Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты

2018 жылдың 1 ақпанынан бастап Еуразия ұлттық университетінде Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты жұмыс істей бастады.

Институт қызметінің басты мақсаты желіні кеңейту мен қызығушылық танытқандарға қосымша білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін факультет қызметі мен университет қызметін біріктіру мен үйлестіруді қарастыратын біліктілікті арттыру саясаты мен үздіксіз қосымша білім беруді дайындау мен жүзеге асыру болып табылады.

Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты, қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

·  Біліктілікті арттыру

·  Кадрларды кәсіби қайта даярлау

·  Қысқа мерзімді курстар

·  Тренингтер

·  Семинарлар

·  Вебинарлар

·  Дайындық курстары

·  Тілдік курстар

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің БАжҚБИ білім алушылары, тыңдаушылары жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар саласының сәйкес іргелі және қолданбалы зерттеулерін жүргізетін ғалымдардың жаңа жетістігімен танысуға мүмкіндік алады.

Университеттің жетекші ғалымдары-ғылым докторлары мен профессорларының жетекшілігімен білім алу 13 факультет базасында өтеді: 66 кафедра, 18 ғылыми-зерттеу институты, 3 ғылыми зертхана және 7 ғылыми орталық бар.

Біліктілікті арттыру курстары күндізгі және қашықтықтан тыс оқу технологиясы арқылы жүзеге асырылады.

Институтта компанияның нақты қызмет саласы бойынша біліктілікті арттыру бағдарламасын дайындау мүмкіндігі бар.

Байланыс:

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты

Оқу-әкімшілік (бас) ғимарат, 122 кабинет.

Телефон: +7 (7172) 709522, ішкі: 31-103

Эл.пошта: ipk_enu@mail.ru



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 25.09.2018 / 14:08 ): www.enu.kz/facultetter/biliktilikti-arttyru-zhane-kosymsha-bilim-beru-instituty/index.php?print=Y