Дайындық бөлімі

ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНДЕ ОҚУ

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» №554 бұйрығына сәйкес 2017-2018 оқу жылынан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дайындық бөлімі жұмыс істеуде.

Дайындық бөліміне оқуға түсу үшін шетелдік азаматтар (этникалық қазақтар) тыңдаушылар қатарына үміткер ретінде қатыса алады.

Дайындық бөліміне түсу үшін тестілеуді тапсыру екі пән бойынша өтеді: қазақ тілі және математика. Кешенді тестілеуге келген үміткер жеке басын анықтайтын және жеке басты куәландыратын тиісті құжатын ұсыну арқылы жүргізіледі.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2018-2019 оқу жылына тыңдаушылардың құжаттарын қабылдау 2018 жылдың шілде-тамыз аралығында жүзеге асырылады. Дайындық бөлімінде оқу мерзімі 9 айға созылады.  

Оқыту тілі: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Дайындық бөліміне білім грантымен түскен тыңдаушыларға ай сайын шәкіртақы (степендия) төленеді және жатақханадан орын беріледі.

Дайындық бөлімі шетелдегі қандастарымыздың Қазақстан Республикасының орта мектебінде білім алмағандығын ескере отырып, қазақ тілі, қазақстан тарихы, математика және бейімдік пәндерді оқыту барысында ЖОО-ға түсу үшін кешенді тестілеуге даярлайды.

Дайындық бөліміне қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бұйрығына сәйкес шығарылатын университет ректорының шешімімен жүзеге асырылады.

МЕРЗІМІ:

· Орта білім (11-12 сынып) негізінде оқу процесі тек күндізгі бөлім – 9 ай мерзімінде өткізіледі.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

Кешенді тестілеуге қатысу үшін және университетке қабылдану үшін төмендегі құжаттарды даярлау:

· Үміткердің өтініші;

· Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды расталған аудармасы) (төлқұжатта ұлты «қазақ» деп көрсетілмеген болса азаматы болып табылатын елдің Елшілігінен ұлты жөнінде анықтама алып келу)

· Аттестат немесе диплом (түпнұсқа), (нотариалды расталған көшірмесі және аудармасы)

· 3х4 көлеміндегі 6 дана фотосурет, конверт;

· 086У формасындағы дәрігерлік анықтама

 

Дайындық бөлімінің мекен-жайы:

Қазақстан. Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 15

№6 оқу ғимараты, Дайындық бөлімі.

Университеттің электрондық мекен-жайы:

www.enu.kz

Телефон: (8-71-72) 70-95-00

Дайындық бөлімінің жетекшісі: Құлманов Қуандық Сәндібекұлы (ұялы тел.: 87011815060).



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 07.01.2020 / 18:24 ): www.enu.kz/facultetter/dayyndyk-bolimi/index.php?print=Y