Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ



















Мәртебелі қонақтар

Мәртебелі қонақтар

Жоғары мәртебелі қонақтар
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ге Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден әрдайым мәртебелі қонақтар келіп тұрады. Мұндай жағдайда университеттің басшылығы, студенттер қауымдастығы, оқытушы-профессорлар құрамы қонақтарға өз сауалдарын қойып, саясат пен экономика, білім және ғылым, мәдениет пен өнер т.б. салалар мәселелерін талқылауға мүмкіндік туады. Тек соңғы аз ғана уақытта, яғни 2007-2009-жылдары университетте мынадай мәртебелі қонақтармен кездесу ұйымдастырылды: 

2010 жыл
  • 14 қаңтар - «Металлсақ» компаниясының президенті Мұстафа Чекрекоглы мырзамен ЕҰУ ректорының кездесуі.
  • 14 қаңтар - Норвегия Корольдігінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Даг Малмер Халворсен мырзамен кездесу.
  • 18 қаңтар - Швейцарияның антропология саласындағы маманы, профессор Франсуа Рюэг мырзамен кездесу.
  • 6 ақпан - Норвегия Корольдігінің Тақ Ханзадасы жоғары мәртебелі Хокон Магнустың ЕҰУ студенттеріне арналған дәрісі.
  • 15 ақпан - Сириялық жазушы Исмаил Маруаның «Суад ас-Саббах лирикалық поэзиясындағы субъективизм» атты кітабының тұсаукесері.
  • 16 ақпан - «British American Tobaco» компаниясының өкілдерімен кездесу, ЕҰУ магистранттарына білім беру гранттарын ұсыну салтанатты іс шарасы.
  • 18 ақпан - ОмМПУ университетінің өкілдерімен және Омск облысының білім министрінің бірінші орынбасарымен кездесу.
  • 23 ақпан - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кітапханасына Конфуций институтының Қытай мәдениеті мен қытай тілін оқыту кітаптарын сыйлау салтанатты іс шарасы.
  • 26 ақпан - «ХХІ ғасырдағы Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық: мақсаты, артықшылықтары» тақырыбындағы халықаралық семинар.
  • 3 наурыз - «Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы:4 «Т» қағидасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.
  • 16 наурыз - Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы М.Чавушоғлу мырзаның ЕҰУ студенттеріне арналған дәрісі.
  • 18 наурыз - Франкофония апталығы аясындағы франкофондық әндер жарысы.
  • 19 наурыз - «Өкілдік ету институтын жетілдіру: құқықшығармашылық және құқыққолданушылық сұрақтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.
  • 30 наурыз - ISIC компаниясының өкілдерімен кездесу.
  • 30 наурыз - Окан университетінің (Түркия) өкілдерімен кездесу.
  • 30 наурыз - Орталық Азиядағы ХҚКК (Халықаралық қызыл крест комитеті) аймақтық өкілдігінің басшысы Ив Джованнони мырзамен кездесу.
  • 30 наурыз - Франция Білім министрлігінің жоғарғы білім беру департаментінің бастығымен кездесу.
  • 1 сәуір - SOFTLINE білім беру бағдарламаларын дамыту жөніндегі директор орынбасары Ларшин А.Ю. мырзамен кездесу.
  • 5 сәуір - АВО «Хайматгартен» неміс қайырымдылық ұйымының директоры Фолькер Тегелер мырзамен кездесу.
  • 8 сәуір - Кембридж университетінің Орталық Азия форумының төрағасы, Орталық және Шығыс Азия Комитетінің құрметті хатшысы доктор Сиддхарт Саксена мырзамен кездесу.
  • 13 сәуір - Киссинджер Ассошиейтс Инк және Киссинджер МакЛарти Ассошиейтс компанияларының директоры профессор Томас Грэхеммен кездесу.
  • 22 сәуір - О.Е.Кутафин атындағы ММЗА делегациясының Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ге арнайы сапары.
  • 27 сәуір - Висконсин-Мэдисон Университетінің (АҚШ) өкілдерімен кездесу.
  • 28 сәуір - «Еуразия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету контекстісіндегі ЕҚЫҰ-дағы Қазақстанның төрағалығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.
  • 28 сәуір - CAMPUS France білім беру бөлімінің басшысы Ито Пажес мырзамен кездесу.
  • 30 сәуір - «Ұлы Жеңіс – жаңа көзқарастар мен ұстаным» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.
  • 30 сәуір - «Еуразия сұхбаты» платформасының ұлттық комитет төрағаларымен кездесу.
