Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығы

1. Құрылым туралы:

А) Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жанындағы «Түркітану және алтайтану» ғылыми зерттеу орталығы

Б) Қаржаубай Сартқожаұлы

2. Ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттары: Көне түрік мәдениетінің тарихын зерттеу. Көне ескерткіштер, мәтіндер, басқа тілдердегі жазба деректерге ғылыми анализ жасап ғылыми еңбектер жазу.

3. Қандай құралдармен жабдықталған:

п/п

Құрылғы атауы

Жабдықтар,

өндіруші, шығарылған жылы

 

1

Қызметтік компьютер

Hasee 3,2 GHz, 500Gb6 4Gb. Монитор 21.5.

жүйелік блок инв.№12005694, пернетақта, тышқан. 2010ж.

2.

Қызметтік компьютер

Hasee 3,2 GHz, 500Gb6 4Gb. Монитор 21.5.

жүйелік блок инв.№12005710, пернетақта, тышқан. 2010 ж.

3.

Қызметтік компьютер

PHILIPS Экран 21,5. Тип матрицы АН IPS. жүйелік блок № 12005695, пернетақта, тышқан. 2008 ж.

4.

Қызметтік компьютер

PHILIPS Экран 21,5. Тип матрицы АН IPS. жүйелік блок № 12005207, пернетақта, тышқан 2007ж.

5.

Принтер

Canon 220-240V, 2010г.

6.

Принтер

Canon 220-240V, 2010г.

7.

Принтер/сканер

LaserJet M1132 MFP, 2008ж.

8.

Сканер

HP Ckanjet, 2008ж.

4. Ғылыми жетістіктері, әзірленген жұмыстар нәтижелері:

1. Ертеорта ғасырдағы (б.з. ҮІІ-ҮІІІ ғғ) Көк түрік империясы бүгінгі қазақ халқының тікелей ата-бабасы екенін дәлелденді.

2. Көк Түрік империясының билеуші тайпасы қыпшақ тайпалық одағы (конфедерация) екенін анықтап, ғылыми тұрғыда дәлелденді.

3. Көк түріктердің қалдырған тарихи-рухани әрі мәдени жәдігерліктері болушы Орхон мұраларының тілі қыпшақ тіл тобына жататындығы дәлелденді.

4. Ежелгі сақтар (скифтер) мен ертеорта ғасырда Еуразия құрлығында империя орнатқан Көк Түріктердің тарихи сабақтастығы анықталды.

5. Әлемде тұңғыш рет «Байырғы түрік жазуының генезисі» туралы ғылыми монография жазып, байырғы түрік бітіг жазуы түрік этносының өзінің творчестволық өнімі екенін дәлелденді.

6. Байырғы түрік жазуының бастау басы ежелгі сақтардан (скиф) бұрынғы, бүгінгі ғылымға аты белгісіз тайпалық одақтардан басталатынын нақты дереккөзімен анықтады. Онда, ежелгі қытайдың Чжоу, Инь хандық заманында жасалып сақталған қалайы қаңылтырдағы жазу арқылы дәлелденді. Сөйтіп, байырғы түрік жазуының шығу тегін 3000 жылға созды.

8. Орхон мәтіндерінен бұрынғы монограммалардың жасын анықтау ғылымға белгісіз еді. Мәтіннің грамматикалық таңбалану ерекшелігі арқылы б.з. І-VІ ғасырлар аралығында жазылғанын дәлелденді. Сөйтіп, байырғы түрік бітіг (рун) жазуының кезеңдеріне өзгеріс енгізіп Алтай-Саян варианты деген жаңа тұжырым енгізілді.

9. Байырғы түркі жазуының бастаулары фразограмма, логограмма, силлабограммалар мен фонемограммаларын алғаш рет ғылыми айналымға ұсынды.

10. Б.з. VII-VIII ғасырлар аралығында жазылып бізге жеткен түркі этносының алғашқы жазба деректері Күлтегін, Білге қаған, Онгин, Тұй-ұқұқ, Күүлі-чор, Селенгі тасы (МШУ), Теркін, Тэс мәтіндерін түпнұсқадан жаңалап көшіріп, этнолингвистикалық, когнитивтік әдістемелер мен тарихи-фонологиялық, грамматологиялық, тарихи-типологиялық, диахронды, синхронды салыстырмаларды пайдалана отырып, қайта қараудың нәтижесінде 500-ге жуық қателер анықталып, жоғарыдағы мәтіндердің жаңа оқылымы жасалды.

11. 2011-2012 жылдары Майхан-уул (Шатыр-тау) жерасты кесенесін (мавзолей) Dromos (дәліз) әдістемесін қолдана отырып ашып, ежелгі Сақ (Скиф), Ғұн (Сюнну), байырға түріктердің ұлыларды жерлеу, жерасты мавзолей орнатудағы дәстүрлік сабақтастығын әлем археологиясында тұңғыш мәрте дәлелденді. Бұл еңбек ЮНЕСКО-да 2011 жылы археологиялық жаңалық ретінде тіркелді.

12. 1908-1909 жылдары А. Стейннің археологияға еңгізген «Dromos» (дәліз) әдістемесін Қазақстан археологиясына 100 жылдан кейін (1 ғасыр) инновация ретінде еңгізіп келді.

13. Орхон түріктерінің ондаған рухани құндылықтарын жаңадан ғылым айналымына кіргізілді.

14. Түркология ғылымының негізін қалаушы ғұлама ғалым В.В.Радловтан кейін 110 жылдан соң Орталық директоры белгілі ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы «Орхон ескерткіштерінің толық Атласын» қазақ, орыс тілдерінде әлем түркітанушыларына ұсынды.

15. «Күлтегін» деректі фильмін жасап орталық, облыстық телеарналардан халыққа таратылды.

16. 2005 жылы тұңғыш мәрте Түркі халықтарының жазу мұражайын жасақтап, ЕҰУ-ның төріне орнатты. Бұған дейін түркі халықтарының мұражайы болмаған. Славян, Роман-саксон, Қытай тексттердің жазу мұражайына береді. Міне осы музей туралы Түркияда 5 мәрте мақала жарияланып, батыс әлемнің музейлеріне арналған халықаралық конференцияда негізігі тақырыптың бірі болып орын теуіп, ғалымдардың қызығушылығын оятты.

5. Халықаралық ынтымақтастық:

Қытай, Түркия, Моңғолия елдерімен тығыз ғылыми қарым-қатынаста жұмыс жасалуда.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 16.01.2019 / 23:28 ): www.enu.kz/gylym/gylymi-zertteu-instituti/centr-tyurkologii-altaistiki/index.php?print=Y