G-GLOBAL жастар қозғалыс

G-global www.enu.kz

Қазақстан Республикасының студент-жастарының G-GLOBAL жастар қозғалысын қолдау штабының

АШЫҚ ХАТЫ

Біз, студент-жастарының G-GLOBAL жастар қозғалысын қолдау штабы Қазақстан Республикасының жастарына Ашық хат жолдаймыз.

Біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «G-Global» коммуникативтік алаңы идеясын жүзеге асыруды қолдаймыз.

Біз отандық және әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға Қазақстан жастарының белсенді атсалысуын қалаймыз!

Біз еліміздің және әлем экономикасының басым бағыттарын іске асыру мүмкіндігін қарастырамыз.

Біз еліміздің халықаралық арена биігінен көрінуін қалаймыз!

Қазіргі таңда әлемдегі экономикалық жағдай тұрақсыздығымен және орнықсыздығымен сипатталады. Дағдарыстар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізетіні анық, сондықтан бүкіл мемлекет дағдарысқа қарсы тұрудың жолдарын іздестіреді. Қазіргі таңда әлемдік экономика дағдарысынан шығу жолдарын іздестіру мақсатында алдыңғы қатарлы елдер (G8 Альянстары, G20) жетекшілерінің кездесулері мен отырыстары өтті. Алайда аталмыш кездесулер, негізінен, жоғары саяси деңгейде ғана өтіп, бұл одаққа кірмейтін мемлекеттердің қарапайым халқының басым бөлігінің пікірі еленбеді.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткен салтанатты жиында әлемдегі дағдарысқа қарсы шешімдер шығару жолын іздестіру үшін қатысушылар санын түбегейлі арттыру жөнінде айтты. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа коммуникативті алаңды G-Global деп атауды ұсынды. Астана экономикалық форумы оның жұмыс жүргізу алаңына айналды. Мемлекет басшысы форумда сөйлеген сөзінде G-Global-ды құру идеясы саяси, сарапшылық және іскерлік ортада, әлемдік қауымдастықта кеңінен қолдау тапқанын атап көрсетті.

«G-global сұхбат алаңы» - бұл отандық экономика мен әлем экономикасының дамуына қызығушылық танытатын бүкіл әлеуметтік топтар мен әлемге арналған жоба. Бүкіл әлемнің Интернет пайдаланушыларына АЭФ-ның электронды жүйесіне қатысуға мүмкіндік беретеін бірегей жүйе. Аз уақыт ішінде 150 мемлекеттен 30 000 пайдаланушына біріктірді.

Жобаны 14 Нобель сыйлығының лауреаттары - Роберт Манделл, Джон Нэш, Роберт Корнберг, Эрик Маскин, Джон Ауманн, Финн Кидланд, Джеймс Миррлис және тағы басқалар; халықаралық бизнес және білім, ғылым ұйымдарының өкілдері қолдады.

Қазақстан зияткерлер мен дүниежүзілiк бiрлестiктiң әлеуметтiк желiсi әлемнің келешегіне тәуелдi болатын көлемдi мәселелер ауқымының шешiмдерiнiң iздестiруiмен шұғылданған. Күнде әлемдік сарапшылық бiрлестiк үшiн жағдайлар жасалынады - әлеуметтiк-экономикалық, саяси, мәдени, демографиялық және тағы басқа сұрақтар бойынша интерактивті, ашық, көпшілік пiкiрталастар.

«G-global» коммуникативті алаңының қатысушылары мақалаларын жариялай отырып, өзекті мәселелер жөнінде пікір алмаса келе, ғылыми және іскерлік қызығушылық саласында ынтымақтастық ете алады.

Жылсайынғы Астана Экономикалық форумы кезінде «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығы Нобель сыйлығының лауреаттары, саяси және қоғам қайраткерлерінің еңбектері жарияланған «Еуразия экономикалық шолу» (Eurasian economic review) журналында ең үздік ғылыми жұмыстар мен мақалалар жарияланатын «G-global» коммуникативті алаңының сайыстарын өткізеді. Сонымен бірге байқау жеңімпаздары ғылыми жұмыстарды қолдау бағытында дипломдар және құрмет сертификаттары, сый ақы және көтермелеу сыйлықтармен марапатталады.

Жастардың рөлі, әсіресе студент-жастардың мемлекет қоғамының дамуында маңызды рөл атқарады. Әсіресе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында екендігін үнемі айтып келеді.

Жер бетінде халықтың басым бөлігін жастар құрайтыны белгілі. Қазіргі жастар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесін дамыту, инновациялық қызметтерді ынталандыру, «жасыл экономика» қағидасын және т.б. жетілдіру жолдарын меңгеруге әлеуеті толығымен жететіні хақ. Бұл ретте отандық және әлемдік экономиканың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жолдарын ғаламдық деңгейде, тіпті аймақтық, ұлттық, халықаралық деңгейде жас ұрпақты жұмылдырудың маңызы зор болмақ.

Жоғарыда айтылғандай, Астана экономикалық форумын өткізуде студент-жастарды Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «G-global» коммуникативті алаңы идеясын жүзеге асыруға бағытталған «G-GLOBAL» жастар қозғалысын қолдау штабын қолдауға шақырамыз.

«G-global» коммуникативті алаңының ресми сайтына www.group-global.org тіркеліңіз.

Қосылыңыз!

Бұл саған және маған, елімізге, бүкіл әлемге қажет!

Біз өз тағдырымыз бен мемлекетімізге, әлемге барынша жауапкершілікпен қарайтын өсіп келе жатқан ұрпақпыз.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «G-GLOBAL» жастар қозғалысын қолдау штабы



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 19.10.2017 / 13:19 ): www.enu.kz/g-global/index.php?print=Y