  • 9-14 мамыр - «Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дегі Баку мемлекеттік университетінің күндері», ЕҰУ-дегі Г.Алиев атындағы кабинеттің ашылуы.
  • 13 мамыр - Карнеги-Меллон университетінің өкілдерімен кездесу.
  • 14 мамыр - Австрия машинақұрастыру одағының өкілдерімен кездесу.
  • 17 мамыр - АCQUIN ұйымы өкілдерімен кездесу.
  • 20 мамыр - Небраска штаты (АҚШ) университетінің өкілдерімен кездесу.
  • 24 мамыр - «Техникалық реттеу 2012: бірыңғай техникалық нормалау және бірыңғай экономикалық кеңістік аумағында тану» тақырыбындағы халықаралық конференция.
  • 25 мамыр - Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің (Сингапур) өкілдерімен кездесу.
  • 26 мамыр - UCL (University College London) өкілдерімен кездесу.
  • 27 мамыр - Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік орталығының ашылуына келген Түркия Республикасының ЖОО өкілдерімен кездесу.
  • 27 мамыр - Түркия Республикасының «ОканХолдинг» компаниясының өкілдерімен кездесу.
  • 27 мамыр - Грузия Білім министрлігінің өкілдерімен кездесу.
  • 27 мамыр - Пенсильвания университеті профессорлы-оқытушылық құрамымен кездесу.
  • 27 мамыр - М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің география факультетінің деканы Н.С.Касимовпен кездесу.
  • 28-29 мамыр - «Тарихтан – қазіргі заманға» атты Достастық елдері тарихшыларының Форумы.
  • 1 маусым - Шетелдегі Қытай достастық қоғамының төрағасының орынбасары Ли Цзяньпин мырзамен кездесу.
  • 2 маусым - ЕҰУ студенттері мен профессорлы-оқытушылық құрамына САК Уакуфтар министрлігіндегі кеңесшісінің Мажид ат-Туркидің дәрісі.
  • 4 маусым - Троица Дублин колледжінің профессорлы-оқытушылық құрамымен кездесу.
  • 7 маусым - Иран Ислам Республикасының Ғылым, зерттеулер мен технологиялар министрлігі мен Денсаулық сақтау мен фармацевтика министрлігінің өкілдерімен кездесу.
  • 18 маусым - «Саяси институттар жүйесіндегі БАҚ: теория және практика» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы.
  • 30 маусым - Үндістан Республикасының Біріккен қызметтер әскери институтының директоры, генерал-лейтенант П.К.Сингх мырзамен кездесу.
  • 12 шілде - Қазақстан Республикасындағы Бельгия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Даниель Бертран мырзамен кездесу.
  • 21 шілде - «Мегаполистер мен жаңа астаналардың геотехникалық инфрақұрылымы» атты халықаралық Қазақстан-Корей геотехникалық семинары.
  • 29 шілде - Малайзия Технологиялық Университетінің өкілдерімен кездесу.
  • 3 тамыз - Қазақстан Республикасындағы Бельгия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Даниель Бертран мырзамен кездесу.
  • 5 тамыз - Корей ұлттық демонстрациялық тэквандо командасымен кездесу.
  • 12 тамыз - "ENU.NET» әлеуметтік желісі жобасы аясында «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, «Хуавей-Алматы» ЖШС-нің бас директоры Цинь Цзаньюмен кездесу.
  • 18 тамыз - Түркияның Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жанындағы Минералдық ресурстарды зерттеу басқармасының бас директоры Мехмет Узермен кездесу.
  • 20 тамыз - Румынияның Бабеша-Бойяи атындағы университеті ректоры Андрей Марга бастаған делегациямен кездесу.
  • 26 тамыз - Бейрут Америкалық университетінің делегациясымен кездесу.
  • 28 тамыз - «Конститутция демократиялық мемлекетті дамытудың негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.
  • 6 қыркүйек - Адам Мицкевич атындағы университет өкілдерімен кездесу.
  • 15 қыркүйек - Синцзянь университетінің ректоры Анивар Амут мырза бастаған университет делегациясымен кездесу.
  • 15 қыркүйек - Коммуникация саласы бойынша кеңесші, масс-медиа бойынша жаттықтырушы америкалық репортер Мими Госстың (АҚШ) ЕҰУ студенттерімен кездесу.
  • 16 қыркүйек - Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Бернар Пакто мырзамен кездесу.
  • 17 қыркүйек - Қазақстандағы Испан Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберто Антон Кортес мырзамен кездесу.
  • 18 қыркүйек - Чили Республикасы тәуелсіздігінің 200 жылдығы аясында Қазақстандағы Чили Республикасының құрметті консулы, з.ғ.д., профессор Л.Г.Шейнгезихтпен кездесу.
