Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
(Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинетіндегі деректер бойынша)
Л.Н.Гумилев өмірі – оның негізгі кезеңдері белгілі бола тұра, толық зерттелмеген тақырып. Бізге ойшылдың өмір жолына арналған үш кітап қана белгілі: С.Б. Лавров «Лев Гумилев. Судьба и идеи» (М., 2000), А.И. Чистобаев «Этнологи, опередившие время: к 90-летию Л.Н. Гумилева и 50-летию К.П. Иванова (СПб., 2002)» и Т. Фроловская «Евразийский Лев» (Семей, 2003). Сондықтан Л.Н.Гумилевтің өмірін толыққанды сипаттау, оның адами және ғылыми биографиясын беру қиындық туады.
Мұның ешқайсысына қарамай, біз Лев Николаевичтің өмірін заманның қатаңдығына көңіл аудармай поэзиялық сипаттағы және кейбір естеліктер призмасы арқылы қарауға тырыстық. Біз ақпараттың қайнар көзі ретінде ғалымның Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі петербургтік әріптестерінің көмегімен жинақталған Кабинет қорындағы нақты деректерді алдық.
Академик А.М.Панченко көптеген жылдар Л.Н.Гумилевпен жақын араласа жүріп Лев Николаевичтің қайтыс болғанына 40 күн толғаннан кейінгі берген қазанамасында Левтің өмірге келгендігі туралы былай деп жазады: «...И вот 1 октября 1912 г. “барышня Аня” родила сына. Когда в Слепневе (родовое имение Гумилевых в Тверской губернии – авт.) получили известие о рождении наследника, хозяева усадьбы созвали крестьян и простили им все долги, вынесли корзины яблок и всем раздали по яблочку». Міне осы кезден кішкене Левтің өмір жолы басталды.
Алайда екі жылдан соң Ресей мен Германия арасындағы соғыс, яғни дүниежүзілік соғыс басталып, оның әкесі белгілі ақын Н.С.Гумилев өз еркімен герман майданына аттанады.
Әкесі (майданнан келген), шешесі және төрт жасар Лева барлығы бірге түскен әйгілі фотосурет 1916 жылы түсірілген. Сол кезде 1916 жылы маусымның 24-інде Марина Цветаева өзінің сәуегейлік «Стихи к Ахматовой» өлеңін жазған еді:
Имя ребенка – Лев,
Матери – Анна.
В имени его – гнев,
В материнском – тишь.
Рыжий львеныш
С глазами зелеными,
Страшное наследье тебе нести!
Северный Океан и Южный
И нить жемчужных
Черных четок – в твоей горсти!
М.И.Цветаева осы қысқа өлеңінде Л.Н.Гумилевтің болашақ өмірінің барлық трагедиясын болжаған еді. Лев Николаевичтің әкесі Николай Степанович шыққан дворяндық ақсүйектер сословиесін (олай болса, Левтің өзі де дворяндар сословиесіне жатады) тарататын әлеуметтік төңкеріске дейін бір жылдан сәл ғана асатын уақыт қалған болатын.
М.И.Цветаеваның бұл өлеңінде көңіл аударарлық екінші сәуегейлік – қомақтылығы туралы, яғни Л.Н.Гумилевтің болашақ ғылыми қызығушылығының «бүкіләлемділігі» туралы. Шындығында да тарихшы-зерттеуші ретінде Л.Н.Гумилевтің қолында «Солтүстік» те, «Оңтүстік» те, «Батыс» та, «Шығыс» та болды ғой. Бұл қалай болғаны? Бұл зерттеу кеңістігі оның жеке ғылыми биографиясының үлесінде болды ма, әлде Л.Н.Гумилевтің «бүкіләлемдік» тарихи қызығушылығына өзге факторлар әсер етті ме?
Біздің ойымызша, Л.Н.Гумилевтің өмірі мен шығармашылығына үңіле отырып, біз міндетті түрде тектік деңгейінде де, әке өлеңдері арқылы да әкесінің рухани және зияткерлік әсерін есепке алуымыз қажет.
