Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесі

Қазақстан Республикасы 

жоғары оқу орындары ректорларының кеңесі


Кеңес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді дамыту мәселелері бойынша ЖОО-лардың қызметін үйлестіру, оқу процесін, ғылыми жұмысты, ғылыми-педагогикалық кадрлардың және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша оң тәжірибені жалпылау және тарату, жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, елімізді білікті мамандармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ЖОО ұжымдарын әлеуметтік қолдау мен мүшелерін қорғау мақсатында құрылған.

Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

1) оқу процесін одан әрі жетілдіруге, ғылымды дамытуға және материалдық-техникалық базаны жақсартуға бағытталған жоғары білімнің жалпы тәсілдері мен саясатын айқындау үшін ұсынымдар жасау;

2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;

3) экономиканың қажеттіліктерін, еңбек ресурстарының болуын және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандықтарды және дайындық бағыттарын ұтымды орналастырудыескеріп, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

4) студенттер мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің академиялық ұтқырлығына жәрдемдесу, мамандарды даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру және ғылыми зерттеулер саласында жоғары оқу орындар мен ғылыми мекемелерді біріктіруді дамыту;

5) студенттердің практикалық дайындығы, ЖОО түлектерін жұмыспен қамту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен байланыстарын нығайту;

6) кәсіптік бағдарлану және дарынды жастармен жұмыс жасау бойынша ЖОО-лардың қызметін үйлестіру;

7) ЖОО-лардың дамуы, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, тыңдаушылардың, оқытушылардың және ЖОО-лардың басқа қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бойынша іс-шаралар мен ұсыныстарды әзірлеу;

8) жоғары оқу орындарының тікелей халықаралық байланыстарын күшейту мен дамуына жәрдемдесу;

9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мәселелеріне қатысты нормативтік актілердің жобаларына сараптама жасау;

10) салалық академиялармен, жоғары оқу орындарының қауымдастықтарымен, жұмыс берушілер қауымдастығымен, кәсіптік одақтармен, қорлармен өзара әрекеттесу;

11) жоғары оқу орындарының ректорлары мен басшы қызметкерлерінің басқа да санаттарының әлеуметтік мәртебесін арттыруға жәрдемдесу;

12) жоғары мектеп қызметінің мәселелері бойынша мекемелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға және азаматтарға консультациялық және ақпараттық қызмет көрсету болып табылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ҚР жоғары оқу орындары ректорларының кеңесін құру туралы Бұйрық  

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ҚР жоғары оқу орындары ректорларының кеңесі туралы Ереже  

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ҚР жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің құрамы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ҚР жоғары оқу орындары ректорларының кеңесін құру туралы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Бұйрық (№133 от 5.02.2016 ж.)

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ҚР жоғары оқу орындары ректорларының кеңесін құру туралы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Бұйрық (№273 от 13.06.2017 ж.)

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ҚР жоғары оқу орындары ректорларының кеңесін құру туралы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Бұйрық (№523, 16.10.2017 ж.)

2017 ж.:

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің отырысының хаттамасы (№1, 23.02.2017 ж.)

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің отырысының хаттамасы (№2, 02.07.2017 ж.)

2016 ж:

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің отырысының хаттамасы (№1, от 4.02.2016 ж.)

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің отырысының хаттамасы (№2, от 17.08.2016 ж.)

2015 ж.:

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің отырысының хаттамасы (№1, от 24.08.2015 ж.)

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің отырысының хаттамасы (№2, от 10.09.2015 ж.)

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің отырысының хаттамасы (№3, от 23.10.2015 ж.)

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің отырысының хаттамасы (№4, от 11.12.2015 ж.)

№1 Ректор кеңесі отырысының фотогалереясы (от 24.08.2015 ж.)

№3 Ректор кеңесі отырысының фотогалереясы (от 24.08.2015 ж.)

2015 ж. 3-5 қараша аралығы Париждегі франко-қазақстандық ЖОО-лар форумы

Байланыс: 

E-mail: srvrk@enu.kz

Тел: +7 (7172) 709500 ішкі. 31-225



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 23.10.2017 / 10:20 ): www.enu.kz/enu-turaly/rektorlar-kenesi/index.php?print=Y