Ғылым туралы

Университет қазіргі таңда қазақстандық рейтингі бойынша бастаушы университеттердiң көшбасшысы болып келеді және оның қызметі инновациялық - технологиялық жол,жаңа технологияларды қолдануды көздейді.

Халықаралық деңгейдегі ЖОО ретiнде университеттің құрылуы ғылым мен технологияны дамытудың басым бағыттары бойынша iргелi зерттеулердi өткiзу жөнінде оқу ордасы алдына өндірістік тәжірибе тапсырмаларын жүктейді. Яғни,университеттiң ғылыми-зерттеу қызметiнiң басты бағыты - iргелi ғылымның негiзгi мәселелерiн, сонымен қатар Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық саясатының басым бағыттарын шешу жолдарына атсалысу болып табылады.

Қазақстан Республикасының индустриалды – инновациялық дамуының 2003-2015 жж. арналған Стратегиясына сәйкес индустриалды - инновациялық саясаттың басымдылығына келер болсақ, экспорттық өндiрiстерге бағытталған экономиканың шикізат емес саласы бойынша жұмыс iстейтiн әлеуеті жоғары бәсекелестік орнату және дамыту болып табылады.

Технологиялық дамытуды игерудің басым бағыттары университеттiң ғылыми орталықтар және институттарының қызметiнде көрініс табатын жаратылыстану ғылымдар бағытына негізделеді.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми зерттеулері ғылыми-зерттеу бөлімшелерінде жүргізіледі. ҒЗИ-ға сілтеме

Барлық ғылыми-зерттеу бөлімшелері университет факультеттерімен, кафедраларымен тығыз қарым-қатынаста. Нәтижесінде тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қоса, шетелге де танымал университеттің бастаушы ғалымдарының жетекшілігімен жұмыс істейтін ғылыми мектептер белсенді түрде дамуда.

Сонымен қатар мына салалар бойынша да ғылыми мектеп табысты дамып, жүзеге асырылуда: биоорганикалық химия, эксперименталды биология және экология, математикалық модельдеу және инновациялық технологиялар, физика және жоғарғы технологиялар, түркітану және алтайтану, археология және әлеуметтану, еуразияшылдық және тағы басқалар.

Жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша ғылыми мектеп дамуының арқасында ғылыми орталықтар мен институттар базасында құрылған зерттеудің iргелi және қолданбалы бағдарламалары бойынша 160-тан астам ғылыми жобалар орындалуда.

Ғылымды дамытудың басым бағыттары аясында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жүргізілетін ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұсыныстарына толығымен сәйкес келедi.

Ғылыми мектептердің даму және орталықтар мен институттардың белсендi қызметiнің нәтижесiнде iргелi зерттеулердiң белсенділігі жоғарылайды, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми әлеуетінің бәсекеге түсе алатындығы мен сұранысқа сай қамтамасыз етуде өндірістік тәжірибе дезерттеу және бiлiм беру жобалары мен бағдарламалары кеңейе түспек. Осылайша, университеттің ғылыми-зерттеу қызметі Қазақстанның ірі ғылыми және зерттеу орталығы ретінде университеттің келешек дамуына, ғылыми және ғылыми-педагогикалық мектептерді дамытуға, университеттің жоғары технологиялы инновациялық инфрақұрылымын құруға бағытталған.  



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 11.12.2017 / 20:59 ): www.enu.kz/gylym/o-nauke.php?print=Y