамандығы бойынша запастағы офицерлерді дайындайтын әскери кафедра жұмыс істеуде.

Магистрлер мен PhD докорларды дайындауда ғылыми жетекшілік етуге заманауи талаптарға сәйкес Қазақстанның жетекші ғалымдары әлем университеттері мен ғылыми орталықтардың шетел ғалымдары тартылып жатыр.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстанда алғаш рет ТМД Желілік университеті мен ШЫҰ университеті аясында қос дипломды білім беруді келесі мамандықтар бойынша іске асырды:халықаралық құқық, филология, география, экология, экономика, менеджмент, заңтану, наноматериалдар мен нанотехнологиялар.

Ғылым

Бүгінде университет құрамында жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта ғылыми зерттеу жүргізілетін 28 ғылыми бөлімше жүзеге асырылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстың басты бағыты – іргелі ғылым, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттары мәселлерін шешу болып табылады. Жыл сайын университетте 100-ге жуық халықаралық , республикалық ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.

Әлеуметтік-мәдени өмір

Еуразия ұлттық университетi студент- жастардың ұлттық-мәдениетiне, рухани-адамгершiлiгәне, эстетикалық және отансүйгiштiк тәрбиесiне аса мән беріп келеді. Жыл сайын студенттерiміздiң қатысуымен өлкемізде және басқа қалаларда көптеген іс-шаралар,университет байқаулары ұйымдастырылады. Студенттер университетті басқару,білім ордамыздың түрлі мәселелерін шешуде белсенді атсалысып келеді. Университетте ЕҰУ жастар саясатының даму мәселелері,студенттердің әлеуметтік қорғалуы, "Қазақстан студенттерiнiң Альянсы", "Қазақстан жастарының Конгресi", "Жас Отан", Есірткісіз болашақ" және тағы да басқа ұлттық және аймақтық жастар ұйымдарына қатысу мәселелерімен айналысатын Жастар саясатының орталығы құрылған.

Сондай-ақ, ЕҰУ-де студенттiң шығармашылық қабілетін шыңдауда барлық жағдай жасалған. Студенттiк филармония келесi бағыттар бойынша жұмыс iстейдi: театр-студия, хореография, вокал, домбыра, КТК, имидж-топ.Телерадиостудия ашылған.

Студенттердiң, ОҚП мен қызметкердің салауатты өмiр салтына ерекше көңіл бөлінуде. Жыл сайын оқытушылар мен қызметкерлердің спартакиадасы өткізіліп келеді.Спорттық секцияларға қатысып, халықаралық деңгейдегі жарыстарда жеңіспен оралған көптеген білім алушыларымыз тек білім ордамыздың ғана емес, сонымен қатар мемлекетіміздің мақтанышы деп айтуға негіз бар. 



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 25.11.2017 / 11:39 ): www.enu.kz/enu-turaly/index.php?print=Y