Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ



















Л.Гумилевтің аты мен мұрасы

                  Л.Н. Гумилев және оның ғылыми мұрасы

Ғалым әрі ойшыл Л. Гумилевтің ғылыми мұрасы саяси, халықаралық мазмұны жағынан да, практикалық тұрғыдан да өзекті болып табылады. Оның ғылыми тұжырымдары қазіргі әлемде орын алып отырған интеграциялық үдерістер мен жаһандану жағдайында өзара сенімге, түсіністікке негізделген қарым-қатынастар орнатуға ықпал ете алады. Бұл тұрғыда алғанда Л.Н. Гумилевтің ғылыми көзқарастары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық идеяларымен өзара сабақтас келеді.

Соңғы жиырма жылдық ішінде Л.Н. Гумилевтің ғылыми еңбектеріне қызығушылық артып, оларға деген сұраныс күннен күнге жоғарылауда. Әлемдік қауымдастықта оның іргелі туындыларына ғылыми тұрғыда ғана емес, қоғамдық-саяси тұрғыда қызығушылық танытып отыр. Көпшіліктің мұндай сұранысы оның интеллектуалдық мұрасын шынайы әрі толыққанды зерделеу міндетін өзектендіре түседі. Сондықтан бізге оның Еуразия халықтарының тарихына арналған зерттеулерін ХХІ ғасырдың ғылыми жетістіктері негізінде ой-таразысына салып салмақтауды талап етеді.

Біз үшін Л.Н. Гумилевтің ғылыми-шығармашылық мұрасы ғана маңызды емес, оның өмірі мен ғылымдағы күреске толы жолы үлгі-өнеге тұтарлық. Сол себепті 1996 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің болашақ астанасында Еуразия ұлттық университеті ашылып, оған Л.Н. Гумилев есімі берілген еді.

Осы қысқа мерзімде университет Астанадағы білім мен ғылымның орталығына айналды. Соның ішінде айтар болсақ, 2002 жылдан бастап, яғни Л.Н. Гумилевтің 90 жылдық мерейтойынан бері ғалымның шығармашылық мұрасын зерттеуге, Еуразиялық интеграция идеясына арналған 7 халықаралық «Еуразиялық ғылыми форум» өткізілді. Университетте арнайы Еуразиялық зерттеулер кафедрасы және Л.Н. Гумилевтің мұражай-кабинеті жұмыс істейді. Мұражайда ғалымның еңбектері, жеке заттары, жұмыс кабинетінің үлгісі, достарымен, әріптестерімен алмасқан хаттары жинақталған.

Бүгінгі таңда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Еуразияшыл» ғалымның шығармашылық мұрасы мен идеяларын зерттеп, насихаттайтын бірден – бір ғылыми орталық болып табылады.

Л.Н. Гумилев өз зерттеулерінде шығыстану мен славянтану арасындағы қолдан жасалған ғылыми шекараларды мейлінше жақындатуға ұмтылып отырды. Шын мәнінде, ол ғылымдағы «еуразиятануды» жаңа сапалық деңгейге көтерді.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, т.ғ.д., профессор Е.Б. Сыдықовтың 2011 жылы 11 қазанда «Еуразия халықтарының тарихы және Л.Н. Гумилевтің ғылыми шығармашылығы: қазіргі әдістері мен перспективалары» атты VIII – Халықаралық Еуразиялық ғылыми форумда сөйлеген сөзінен  


Еуразия университетіндегі Лев Николаевич Гумилевтің аты мен мұрасы

gumilev

Менің өмірімнің мәнді бір бөлшегі –өзім шынайы жақсы көрген Еуразия халықтарына тиесіліні қайтару.

Л.Н. Гумилев (Соңғы сұхбатынан. 1992 жыл)

Лев Николаевич Гумилев – ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы және ойшыл. Оның Еуразия тарихы, түркі және славян, Азия және Еуропа халықтарының тарихы жөніндегі еңбектері зерттеу пәні Еуразия аймағы мемлекеттерінің, халықтарының, мәдениеті мен тілінің тарихы болып табылатын шын мәніндегі «еуразиятану» ғылымындағы пәнаралық бағытты дамытты. Бұл жағынан алғанда, Л.Н.Гумилев тек еуразияшыл ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, түркология мен славистиканы жақындастырған шығыстану мен ресейтанудың арасындағы ғылыми шыңды бағындырған еуразиятанушы‑зерттеуші.

Л.Н.Гумилевтің мұрасы саяси, халықаралық мәндегі көкейкесті мәселе, себебі ол – жаһандану мен аймақтық интеграциялану негізіндегі мемлекетаралық және этносаралық қарым‑қатынас концепциясы ретінде еуразияшылдықтың ғылыми‑тарихи негіздемесі. Осы тұста Л.Н.Гумилевтің еуразияшылдығы мен Н.Ә.Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы өзара үндес екенін аңғарамыз.

Тарихи‑өркениеттік, этно‑әлеуметтік, саяси және экономикалық мәселелердің кең көлемді мәнде алынған Л.Н.Гумилевтің мұрасы Еуразия халықтарының игілігі үшін ғылыми тұрғыдан зерделеуді қажет етеді.

Еуразия ұлттық университеті Лев Николаевич Гумилевтің атына құрмет көрсетіп, оның зияткерлік мұрасын жоғары бағалайды.


Заң ғылымдарының докторы, профессор

Б.Ж.Әбдірайымов

Xабарландыру
    • 7 ақпанда Әлеуметтiк ғылымдардағы әдiстемелiк және зерттеу философиясы бойынша ғылыми семинар өтеді

      толығырақ
    • Профессор Сайлау Батыршаұлының 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

      толығырақ
    • ЕҰУ жанындағы Конфуцзы институтында қытай тілін оқыту курстарына қабылдау жалғасуда

      толығырақ
    • Д.А. Қонаевтың 100 жылдығына арналған «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтед

      толығырақ
    • 3, 8 және 10 ақпан күндері «Жобалық менеджмент» атты тақырыптағы семинар жалғасады

      толығырақ
    • ЕҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің назарына! Жаз мезгілінде шипажай-демалыс орындарына жолдама!

      толығырақ
    • 7 ақпанда Пәкістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі Абид Мумтаз дәріс оқиды

      толығырақ
    • Мәдениет пен өнер саласы бойынша шығармашылық жобаларды қолдау барысында гранттарды қарастыру байқауы

      толығырақ
    • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Сапарларға гранттар» байқауы

      толығырақ
    • Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысының республикалық байқауы

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    9365
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar