Академиялық мәселелер департаменті

Палымбетов Шәмен Балтабайұлы
директор


010008 Астана қаласы, Сатпаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимарат, 120 каб.

+7 (7172) 709465

ішкі. 31147


Департамент туралы

Академиялық мәселелер департаменті университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Академиялық мәселелер департаментінің негізгі қызметтері:

- кредиттік оқыту технология  негізінде университтегі оқу процесін ұйымдастыру және басқару;

- бакалавриат, магистратура және PhD докторантура мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, білім алушылардың пәндерге тіркелулері негізінде әрбір оқу жылына жұмыс-оқу жоспарларын құруды ұйымдастыру және бекітулерін қамтамасыз ету;

- оқу процесін тұрақты түрде дамытып отыру, білім беру қызметі сапасын арттыру;

- оқу процесін жоспарлауды қамтамасыз ету және ұйымдастыру, университеттің барлық мамандықтары бойынша оқу жылына арналған академиялық күнтізбе жобасының әзірленуі және олардың оқу формаларының жұмыс оқу жоспарларымен сәйкес келуі;

- оқу процесіне қажетті университеттің оқу-әдістемелік жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру, оқу-әдістемелік және ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;

- оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың және оқу-әдістемелік кешендердің сапалы дайындалуын тексеру және талдау;

- сабақтардың өткізілуін ұйымдастыру және бақылау: аудиториялық қорға байланысты сабақ кестелерін әзірлеу, белгілі себептерге байланысты сабақ кестелеріне өзгерістер ендіру және сабақтардың өткізілуін тексеру;

- университеттің жалпы оқу жүктемесінің көлемін есептеу, кафедралар бойынша оқытушы-профессорлар құрамы мен қосымша персоналдың штаттық кестесін құру,  сағаттық төлем қорын есептеу және жоспарлау;

- жетекшілер мен рецензенттердің тағайындалуының және студенттердің дипломдық жұмыстары (жоба) тақырыптарын бекіту туралы бұйрық жобаларын әзірлеу;

- мемлекеттік аттестаттау комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

- оқу жүктемесінің орындалуын бақылау және университет бойынша оқу жүктемесінің орындалған жалпы көлемін есептеу;

- мамандықтар бойынша практика базаларын қалыптастыру;

- білім алушылардың практикадан өтуіне және әрі қарай жұмысқа орналасуына қажетті ұйымдар мен мекемелерімен келісімшартқа отыру;

- университет түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді жинақтау;

- университет мамандықтары бойынша кәсіптік бейімделуге қатысты жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;


Академиялық мәселелер департаментінің құрамына 3 бөлім кіреді:


Мониторинг және оқу процесін ұйымдастыру бөлімі


Карьера және бизнес әріптестігі бөлімі


Жоспарлау және оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімі

Ахметова Шолпан Толеуовна
Директор орынбасары

010008 Астана қаласы, Сатпаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимарат, 118 каб.

+7 (7172) 709500

ішкі. 31146

Дүйсенбі-жұма сағат 9:00-18:00-ге дейін (түскі үзіліс: 13:00-14:00)






Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 17.10.2017 / 15:45 ): www.enu.kz/enu-turaly/structura/departament-po-akademicheskim-voprosam/index.php?print=Y