Университеттің кадрлық саясаты

Егер сiздің ұжымда жұмыс істеу қабілетіңіз бен батылдығыңыз, табандылық пен еңбекқор қасиетіңізбен қоса, дарынды, білгір болсаңыз, сондай-ақ, ғылым-білім және халықаралық ұйым жұмыстарының ерекшеліктерін меңгерген болсаңыз, біз сізді университет құрамында болуға және қазақстандық білім мен ғылым саласының дамуына өз үлесіңізді қосуға шақырамыз!

Қазiргi әлеуметтiк-экономикалық шарттардағы оқу орындардың жұмыс деңгейі мен сапасы, ең алдымен, жоғары кәсиби қызметкерлердің сұранысқа ие болуы, олардың бәсекеге түсе алатындығы және кәсiби мансап құрумен анықталады.

Кәсіби тұрғыдан алғанда университет жұмысының нәтижесі мінсіз болуы тиіс. Университеттiң лауазымды тұлғаларының сапалы бiлiмі мен тәжірибесі бар, жауапкершілігі мол болуы міндетті. Осы ретте университет тарапынан тек талаптар қойылып қана қоймай, өз қызметкерлерi үшiн кәсiби бiлiм деңгейін жоғарылатуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, кәсіби әлеуетін жетілдірумен қоса, кәсіби тұрғыдан шыңдалуына барлық жағдай жасалып отыр. 

Қажеттi кадрлардың бiлiктiлiк деңгейiмен қамтамасыз етуде қызыметкерлерді басқару бөлiмi жұмыс iстейдi.

ӘУБӘКІРОВА МАЙРАШ АХМЕТҚЫЗЫ
Бөлім бастығы

010008 Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимарат, 267, 177 каб.

+7 (7172) 709486

вн. 31240

Дүйсенбі-жұма сағат 9:00-18:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат13:00-14:00-ге дейін)

Қызметкерлерді басқару бөліміне жұмысқа қабылдауда келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1. Кадрды есепке алу бойынша фотосуретпен бірге жеке парақшасы
2. өмірбаяны
3. түйіндеме
4. жеке куәлігі немесе төлқұжаттың (2 дана көшірмесі)
5. тұрақты тұратын жері туралы анықтама
6. ӘЖК, СТН (2 дана көшірмесі)
7. еңбек кітапшасы
8. білімі туралы диплом қосымшасымен бірге (көшірмесі)
9. ғылыми дәрежесі, атағы туралы диплом (көшірмесі)
10. біліктілікті арттыру туралы құжат (білімі туралы сертификат) (көшірмесі)
11. зейнетақы келісім-шарты (2 дана көшірмесі)
12. 3х4 фото (2 дана)
13. Медицина кітапшасы (немесе 086-У формасындағы медициналық анықтама)
14. техникалық қауіпсіздік жөніндегі бақылау парақшасы (техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер А.Г. Постолюк арқылы толтырылады)
15. Пластикалық тез тікпе папкасы



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 16.12.2017 / 05:39 ): www.enu.kz/enu-turaly/karera/index.php?print=Y