Ғылыми қызметі

Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары

сирек қолжазбаларды, сирек қолжазба кiтаптарды, сирек кiтаптарды, түркi және қазақ жазу үлгiлерiн, бағалы ғылыми басылымдарды, коллекциялық кiтапханаларды, археографиялық, эфиграфиялық заттай құндылықтарды іздестіру және жинау, археографикалық ғылыми экспедиция ұйымдастыру; мемориалдық қорлар ашу, мұраларды қордың есебiне алу, жүйелеу, реттеу, сипаттама беру, сақтау шараларын белгiлеу, реставрациялау, дұрыс сақталуын қамтамасыз ету, библиографиялық көрсеткiштер мен анықтамаларға кiргiзу; сирек кiтаптар мен қолжазбаларға ғылыми текстологиялық салыстырулар жасау, ғылыми сипаттамалар жазу, деректану, кiтаптану, эфиграфика саласы бойынша зерттеулер жүргiзу; жазба мұраларды ғылыми басылымға дайындау, аудару, ғылыми түсiнiктерiн жазу, баспаға әзiрлеу, халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми конференцияларда баяндама мен мәлiметтер жасау; тақырыптық көрмелер, ғылыми семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыру, профессорлар мен оқытушылардың, студенттер мен жалпы оқырмандардың ғылыммен айналысуына жан-жақты мүмкiндiк жасау.

Ғылыми жетістіктері мен зерттеме нәтижелері

2001-2011 жылдар аралығында ғылыми орталықтан: монография – 21, жинақ – 51, оқулық – 15, оқу-әдістемелік құрал – 4; жалпы саны – 91 еңбек жарыққа шықты.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 08.02.2017 / 15:43 ): www.enu.kz/gylym/gylymi-zertteu-instituti/сentr-otyrar-kitapkhanasy/gylymi-kyzmeti.php?print=Y