  • 20 қыркүйек - ЮНИСЕФ балалар құқығының маманы Невена Вукович-Сахович мырзамен кездесу.
  • 21 қыркүйек - Хоккайдо зерттеу-аналитикалық агенттігінің өкілдерімен кездесу.
  • 22-24 қыркүйек - Башқұрт мемлекеттік университеті делегациясының Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ге сапары.
  • 22-25 қыркүйек - «Қазіргі қоғамның тұрақты дамуы аясында адам мен табиғаттың өзара ғаламдық байланысы туралы гумбольдтік негізгі танымның рөлі» тақырыбындағы ІІІ-ші халықаралық пәнаралық конференция.
  • 23-26 қыркүйек - «Қазіргі суицидтік терроризм: себептері, үрдістері мен алдын алу жолдары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми семинар.
  • 23 қыркүйек - Франция халықаралық білім беру бағдарламаларының презентациясы. CAMPUS FRANCE білім беру орталығының басшылығымен кездесу.
  • 24 қыркүйек - Қазақстандағы Финляндияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Микко Киннунен мырзамен кездесу.
  • 28 қыркүйек - Қазақстандағы Ирак Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Раджех Сабер Аббуд әл-Мусауи мырзамен кездесу.
  • 29 қыркүйек - «Латын Америкасының Қазақстандағы апталығы» аясындағы Пабло Неруданың шығармашылығына арналған Қазақстандағы Чили Республикасының құрметті консулы, з.ғ.д., профессор Л.Г.Шейнгезихттің дәрісі.
  • 30 қыркүйек - Қазақстандағы Ливияның сенімді өкілі Ахмед Салих Аддеб мырзамен кездесу.
  • 30 қыркүйек - «Қазақстандағы Латын Америкасының апталығы» аясында Пабло Неруда шығармашылығына арналған дәріс.
  • 1 қазан - «Ғылым. Білім. Жастар. Халықаралық ынтымақтастық» тақырыбындағы дөңгелек үстел.
  • 4 қазан - Германияның тарихи зерделеу қорының төрағасы Райнер Эппельманның дәрісі.
  • 6 қазан - Глазго университетінің (Ұлыбритания) өкілдерімен кездесу.
  • 8 қазан - Цукуба университетінің магистрлік бағдарламаларын таныстыру ісшарасы.
  • 9 қазан - «Еуропада оқы!» атты еуропалық 2-ші білім беру жәрмеңкесі.
  • 13 қазан - «Орталық Азиядағы көші-қон және қауіпсіздік проблемалары» атты халықаралық ғылыми семинар.
  • 18 қазан - Польшаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Гавенцки бастаған Польша ЖОО өкілдерімен кездесу.
  • 18 қазан - Неміс жазушысы, ақын, физик Ц.Софрониеваның Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Филология факультетінің студенттерімен кездесу.
  • 19 қазан - Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумының «III мыңжылдықтағы білім беру: жанұя, мектеп, қоғам» тақырыбындағы төртінші секциясының отырысы.
  • 20 қазан - Гаван университетінің профессоры, Кубаның философиялық зерттеулер қоғамының вице-президенті Армандо Кристобаль Перес және Қазақстандағы Куба Елшілігінің бірінші хатшысы Мигель Санчос Ордоньес мырзамен кездесу.
  • 20 қазан - Иордания Парламенті Сенатының Төрағасы Тахир Масри мырзаның Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттеріне арналған дәрісі.
  • 20 қазан - Германия Бундестагының мүшесі, Христиан-Демократиялық Одағының депутаты Вольфганг Бернзен мырзамен кездесу.
  • 20 қазан - Бүкіләлемдік Ислам Теңге сарайының негізін қалаушы Умар Ибрахим Вадильо, Еуропа Мұсылмандары одағының төрағасы Абу Бакр Ригер мен Жапон мұсылмандары одағының мүшесі Хасан Накада мырзамен кездесу.
  • 20 қазан - Белгілі исламтанушы И.В.Порохованың дәрісі.
  • 21 қазан - Солтүстік Дакота мемлекеттік университеті өкілдерімен кездесу.
  • 22 қазан - «Бейтаныс итальян тілі» атты итальян тілінің Х апталығы.
  • 25 қазан - ҚР Арбитражды Сотының экс-төрағасы, з.ғ.д., профессор И.А.Тетеркинның дәрісі.
  • 26 қазан - Ресей Инженерлік білім беру ассоциациясы аккредитациялық орталығының эксперт комиссиясы мүшелерімен кездесу.
  • 26 қазан - «Universidad.es» қорының Президенті Моника Маргаритпен кездесу.
  • 28 қазан - «Қазіргі замандағы жастар мен дін» атты халықаралық конференция.
  • 28 қазан - Ресей Инженерлік білім беру ассоциациясы аккредитациялық орталығының эксперт комиссиясы мүшелерімен кездесу. 
 
2009 жыл
• 2009 жылдың 8-ші қыркүйегінде университетімізде Ұлыбритания мемлекетінің Еуропа жөніндегі министрі, баронесса Гленис Киннок дәріс оқыды.
• 2009 жылдың 4 маусымы - АҚШ-тың франчайзинг мәселелері бойынша спикері Чарльз Уикс экономика факультетінің студенттері үшін дәріс оқыды. 2009 жылдың 2 маусымы - Познань қаласындағы (Польша) ЖОО-ның өкілдерімен кездесу;
• 2009 жылдың 27 мамыры - Ресей Федерациясы Есеп палатасының Төрағасы С.В. Степашинмен кездесу;
• 2009 жылдың 26 мамыры - Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігінің бірінші хатшысы Павел Ессамен кездесу;
• 2009 жылдың 21 мамыры - Ресейдің сот төрелігі Академиясынан келген делегациямен кездесу;
• 2009 жылдың 21 сәуірі - Стэндфорд университетінің Президентінің бас көмекшісі, және осы университет кеңесінің хатшысы Джефри Вачтелмен кездесу;
• 2009 жылдың 21 сәуірі - «Нұр Астана» Орталық мешінің бас имамы Қалижан Заңқоевпен кездесу;
• 2009 жылдың 17 сәуірі - композитор Төлеген Мұхамеджановпен кездесу;
• 2009 жылдың 14 сәуірі - Директорлар Кеңесінің өкілетті мүшелері профессор Осман Хората және профессор Мухиддин Шимшекпен кездесу;
• 2009 жылдың 10 сәуірі - профессор Дэвид Гуттерман "Әлемдік қаржы дағдарысы» деп аталатын дәріс оқыды;
• 2009 жылдың 8 сәуірі - Корея Республикасының қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ли Бен-Хвамен кездесу;
• 2009 жылдың 7 сәуірі - Иордан Хашимид Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Слайман Арабиатпен кездесу;
• 2009 жылдың 7 сәуірі - АҚШ-тың Халықаралық судья қауымдастығының сарапшысы Пол Магнусонмен кездесу;
• 2009 жылдың 7 сәуірі - Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесу;
• 2009 жылдың 3 сәуірі - Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен кездесу;
• 2009 жылдың 3 сәуірі - Үнді мәдениет орталығының оқытушыларды дайындау орталығының директоры К.Ачраймен кездесу;
• 2009 жылдың 30 наурызы - Араб мемлекеттері Лигасының елшісімен кездесу;
• 2009 жылдың 18 наурызы -БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ өңірі бойынша арнайы өкілі Роберт Симмонспен кездесу;
• 2009 жылдың 12 наурызы - Түркияның профессоры Октай Синаноглының дәрісі;
• 2009 жылдың 10 наурызы - Белорусь мемлекеттік университетінің ректоры С.В. Абламейко мен кездесу және осы университетпен әріптестік байланыс орнату туралы меморандумға қол қою;
• 2009 жылдың 9 наурызы - РХДУ ректоры В.М. Филипповпен кездесу және осы университетпен әріптестік байланыс орнату туралы меморандумға қол қою;
• 2009 жылдың 9 наурызы - Бакинск мемлекеттік университетінің ректоры А.М. Магеррамовпен кездесу және осы университетпен әріптестік байланыс орнату туралы
• 2009 жылдың 9 наурызы - Днепропетровск ұлттық университетінің ректоры Н.В. Поляковпен кездесу және осы университетпен әріптестік байланыс орнату туралы меморандумға қол қою;
• меморандумға қол қою;
• 2009 жылдың 4 наурызы -Ресейдің мемлекеттік Поляр Академиясының ректоры А.Т. Шаукенбаевамен кездесу;
• 2009 жылдың 3 наурызы - ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық байланыс, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Қ.С. Сұлтановпен кездесу;
• 2009 жылдың 3 наурызында БҰҰ-ның Орталық Азиядағы аймақтық орталығының басшысы, елші Мирослав Енчи«Роль Центра ООН по Превентивной Дипломатии в Центральной Азии» атты дәріс оқыды;
• 2009 жылдың 20 ақпанында - Канаданың Райерсон университетінің профессоры М. Мерфимен кездесу;
• 2009 жылдың 18 ақпанында Венгрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Янош Балломен кездесу;
• 2009 жылдың 12 қаңтарында - Сауд Арабиясы Корольдігінің Жоғары білім министрінің халықаралық қатынастар бойынша кеңесшісі Исабен Абдалла әл-Исамен кездесу;

