Практика базаларын қалыптастыру

Практиканың барлық түрлерін ұйымдастыру серіктестік туралы, бірлескен қызмет туралы және білім алушылардың кәсіптік практикасын жүргізу туралы жасалған шарттар негізінде жүзеге асады.

Білім алушылардың кәсіптік практика базалары бар шарттар практика басталатын уақыттан бір айдан кем емес уақытта жасалады. Шартты жасаспас бұрын жасалатын жұмыстың материалдық-техникалық деңгейін, жұмыс істейтін мамандар біліктілігін ескере келе қауіпсіздік техникасы бойынша қажетті шарттарды қамтамасыз ету бойынша практика базаларына анализ жасап, баға беру қажет.  

Білім алушылар заң сараптамасынан өту үшін практика басталған уақытқа дейін бір ай бұрын кәсіптік практикаларды өткізуге қатысты шарттарды жасасулары қажет.

Білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге қатысты  жасалған шарттар негізінде факультет деканы мен факультетте практика бойынша жауапты жетекшінің қол қоюы үшін факультет практиканың түрін, өтілетін орны мен мерзімдерін, практика жетекшісін нұсқаумен ұсыныс дайындайды (практика басталатын уақыттан 3 апта бұрын).  



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 22.10.2019 / 06:40 ): www.enu.kz/karera/studentam/poryadok-prohozhdenia-praktiki/formirovanie-bazy-praktik.php?print=Y