Іштен жану қозғалтқышы қорек жүйесі үшін крекинг газ құрылғысының тәжірбиелік құрылымдық есебі

Автор

Баубек А.А. т.ғ.к., доцент
Е-mail: Baubek_AA@enu.kz
Тел. 87011808934

Мақсаты:

Қозғалтқыштың қорек жүйесіне арналған крекинг газды алудың жаңа патентті технологиясы ұсынылады:
- авто көлік ішінде жанармайдан октанд саны жоғары (100 бір. жоғары) крекинг газды алу;
- ІЖҚ шығару газдарының экологиялық стандартқа сәйкестігі;
- Қорек жүйеснің жаңа технологиясын ҚР авто көлік құралдарына енгізу.

Қысқаша мазмұны:

Есептер:
- термикалық крекинг алуға арналған термореакторды жасау мен жобалау;
- төменгі октанды жанармаймен крекинг газдың құрамын зерттеу;
- ІЖҚ қорек жүйесін крекинг газда жұмыс жасауға жетілдіру;
- крекинг газда жұмыс жасайтын автокөліктің ІЖҚ қуаттық және жүктемелік сипаттамаларын зерттеу;
- крекинг газда жұмыс жасайтын автокөліктің ІЖҚ пайдаланылған газдың зиянды заттардың құрамын зерттеу .

Күтілетін нәтиже:

Жанармайды үнемдеу және ІЖҚ шығарылатын газдардың экологиялық стандартқа сәйкестігі.

Қолданылу ортасы:

Авто жинау зауыттары, таксомоторлы автопарктер, автотранспортты кәсіпорындар, жеке авто иеленушілер

Жүзеге асыру:

Жобаны жүзеге асыруға 300 000мың.тг қажет



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 17.10.2018 / 06:09 ): www.enu.kz/gylym/nauchno-tehnicheskie-proekty/ustroistva-kreking-gaza.php?print=Y