Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Кармелюк Анастасия Вячеславона
директор


010008 Астана қаласы, Сатпаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимарат, 301 каб.

+7 (7172) 709498

ішкі. 31309


Департамент туралы

Бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті көпұлтты және көпмәдениетті университеттердің бірі болып табылады. Біз үшін көпмәдениеттілік пен көптілділікті сақтау негізгі құндылықтардың бірі болып саналады.

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің міндеті – университеттің интернационалдандыру қызметін қамтамасыз ету және ЕҰУ-дің ғаламдық білім беру кеңістігінде еуразия аймағының ғылым –білім беру орталығы ретінде мынандай жолдармен танылуын арттыру: 

1.     Әлемнің жетекші университеттерімен, стипендиалды бағдарламалармен, білім-ғылым ұйымдарымен тиімді әрі тұрақты байланыстар орнату мен дамыту, іздестіру;

2.     Жаңа халықаралық бағдарламалар іздестіру, ЕҰУ білім алушылары мен ОПҚ-ға, қызметкерлерге ақпараттарды тарату және кеңестер өткізу;

3.     Университеттің білім алушылары, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлерді академиялық ұтқырлықпен қамтамасыз ету, сондай-ақ, әріптес ЖОО-лардың білім алушыларын ЕҰУ-де білім алуға тарту, орналасуға, тіркелуге кеңес беру-ұйымдастыруға көмек көрсету;

4.     ЕҰУ-де көптілділік білім беруді дамыту;

5.     Қос дипломды білім беруді дамыту;

6.     ЕҰУ-де шетел азаматтарының білім алулары үшін рекрутинг жасау, кеңес беру-ұйымдастыруға, өтінімдер, орналасуға, тіркелуге көмек көрсету;

7.     Шетел мамандарын тарту;

8.     Консорциумдар, халықаралық қауымдастықтарда университет жұмысын ұйымдастыруға атсалысу;

9.     Халықаралық форумдар, білім беру жәрмеңкелері мен басқа да іс-шараларда ЕҰУ-ді таныстыру.


Халықаралық білім беру бағдарламалар бөлімі


Көптілді білім беру мен академиялық ресурстарды дамыту бөлімі


Халықаралық қызметті дамыту бөлімі





Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 26.04.2018 / 23:28 ): www.enu.kz/enu-turaly/structura/departament-mezhdunarodnogo-sotrudnichestva/index.php?print=Y