Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
2002 жыл, қазанның 1‑і: ректор М.Ж.Жолдасбековтің бастамасымен және Наталья Викторовна Гумилеваның қолдауымен ЕҰУ‑да Л.Н.Гумилевтің Музей‑кабинетінің ашылуы (экспозицияларды жасауда М.И.Новгородова, М.Г.Козырева, В.А.Биличенко, Е.В.Маслова, Э.Э. Дильмухамедова сынды зерттеушілер көмек көрсетті);
2002 жыл, қазан: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде І халықаралық «Гумилев оқулары» Еуразия ғылыми форумының өткізілуі.
2003 жыл, шілденің 5‑і: Л.Н.Гумилевтің Музей‑кабинетінде Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Ресей Федерациясының алғашқы Президенті Борис Николаевич Ельциннің болуы.
2003 жыл, қазан: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ІІ халықаралық «Еуразияның дала өлкесі: тарихи-мәдени қарым-қатынас және қазіргі заман» Еуразиялық ғылыми форумның өткізілуі.
2004 жыл: Наталья Викторовна Гумилеваның Л.Н.Гумилевтің Мәскеудегі жұмыс кабинетін (жазу үстелі, кресло, кітап шкафы, кітаптар, мемориалды заттар) Еуразия университетіне мұрагерлікке қалдыруы; қыркүйектің 4‑і: Н.В.Гумилева қайтыс болды (Мәскеудегі қоштасу рәсіміне ЕҰУ делегациясы қатысты).
2004 жыл, қазан: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ІІІ халықаралық «Еуразия халықтары: мәдениет және қоғам» Еуразиялық ғылыми форумның өткізілуі.
2005 жыл: ректор С.Ә.Әбдіманаповтың Л.Н.Гумилевтің Мәскеудегі кабинетін Астанаға көшіруді ұйымдастыру туралы және Л.Н.Гумилевтің Музей‑кабинеті экспозициясын кеңейту туралы шешімі.
2005 жыл, қазанның 7‑сі: Л.Н.Гумилевтің ЕҰУ‑дағы Музей‑кабинеті жаңа экспозициясының ғалымның жиені, профессор Маргарита Ивановна Новгородованың қатысуымен тұсаукесер рәсімінің өткізілуі.
2005 жыл, қазан: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ІV халықаралық «Еуразия: халықтар, мәдениеттер, социумдар» Еуразиялық ғылыми форумның өткізілуі.
2006 жыл, қазан: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде V халықаралық «Еуразия әлемі: тарих, қазіргі заман, болашақ» Еуразиялық ғылыми форумның өткізілуі.
2007 жыл, қазан: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде VІ халықаралық «Лев Гумилев ілімі және Еуразияның қазіргі заманғы халықтары» Еуразиялық ғылыми форумның өткізілуі.
2007 жыл, қараша: ТМД мемлекеттерінің шығармашыл және ғылыми интеллигенциясы ІІ форумының (Астана қ.) Л.Н.Гумилевтің туғанына 100 жыл толуын ЮНЕСКО‑ның 2012 жылғы атаулы күндерінің ресми тізіміне енгізу туралы шешімі.
2008 жыл, қыркүйек: ректор Б.Ж.Әбдірайымовтың бастамасымен ЕҰУ‑дың бас ғимаратында Л.Н.Гумилев бюстінің ашылуы.