2008 жыл
• 2008 жылдың 28 қарашасы – Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік Академиясының салалық экономика және қаржы кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты, Ресейдің жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, Халықаралық инвестиция Академиясының бірінші вице-президенті - СПИЦЫН Анатолий Тихонович (Ресей Федерациясы), Ресейдің жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дің профессоры, Халықаралық ғылым Академиясының құрметті мүшесі - КУЗНЕЦОВ Олег Леонидович (Ресей Федерациясы), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне 28 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Экономика факультетінің базасында PhD докторанттары мен магистранттарға және студенттерге дәріс оқу үшін келді.
• 2008 жылдың 3 қыркүйегі – Жалпыкөлемдік ядролық сынаққа тыйым салу туралы келісімшарт ұйымының Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Тибор Тот мырзамен кездесу.
• 2008 жылдың 23 шілдесі – Словакия технологиялық университетінің (Словакия, Братислава қ.) ректоры Владимир Балеша мырза мен халықаралық қатынас проректоры Душана Петраша сапары;
• 2008 жылдың 21 ақпаны – Яноша Кодолани университетінің (Венгрия) өкілдерімен кездесу. Делегация құрамына Венгер университетінің ректоры, профессор Петер Сабо, Шығыс Европа және Қиыр Шығыс істері жөніндегі ректордың кеңесшісі, экс-төтенше және өкілетті елші Йено Молнар, қашықтан білім беру институтының директоры Орсолия Хофманн, Венгр Республикасы елшілігінің кеңесшісі, елші орынбасары Хеди Дьердь енді;
• 2008 жылдың 15-16 ақпанында ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.М.Әбділдиннің 75 жасқа толуына арналған «Әлемдік философия дамуының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Конференцияға РҒА академигі В.С.Степин; РҒА корреспондент-мүшесі А.В.Смирнов; РЖҒА академигі Г.А.Югай; философия ғылымдарының докторы, «Диалектика және мәдениет» философиялық қоғамының президенті Г.В.Лобастов; философия ғылымдарының докторы, Бундесфер жетекші кадрлар академиясы (Германия) жанындағы халықаралық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми форум профессоры И.Рау; Париж-Х университеті (Франция) әлеуметтану докторы В.Дресслер; ДМПУ (Ресей) профессоры, философия ғылымдарының докторы В.С.Возняк; ҚР ҰҒА академигі Ә.Н.Нысанбаев; ҚР ҰҒА академигі Ғ.Есім сынды Ресей, Германия, Франция, Украина, Қазақстанның белді философ-ғалымдары қатысты. Барлығы конференцияға 54 ғылым докторы, 68 ғылым кандидаты және 31 жас оқытушы, аспиранттар мен ізденушілер қатысты;
• 2008 жылдың 6 ақпаны – Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы Венгр Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Янош Неметпен кездесу. Кездесуге Венгр Республикасы елшісінің орынбасары, кеңесші доктор Хеди Дьёрд те қатысты;
• 2008 жылдың 30 қаңтары – университеттің оқытушы-профессорлар құрамының Халықаралық сараптау кеңесі (ХСК) мүшелерімен кездесуі;
• 2008 жылдың 4 қаңтары – Үндістан мәдени орталығының (ҮМО) директоры Дипали Пал ханыммен кездесу;

