Марсель Мұхамбетов
Мен «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының 4 курс студентімін. Барлық пәндерді біліктілігі жоғары мамандар жүргізеді. Апта сайын механика-математика факультетінде белгілі профессорлармен шеберлік сабақтары өтеді. Өзімнің ғылыми қызметімді 2 курста оқып жүргенде бастадым. К.Р. Мырзатаеваның жетекшілігімен дифференциалды теңдеулер бойынша жұмыстар ұсынылды. Ал қазір ықтималдық және математикалық санақ теориясы аясында А.С. Искакованың және механика саласы бойынша Б.С. Шалабаеваның жетекішілігімен жұмыс істеудемін. Жұмыстар республикалық және халықаралық конференцияларға ресми түрде мақұлдауына өттi.
Бүгінде университет тарапынан маған Халықаралық ынтымақтастық Департаментінің веб-өкілдігі бөлімінде жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл білім алумен қоса, тәжірибе жинақтаудың мол мүмкіндігі деп білемін. Тамаша студенттік өмірім үшін университетке айтар алғысым зор.