Әскери кафедраның құрылу тарихы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қарашадағы №1403 Қаулысын іске асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 19/6 ақпандағы №57/73 бұйрығымен құрылды.

2002 жылы 14 қаңтарда ҚР ҚМ бұйрығымен әскери кафедраның басшысы болып генерал-майор Еламанов Уәли Бисақанұлы сайланды.

Ректор Мырзатай Жолдасбековтың бұйрығымен әскери кафедра университет құрылымына енгізілді және оның орналасуына Жаратылыстану-техникалық институты «Б» ғимаратының 2-ші және 3-ші қабатынан жер бөлінген.

2002 жылдың наурызынан тамызына дейінгі уақыт аралығында әскери кафедрада жөндеу жүргізілді және оқу аудиторияларының жабдықтары, оқудың және тәрбиенің қажетті техникалық құралдарымен жабдықталған оқу сыныптары, оқитын пәндер бойынша әдістемелік өңдеулер мен оқу құралдары дайындалған.

Әскери кафедраның құрылуына мұрындық болғандар: полковник Байғазин С.Т., полковник Тұрманқұлов Б.Б., капитан Нұрмашев К.Б., майорлар Нұрмаханов Б.Н., Аманбаев Б.Х., Әшірбеков О.Б., аға лейтенант Құсаинов М.Д., подполковник Қоғабаев М.А., капитан Аханов Д.Е.,запастағы полковниктер Машинецкий В.М., Павлов Д.В., Арсланбаев М.Д., қызметкерлер Наумова Т.П., Буковская Г.Н., Жұмабекова С.К., Жиенқұлова Г.К.

2002 жылы тамызда әскери кафедра студенттерінің әскери дайындықтары ҚР-дың Қорғаныс министрлігінің комиссиясымен тексерілді. Бітіруші студенттердің әскери дайындықтан өту туралы көптеген өтініштерін есепке ала отырып, ҚР ҚМ-нің келісімімен студенттерді жылдамдатылған бағдарлама бойынша қабылдау жүргізілді.

Әскери кафедрада оқу жылы 2002 жылдың 2 қыркүйегінен басталды. 



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 18.10.2017 / 09:51 ): www.enu.kz/facultetter/askeri-kafedra/askeri-kafedra-turaly/askeri-kafedrany-kuru-tarihi/index.php?print=Y