2007 жыл

• 2007 жылдың 24 желтоқсаны – Кентукки университетінің (АҚШ, Лексингтон қ.) саяси география бойынша профессоры Стэнли Браннмен кездесу;
• 2007 жылдың 22 желтоқсаны – Шыңжан университеті (Қытай, Үрімжі қ.) экономика және менеджмент факультетінің профессоры Денг Фенгпен кездесу. Кездесу мақсаты – шетел қонағының университет басшылығымен танысуы, сонымен қатар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы тиімді бағыттар байланысын талқылау;
• 2007 жылдың 21 желтоқсаны – Ресей Халықтар достығы университетінің профессорлары, физика-математика ғылымдарының докторы, РҒА корреспондент-мүшесі В.Д.Степановпен және физика-математика ғылымдарының докторы, РФ ЖАК математика мен механика жөніндегі сараптау кеңесінің мүшесі, ММУ-дағы кандидаттық диссертация қорғайтын, МАИ-да докторлық диссертация қорғайтын мамандандырылған кеңестердің мүшесі, «Современная математика. Фундаментальные направления» журналы бас редакторының орынбасары А.Л.Скубачевскиймен кездесу;
• 2007 жылдың 23 қарашасы – университет басшылығының ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жаңа заманға сай жабдықтар өндіруге маманданған «Токио Боэки» (Жапония) компаниясының президенті Учида Кодзуэи мырзамен кездесуі. Кездесу мақсаты – өзара тиімді байланыс орнату, ЕҰУ қызметімен танысу және университет студенттері мен қызметкерлеріне арналған стипендиялар мен гранттар тағайындау бағдарламаларын талқылау;
• 2007 жылдың 16 қарашасы Ұлыбританияның белгілі сәулетшілері Питер Клегг пен Сью Роаф «Сәулет өнері және экология» тақырыбында дәріс оқыды;
• 2007 жылдың 13 қарашасында "Білім және ғылым" тақырыбындағы ТМД қатысушы-мемлекеттердің шығармашыл және ғылыми интеллигенциясының екінші форумы кәсіптік секциясының мәжілісі өткізілді. Секцияның теңтөрағалары ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик М.Ж.Жұрынов пен М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры, РҒА академигі В.А.Садовничий болды. Форум жұмысына Қазақстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Армения, Беларусия, Грузия, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстанның мәдени-ағарту және ғылыми элитасы қатысты;
• 2007 жылдың 1 қарашасы – Қазақстандағы Франция елшілігінің университеттік және ғылыми байланыс жөніндегі жаңадан тағайындалған Атташесі Клод Абитбол мырзамен және Францияда білім алу мәселелері бойынша кеңесші Раушан Әшімбаевамен кездесу. Клод Абитболь мырза 2007 жылдың 14 қазанында тағайындалған. Кездесу мақсаты - университетпен танысу және ЕҰУ студенттері мен оқытушыларына арналған стипендиялық бағдарламалардың тұсаукесер рәсімін өткізу. Тараптар екіжақты байланысқа қызығушылық танытып, Қазақстандағы Франция елшілігі ұсынып отырған білім беру жобалары мен бағдарламаларына университеттің студенттері мен оқытушыларының қатысуының қажеттілігі жөнінде пікірлерін білдірді. Кездесуден соң стипендиялық бағдарламалардың тұсаукесер рәсімі өткізілді. Тұсаукесер рәсімін ҚР-дағы Франция елшілігі жанындағы білім беру мәселелері жөніндегі кеңесші Раушан Әшімбаева өткізді. Ол студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушыларға арналған негізгі бағдарламалар туралы, ҚР Президентінің "Болашақ" бағдарламасы бойынша Францияда оқу жөнінде, Астанадағы Франция альянсының қызметі жөнінде әңгімеледі;
• 2007 жылдың 15 қазаны – Кубаның Төтенше және өкілетті елшісі Терресита Капоте Комаччо ханыммен кездесу. Кездесу мақсаты - Кубаның қазақстандық тыңдаушыларды өздерінің, яғни Кубаның саяси, экономикалық, мәдени өмірінің негізгі аспектілерімен таныстыруы;
• 2007 жылдың 10 қазаны - «Уайс Солюшнз» компаниясының басшысы Холли Уайздың, АЕS, USAID, «Еуразия» қоры компанияларының, ҚР-дағы АҚШ елшілігі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді;
