22 Января 2018
2018 жылғы 19 қаңтар күні Академиялық мәселелер департаменті Карьера және бизнес-әріптестік бөлімі мен «Қазаэронавигация» РМК-сы бірлесе отырып, бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша кездесу өткізді. Аталған іс шараға техникалық бағыттағы Көлік-энергетика, Физика-техникалық, Сәулет-құрылыс және Ақпапартық технологиялар факультеттерінің бітіруші курс студенттері қатысты.
«Қазаэронавигация» РМК 3 өңірлік орталықтан (Орталық Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы, Оңтүстік-Шығыс әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы, Батыс Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы), 15 филиалдан, Медициналық орталықтан және Кәсіби даярлау орталығынан тұрады.
«Қазаэронавигация» РМК-сы Кадрлық және әкімшілік жұмыстар департаментінің директоры Әбілова Ғалия Тельманқызы қазіргі уақытта әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерін өзінің Кәсіби дайындау орталығы (Алматы қаласы) базасында, сондай-ақ шетелдік авиациялық оқу орталықтары базасында да даярлауға мүмкіндік беретін оқыту курстарына түлектерді қабылдайтынын айтты.
Сондай-ақ, «Қазаэронавигация» РМК өкілдері: оқытуды ұйымдастыру бөлімінің бастығы - Омарова Гүлнәз Арыстанқызы, жетекші маман - Томилин Геннадий Владимирович, оқытуды ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы - Жүсіпов Бахтияр Әбдірашитұлы және оқытуды ұйымдастыру бөлімінің маманы - Бекешов Төлеген Ермекұлы баяндамалар жасап, даярлық курстары жөнінде толық ақпарат берді.
Студенттер үшін тақырып өте қызықты болды. Бітіруші түлектер іріктеу тестілеуі және әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерін оқыту курсы бойынша барлық сұрақтарына жауап ала алды. Кеш соңында аса қызығушылық танытқан студенттерге кәсіби мамандар өз тәжірибелерінен кеңес берді.