Студенттермен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі

Әлқожа Рүстем Әбдіоқапұлы
Бөлім бастығы

010008 Астана қаласы, Сатпаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимарат, 107 каб.

ішкі. 31104

Дүйсенбі-жұма сағат 9:00-18:00-ге дейін. (түскі үзіліс сағат 13:00-14:00 аралығы)

Жастар ұйымдары және студенттермен жұмыс бөлімі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Студенттердің сабақтан тыс уақытын ұйымдастыратын және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін жоғарғы оқу орнындағы бөлімдер мен қоғамдық құрылымдардың қызметін басқару және үйлестіру жұмысымен айналысады.

Жастар ұйымдары және студенттермен жұмыс бөлімінің негізгі мақсаты жастардың өзін-өзі танытуына жағдай жасау.

Жастар ұйымдары және студенттермен жұмыс бөлімінің қызметі:  жастар саясатын жүзеге асыру бойынша түрлі акциялар өткізу, оқудан тыс шаралар мен мерекелер ұйымдастыру, жоғарғы оқу орны басшылары мен студенттердің сұхбатына дәнекер болу.

Бөлімнің негізгі қызметі: университеттегі мәдени-бұқаралық және мерекелік іс-шаралардың жоспарын жасау, оның орындалысын қамтамасыз ету; жұмысты университеттің құрылымдық бөлімшелері және факультеттермен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы ұйымдастыру, оқудан тыс уақыттағы студенттердің талаптары мен қызығушылықтарын зерттеу, факультеттер мен жатақханаларда танымал ғалымдармен, мәдениет қайраткерлерімен, дөңгелек үстел, пікірсайыс, тақырыптық, шығармашылық кеш өткізу; студенттер сенаты, факультет мәслихаттары, студенттер кеңесі мен қоғамдық бірлестіктер сынды студенттердің өзін-өзі басқару органының жұмысын үйлестіру; мемлекеттік жастар саясатына қатысты жоғары органдардың сауалдарына жауап әзірлеу; әлеуметтік жағынан аз қамтылған студенттер жайлы мәліметтер банкін жаңарту және толтыру (көпбалалы отбасынан шыққан және жетім студенттер); студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын өткізу.

Бөлімнің жастар ұйымдарымен жұмыс істеудегі негізгі міндеттері:

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты мен университеттегі тәрбие жұмысы тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және бақылау. Университеттегі студенттердің қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру; студенттердің белсенді азаматтық ұстанымдарын қолдауға жағдай жасау; жастарды патриоттыққа тәрбиелеу; студенттердің шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.    



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 21.10.2019 / 23:04 ): www.enu.kz/enu-turaly/structura/departament-sotsialno-vospitatelnoy-raboty/otdel-po-rabote-so-studentami/index.php?print=Y