Университеттің кадрлық саясаты

Егер сiздің ұжымда жұмыс істеу қабілетіңіз бен батылдығыңыз, табандылық пен еңбекқор қасиетіңізбен қоса, дарынды, білгір болсаңыз, сондай-ақ, ғылым-білім және халықаралық ұйым жұмыстарының ерекшеліктерін меңгерген болсаңыз, біз сізді университет құрамында болуға және қазақстандық білім мен ғылым саласының дамуына өз үлесіңізді қосуға шақырамыз!

Қазiргi әлеуметтiк-экономикалық шарттардағы оқу орындардың жұмыс деңгейі мен сапасы, ең алдымен, жоғары кәсиби қызметкерлердің сұранысқа ие болуы, олардың бәсекеге түсе алатындығы және кәсiби мансап құрумен анықталады.

Кәсіби тұрғыдан алғанда университет жұмысының нәтижесі мінсіз болуы тиіс. Университеттiң лауазымды тұлғаларының сапалы бiлiмі мен тәжірибесі бар, жауапкершілігі мол болуы міндетті. Осы ретте университет тарапынан тек талаптар қойылып қана қоймай, өз қызметкерлерi үшiн кәсiби бiлiм деңгейін жоғарылатуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, кәсіби әлеуетін жетілдірумен қоса, кәсіби тұрғыдан шыңдалуына барлық жағдай жасалып отыр. Бүгінде университеттің білім беру процесінде 1166 біліктілігі жоғары оқытушылар, оның ішінде 198- доктор, 506-ғылым кандидаттары; 146-профессор, 405-доцент ғылыми атағына ие. Штаттағы профессорлар арасынан 9-ы ҚР ҰҒА академиктері.

Қажеттi кадрлардың бiлiктiлiк деңгейiмен қамтамасыз етуде қызыметкерлерді басқару бөлiмi жұмыс iстейдi.

ӘУБӘКІРОВА МАЙРАШ АХМЕТҚЫЗЫ
Бөлім бастығы

010008 Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимарат, 267, 177 каб.

+7 (7172) 709486

вн. 31240

Дүйсенбі-жұма сағат 9:00-18:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат13:00-14:00-ге дейін)





Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 14.12.2017 / 08:23 ): www.enu.kz/enu-turaly/karera/kadrovaya-politika/index.php?print=Y