2012 жылдың 21 – 29 қаңтар аралығында Конрад Аденауэр атындағы Қорының ұйымдастыруымен өткен Германия Федеративтік Республикасының (Берлин қаласы) алмасу бағдарламасына Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің магистранты (халықаралық құқық мамандығы бойынша) Муслим Хасенов қатысты. Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен тәжірибе алмасу мақсатында аталмыш бағдарламаға Қазақстан атынансаясат, журналистика, қоғамдық қызмет және ғылым саласынан жалпы 13 адам барды.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасында ұйымдастырылған дәстүрлі «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы 17-18 қаңтар аралығында өтті. Оған оқу ордамыздың құрылымдық бөлімшелерінен және факультет атынан барлығы 14 команда қатысты. Спорт жарыстары жиынтығы бойынша жалпы командалар жүлделі І-ші орынды Ректорат; ІІ-ші орынды Әлеуметтік ғылымдар факультеті және ІІІ-ші орынды Механика математика факультеті иеленді.
Физика және жоғары технологиялар институтында ғылымды ұйымдастыру мен иновациялық бағыттар және ғылым мен техниканың дамуындағы халықтардың ділі мен мәдениетінің рөлі мәселелерін көтергенсеминарлар өтіп тұрады. Осы орайда 30 қаңтар күні «Инновация деген не және не себепті оны өндіріске енгізуге болмайды?» тақырыбында екінші семинар өтті.
25 қаңтарда өткен семинарда Фрибург университетінің (Швейцария) әлеуметтік антропология профессоры Франсуа Руа «Кімнің кім туралы зерттеуге құқы бар? Антропологияның прогрессивті шектеулері. Қазіргі заманғы практикаларға қысқаша шолу» атты тақырыпта баяндама жасады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Филология факультеті шетел тілдері теориясы мен тәжірибесі кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Мультилингвизм және мәдениетаралық білім: Қазақстандағы шетел тілдерін оқыту тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми әдістемелік семинар өтті.