Жұмыс берушілер кеңесі

Мамандар даярлығы сапасын арттыру мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жұмыс берушілер кеңесі құрылды.

Жұмыс берушілер кеңесі университет дамуы мен жоғары білікті мамандар дайындаудың өзекті мәселелерін шешуде нақты ұсыныстар әзірлеу мақсатында жұмыс берушілер мен университет өкілдерінің арасындағы сұхбат алаңы болып табылады. Кеңес шешімдері ұсыныс пен кеңес берушілік сипатқа ие.

Кеңес келесі мәселелерді қарастырады:

- еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып, сапалы білім беру ортасын қалыптастыру, университеттің білім беру және ғылыми әлеуетін нығайту саласындағы мәселелерді шешуге ықпал жасау;

- жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, кәсіби білім беру жүйесін дамытуға, түлектердің кәсіби біліктіліктерін қалыптастыруға ат салысу;

- білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен сараптауға және кәсіптік практиканы ұйымдастыруға, сонымен қатар практика базаларын кеңейтуге, ортақ ғылыми-зерттеу бағдарламаларын, жобалар мен іс-шараларды өткізуге қатысу;

- түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ету. 


Жаңалықтар

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жұмыс берушілер кеңесі туралы Ереже

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жұмыс берушілер кеңесінің құрамы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жұмыс берушілер кеңесі отырысының Хаттамасы (№1)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жұмыс берушілер кеңесі отырысының Хаттамасы (№2)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жұмыс берушілер кеңесі отырысының Хаттамасы (№3)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жұмыс берушілер кеңесі отырысының Хаттамасы (№4)

Жұмысқа орналастыру бойынша 2016 жылдың 21 сәуіріндегі жиналыс қорытындысының Хаттамасы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жұмыс берушілер кеңесінің №1 фотогалереясы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жұмыс берушілер кеңесінің №2 фотогалереясы

Байланыс:

E-mail: aldasheva_ls@enu.kz

Телефон: 7 (7172) 709 500, ішкі. 31166



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 15.12.2017 / 23:50 ): www.enu.kz/enu-turaly/zhymys-berushiler-kenesi/index.php?print=Y