• 2007 жылдың 3 қазаны – Албани қаласындағы Нью-Йорк мемлекеттік университетінің Н.А.Рокфеллер атындағы Мемлекеттік басқару және саясат колледжінің (АҚШ) директоры Джефри Страусман және ағылшын тілі бойынша АҚШ елшілігінің аймақтық бағдарламалар директоры Андреа Шиндлермен кездесу;
• 2007 жылдың 1 қазаны – Регенсбург университетінің (Германия) профессорымен кездесу. Кездесу мақсаты - профессордың ректоратпен танысуы және PhD докторларын даярлау туралы мәселені талқылау. Кездесуге экономика факультетінің деканы С.Б.Ахметжанова және университет қызметкерлері мен докторанттар қатысты;
• 2007 жылдың 14 қыркүйегі – Ұлыбританияның Бас аудиторы және бақылаушысы сэр Джон Борнмен кездесу. Кездесуге сондай-ақ ҚР Есеп комитетінің төрағасы Ө.Н.Омарханов, Ұлыбритания ұлттық офис аудитінің халықаралық байланысы департаментінің басшысы Дэвид Голдсуорси, Бас аудитор мен бақылаушысының хатшысы Дэн Паркер, ҚР Есеп комитетінің қызметкерлері қатысты;
• 2007 жылдың 12 қыркүйегі – Франция елшілігінің Бірінші хатшысы Алекс Бартолан мырзамен кездесу;
• 2007 жылдың 11 қыркүйегі – Сингапур ұлттық университетінің профессоры экономика бойынша PhD докторы Мукул Дж. Ашермен кездесу;
• 2007 жылдың 8 қыркүйегі – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімов "Білім беру - экономиканы модернизациялаудың стратегиялық векторының бірі" атты тақырыпта дәріс оқыды;
• 2007 жылдың 7 қыркүйегі – университет басшылығының "Орта Азиядағы Ислам өркениеті" Халықаралық конференциясына қатысушылармен - Ислам конференциясын ұйымдастыру (OIC) жанындағы Ислам тарихын, өнерін және мәдениетін зерттеу орталығының (IRCICA) бас директоры Халит Еренмен, М.В.Ломоносов атындағы ММУ жанындағы Азия және Африка институтының директоры М.С.Мейермен, Мемлекеттік Оттоман архиві (Түркия) аппаратының қызметкері Өндер Байырмен, Лувен қаласындағы Католик университетінің (Бельгия) профессоры Анне-Мари Вильменомен т.б. түрлі мемлекеттерден келген ғалым-профессорлармен кездесуі;
• 2007 жылдың 6 қыркүйегі – АҚШ Әскери-теңіз академиясы жанындағы Таяу Шығыс пен Исламды оқыту Орталығының (Мэрилэнд, США) директоры, профессор Бреннон Уилермен кездесу;
• 2007 жылдың 1 шілдесі университет басшылығымен іскерлік қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында "International House London" атқару орталығының директоры Моррис Кэсседи мен Букингем университетінің (Ұлыбритания) өкілі Пенка Маринова келді.
Xабарландыру
    • 7 ақпанда Әлеуметтiк ғылымдардағы әдiстемелiк және зерттеу философиясы бойынша ғылыми семинар өтеді

      толығырақ
    • Профессор Сайлау Батыршаұлының 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

      толығырақ
    • ЕҰУ жанындағы Конфуцзы институтында қытай тілін оқыту курстарына қабылдау жалғасуда

      толығырақ
    • Д.А. Қонаевтың 100 жылдығына арналған «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтед

      толығырақ
    • 3, 8 және 10 ақпан күндері «Жобалық менеджмент» атты тақырыптағы семинар жалғасады

      толығырақ
    • ЕҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің назарына! Жаз мезгілінде шипажай-демалыс орындарына жолдама!

      толығырақ
    • 7 ақпанда Пәкістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі Абид Мумтаз дәріс оқиды

      толығырақ
    • Мәдениет пен өнер саласы бойынша шығармашылық жобаларды қолдау барысында гранттарды қарастыру байқауы

      толығырақ
    • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Сапарларға гранттар» байқауы

      толығырақ
    • Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысының республикалық байқауы

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    9365
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar