Ғылыми-техникалық кеңес

Жалпы ережелер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми-техникалық кеңесі (әрі қарай ҒТК) университеттің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатын жүзеге асыру және қалыптастыру аясындағы жоғарғы сараптама-кеңес ұйымы болып табылады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми-техникалық кеңесінің төрағасы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша проректор болып табылады. ҒТК-нің ұйымдастыру жұмыстарымен Ғылым бөлімі айналысады.

Негізгі мақсаттары мен міндеттері

Ғылыми-техникалық кеңестің негізгі мақсаты болып ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты жүзеге асыру механизмдері мен қалыптастырудың негізгі принциптерін дайындау болып табылады.

Ғылыми-техникалық кеңестің негізгі міндеті болып білімнің барлық деңгейлерін ғылыммен қамтамасыз ету, инновациялық-технологиялық орталықтарда, ғылыми-зерттеу зертханаларында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру тәжірибелерін қорытындылау және зерттеу, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерінің басым бағыттарын қалыптастыру, университетте Қазақстан Республикасының Индустриалық-инновациялық даму стратегиясы негізгі бағыттарын жүзеге асыру.

ҒТК жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері және құрылымы

ҒТК құрамы ҒТК төрағасы, ҒТК төрағасының орынбасары, ҒТК ғылым хатшысы, ҒТК мүшелерінен қалыптасады. Ғылыми-техникалық кеңеске мүшелік дербес. ҒТК құрамына проректорлер, факультет декандары, жетекші ғалымдар, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер және саланың жоғары білікті мамандары, сонымен қатар сәйкес ғылыми-педагогикалық қызметкерлер қоғамдық бірлестігінің өкілдері кіре алады. ҒТК дербес құрамы, ҒТК төрағасы және оның орынбасары, ҒТК ғылым хатшысы, ҒТК мүшелерінің кандидатурасы ЕҰУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысы екі айда бір реттен кем емес өткізіледі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҒТК жұмысын жыл сайын құрылатын және оқу жылына бекітілетін жоспарға сәйкес жұмыс атқарады. ҒТК жұмыс жоспары жыл сайын ҒТК төрағасымен бекітіледі.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 17.12.2017 / 18:07 ): www.enu.kz/gylym/departamentter-kenester-kogamdar/nauchno-tekhnicheskiy-sovet/index.php?print=Y