Н.С.Гумилев поэзиясын бағалаушыларға Николай Степанович шығыс («батыс емес») өркениетін жырлаушы болғаны белгілі. Оның Шығысқа деген тұрақты қызығушылығын, бұл ұғымның кең мағынасында, білдіретін өлеңдерімен бірнеше бетті толтыруға болар еді. Н.С.Гумилев өзінің күллі шығармашылығында өзінің петербургтік емес, оның ұлы айтқандай «еуразияшыл» өлеңдеріне шабыт болып келген ақиқат Отанын үздіксіз іздейді.
И тут я проснулся и вскрикнул:
«Что если страна эта истинно Родина мне?
Не здесь ли любил я и умер не здесь ли,
В зеленой и солнечной этой стране?»
И понял, что заблудился навеки
В пустых переходах пространств и времен,
А где-то струятся родимые реки,
К которым мне путь навсегда запрещен.
Осы «тыйым салынған өзендерге», сол уақытта ресми түрде еуроазиялық ғылым болып танылмаған түркі-славяндық жәдігерлерге Л.Н.Гумилев та әкесінің соңынан өмір бойы жүріп келді.
Батысқа қарағанда Шығыс, Еуразия кеңістігі әрқашан жақын болған зерттеуші ретінде Л.Н.Гумилевтің тегін түсіну үшін естен шығармайтын тағы бір фактор - оның анасының тегі. Егер Анна Андреевна Ахматованың отбасылық тегін оның жазба кітапшалары негізінде және Лев Николаевичтің естеліктері бойынша шығарсақ, онда былай болады.
Анна Андреевнаның арғы атасы Ахмат хан Шыңғысханның ұрпағы, ол 1840 жылғы Русьте аяқталған Орда билігінің соңғы билеушісі. 1733 жылы осы ханның ұрпағы Ресей дворяндығын алған. Оның ұлы Петербургте татар типографиясын ашқан. Ахматовтардың соңғы ханшайымы Прасковья Егоровна ХІХ ғасырдың басында сібір алпауыты Егор Мотиловқа тұрмысқа шығады. Олардың қызы Анна Егоровна (Анна Андреевнаның әжесі) полковник Эразм Стоговқа күйеуге шығады. Сол кісінің құрметіне (болашақ ақын) Анна деп аталады.
Әрине біз Л.Н.Гумилев анасының тегі жағынан Шыңғысхан ұрпағына жататынын жайлы дауласып, күмәндануымызға болады, ал Л.Н.Гумилевтің бойында түркі қанының бар екендігі ешқандай дау тудырмайды.
Л.Н.Гумилев 1992 жылы белгілі режиссер Э.Е.Ділмұхамедоваға берген сұхбатынан үзінді келтірсек: «Мен өзімді кім деп санауым керек – татар немесе орыс? Қалыптасқан стереотип бойынша орыс екендігім күмәнсіз. Бірақ менің бойымда татар белгілерінің сақталғаны да рас. Менің Сібір мен Орта Азия халықтарына деген қызығушылығым бала кезден қалыптасқан. ...Менің ғылыми табыстарымды да осымен түсіндіруге болады. Себебі мен өзіме қымбат, жақын, оны өзімнің бөлшегімді құрайтын пән ретінде жаздым».
Міне осы Лев Николаевичтің негізгі ғылыми қызығушылығына қатысты өмірінің соңында айтылған – «менің өзімнің бөлшегім» – оның сан қырлы шығармашылығында көптеген жағдайларды түсіндіретін әдемі және төтенше маңызды ой болып табылады.
...20-жылдардың басына оралайық. Н.С.Гумилев атылғаннан кейін төрт айдан соң Анна Ахматова кішкене Леваға провинциалды Бежецкке (мұнда ол кезінде Николай Степановичпен бақытты ғұмыр кешкен болатын) көшеді де, 1921 жылы желтоқсанның 26-сында «Бежецк» өлеңін жазады:
Там белые церкви и звонкий, светящийся лед,
Там милого сына цветут васильковые очи.
………………………………………………
Там строгая память, такая скупая теперь,
Свои терема мне открыла с глубоким поклоном;
Но я не вошла, я захлопнула страшную дверь…
И город был полон веселым рождественским звоном.
А.А.Ахматова мен оның кішкене ұлы үшін бұрынғы өмірлері аяқталады да, 1916 жылы М.Цветаева сәуегейлік жасағандай өмірінің жаңа кезеңдері басталып, Лев өзіне тиесілі «қорқынышты мұраны» еншілеп кетеді.
Бежецкте Лев мектепке барады және ол жылдар оның әлем тарихына деген қызығушылығының алғашқы факторы болды. Бежецкте жүргенде оған тарих мұғалімі А.М.Переслегиннің ықпалы мол болды. Лев Николаевичтің өміріндегі бұл кезеңнің мәні туралы 1968 жылы желтоқсанның 30-ында оның мұғаліміне жазылған хаты дәлелдейді. Лев Николаевич бұл кезде 56 жаста еді, олай болса, А.М.Переслегиннің бежецктік сабақтарына төрт онжылдық өткен еді.
Міне белгілі ғылым докторы өзінің мектептегі мұғаліміне асқан қадір-құрмет көрсеткен қайран қаларлық құттықтау-хатын жазады: «Дорогой Учитель, милый Александр Михайлович! … Желаю здоровья и хочу поделиться с Вами моей большой радостью. Закончил третью часть моей «Степной трилогии» - «Поиски вымышленного царства»… Получился скорее трактат, нежели монография… А еще сдал в журнал «Природа» огромную статью «Этнос и этнология как явление природы». Приняли! И то и другое родилось из наших бесед, когда Вы уделили глупому мальчишке столько времени и внимания. С 1928 года моя мысль работала, будучи толкнута Вами. Сейчас я стар,… но передо мною все чаще встают картины детства и Ваш светлый образ». Л.Н.Гумилевтің өзі өз өміріндегі мектеп мұғалімінің рөлін осылайша бағалаған.
А.М.Переслегиннің арқасында ғана жас Лев тарих өнерін игеру үшін университетке түсуді ойлады. Сонымен 1934 жылы Лев Николаевич ЛМУ факультеті ретінде қайта ашылған Ленинград мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түседі. Бірақ ол кезде оның оқуы соншалықты созылып, оны тек Отан соғысынан кейін ғана аяқтайтынын кім білген. Оның дипломында тура осылай университетке 1934 жылы түсіп, 1946 жылы аяқтағандығы жазылған. Бұл аралықта Лев Николаевичтің тағдыры түрлі әскери, түрмелік «университеттер» болды.
Қалай болғанда да, ақындардың баласы Лев Николаевич өзі де еш күмәнсіз ақын болды. Оның тарихи еңбектеріне қарағанда, аса танымал емес болса да өлеңдері оның ақын болғанда да, жай ақын емес, ерекше қабілетті талант иесі болғанын көрсетеді.
1936 жылы студент Л.Н.Гумилев бағдарламалық сипаттағы «Тарих» өлеңін жазады. Ол үшін тарих – абстракция емес, ол онымен және сол тарихта өмір сүреді, тарихты тану арқылы ол «екінші жүрек», мәңгілік өмірін табады!
...Маятник столетий,
Как сердце бьется в сердце у меня.
Чужие жизни и чужие смерти
Живут в других словах другого дня.
……………………………………….
…но разговор столетий
Звучит, как сердце, в сердце у меня.
Так я двусердый, я не встречу смерти,
Живя в других словах, другого дня.
Гумилев-тарихшы өлімнен қорықпайды, - себебі тарихтың өзі мәңгілік, олай болса, оның танымы да мәңгілік, шексіз. Бірақ 30-жылдардың қатал шындығы өмірдің өзге де себептерін көрсетті. Анна Андреевна бұл кезең туралы: «Біздің төбемізде ажал жұлдыздары самсап тұрды...», - дейді. Ал қорқыныш құрсауы мен жаппай репрессия жағдайындағы студент Лев Николаевичтің мынадай өлең жолдары бар: «Жақында қасиетті тайга жері адамдар және аюлар қанымен жуылады...».
Лев Николаевичтің естелігінен: «В августе 1935 г. меня арестовали. В Ленинграде нарастала травля талантливых ученых, студентов из интеллигентных семей. В число первых жертв среди студентов-историков попал и я. …Вскоре нас всех выпустили на волю,.. а меня выдворили из университета. В ту зиму я страшно голодал.
Университет до войны мне все же не дали закончить. В марте 1938 г. меня взяли с четвертого курса, и на этот раз надолго и прочно...
... Следователь все более распалялся. В конце он даже не говорил, а матерясь, кричал на меня: “Ты любишь отца, гад! Встань к стене!” Он схватил меня за воротник рубашки и стал избивать. …Вручая мне на Лубянке постановление Особого совещания НКВД, прокурор заявил: «Вы опасны, потому что грамотны. Получите 10 лет».
Осылай Лев Гумилевтің университеті түрмеде жалғасты. Мұның барлығы немен аяқталатынын ешкім білген жоқ, бірақ көптеген азаматтар өлім жазасына кесіліп жатқандықтан, Анна Андреевна ең қорқынышты ату жазасын ойлады:
Семнадцать месяцев кричу,
Зову тебя домой,
Кидалась в ноги палачу,
Ты сын, ты ужас мой.
Все перепуталось навек,
И мне не разобрать
Теперь, кто зверь, кто человек,
И долго ль казни ждать.
Л.Н.Гумилевтің өзі өзінің жағдайы мен өзінің түрмедегі «келешегін» түсіне отырып, қысқа және ащы түрде: «Біріншісінде мен әкем үшін, екінші рет анам үшін отырдым», - деп жазды. Лев Николаевич сүйген әйел Эмма Герштейннің естелігінде мынадай эпизод бар. Анна Андреевна қолынан одан басқа ештеңе келмейтіндіктен күн түн демей ешқашан бітпейтін түрменің кезегінде тұрады. Бір күні оны танып қойып, оның алдында тұрған ерні көгеріп кеткен әйел одан осы туралы жаза аласыз ба деген сұрағына Анна Ахматова «иә» деп жауап береді.
Оның жауабы, оның тағдырына деген наласы «Реквием» өлеңінде берілген:
…Осквернили пречистое слово,
Растоптали священный глагол,
Чтоб с сиделками тридцать седьмого
Мыла я окровавленный пол,
Разлучили с единственным сыном,
В казематах пытали друзей,
Окружили невидимым тыном,
Крепко слаженной слежки своей...
30-жылдардағы (ол ғана емес) Анна Ахматованың ішкі әлемінің барлық трагедиясын беретін мына өлең жолы: «Муж в могиле, сын в тюрьме, помолитесь обо мне…».
Л.Н.Гумилевтің түрмеде өткізген екі кезеңінің аралығында оның тағы бір университеті – соғыс болды. Академик А.М.Панченко бұл жағдайға байланысты: «Надлежит помнить, что Лев Гумилев брал Берлин – он служил в зенитной артиллерии. И как-то на Одере под разрыв бомб – немцы бомбили переправу, а его батарея отгоняла самолеты – он стоял и читал по-французски стихи Гюго. …Он был человеком исключительной силы духа», - деп айтқан болатын.
Оның осы рухани күші барлық кезде, түрмеде де, майдан да, оның тарихпен түбегейлі айналысқанында да көрініп отырды. Лев өз дарынын – тарихшы дарынын өте тез ұғынды. 1934 жылдың өзінде ол адам тарихының құпияларына деген ішкі тартылысын поэтикалық түрде бергісі келген өлең жазады:
Дар слов, неведомый уму,
Мне был обещан от природы.
………………………….……….
И легкий воздух, и огонь
В одно мое сокрыты слово,
Но слово мечется как конь,
Как конь вдоль берега морского,
………………………….………..
И вижу – тайна бытия
Смертельна для чела земного,
И слово мчится вдоль нея,
Как конь вдоль берега морского.
Шындығында, оның ойы да, сөздері де ешқашан толастамады. «Табиғаттың өзі берген» және өн бойындағы «жеңіл ауа мен от та» байланыстырған гумилевтік ойлардың шығармашылық қозғалысы ары қарай тіпті ғылым туралы емес, адам өмірі туралы мәселе қойылған лагерде тұтқындалып жатқандағы ауыр жағдайда да «жүйрік аттай шауып» өз қозғалысын жалғастыра берді.
Л.Н.Гумилев Омбы лагерінде (Қарағандыдан кейін) өзінің түрме басшылығына: «Маған өлеңдерді аударуға, ғұндар туралы кітап жазуыма бола ма:», - деп арызданады да, біраз күннен соң: «Ғұндар туралы жазуға болады, өлең жазуға болмайды» деген жауап алады.
Түрмедегілер Л.Н.Гумилевке цементтен босаған қаптардың қиындысын әкеледі, ал ол одан дәптер жасап, майда жазумен Еуразия тарихын жазады. Біз көбіне ғылыммен айналасу үшін керемет жағдайды армандаймыз. Ал Лев Николаевич ештеңеге қарамастан, қамауда жатып-ақ жұмыс істеген. Бұл нағыз ғылыми ерлік емес пе? Бұл нағыз рухани күштің куәсі емес пе?
Лагердегі баға жетпес қолжазба түпнұсқалары бүгінгі күні Мәскеуде Наталья Викторовна Гумилевада сақтаулы. Лагердегі құжаттарының ішінде бірегей және таңғажайып дүние бар, ол Лев Николаевичтің 1954 жылы наурыздың 25-інде жазылған ғылыми мұрагерлік хаты: «Я написал «Историю Хунну» для собственного удовольствия и утешения души. Она написана так, как пишут книги на Сталинскую премию, только живее и, надеюсь, талантливее, чем у моих коллег-историков. Поэтому, в случае моей смерти, прошу рукопись не уничтожать, а отдать в рукописный отдел Института востоковедения АН СССР, в Ленинграде.
При редакционной правке книга может быть напечатана; авторство мое может быть опущено; я люблю нашу науку больше, чем собственное тщеславие. Книга эта может восполнить пробел в науке и отчасти залечить раны, нанесенные нашей науке наглостью и бездарностью доктора исторических наук А.Н. Бернштама. Лучшим редактором книги, в настоящее время, может быть доктор исторических наук А.П. Окладников.
В том случае, если книга напечатана не будет, разрешаю студентам и аспирантам пользоваться материалом без упоминания моего авторства, наука не должна страдать.
Готические соборы строились безымянными мастерами; я готов быть безымянным мастером науки».
Еш теңдесі жоқ мұндай мұрагерлік хатты ғылым кандидаты Л.Н.Гумилев лагерде отырып жасаған.
Ол тірі қалады да, 1956 жылы Омбы түрмесінен босап шығып, Ленинградқа екі үлкен чемоданмен оралады. Мұнда «Ғұндар. Ерте кездегі Орталық Азия» және «VI-VIII ғасырлардағы көне түрктер» атты екі кітабының қолжазбалары болатын. «Көне түрктер» оның тарих ғылымы бойынша докторлық диссертациясы болады. 1961 жылы ол докторлық диссертациясын керемет қорғап шығады, ғылыми ортада оның Орта Азия халықтарының тарихы бойынша ірі ғалым екендігі туралы айтыла бастайды.
Біз ата-аналарымыз туралы төрелік айта алмаймыз, сондай-ақ үлкен балалардың үлкен ата-аналарына да төрелік жүргізе алмаймыз. Анна Андреевна мен Лев Гумилевті, анасы мен баласын, жай қарым-қатынас байланыстырып тұрмағандығы белгілі. Бірақ сол кезең олардың жеке тағдырына көп келеңсіздіктер тудырып өткендіктен, біз олардың қарым-қатынасынан нені талап ете алатындаймыз. Қамауда жатқан Левті анасынан артық күткен тағы біреудің болуы екіталай. Анна Андреевна әйтеуір ұлының келгенін көрді-ау. Міне 1958 жылы сәуірдің 9-ында ол өзінің өңі ғана емес, сонымен қатар олардың қарым-қатынасының өзгеге көрінбейтін жасырын құпияланған маңызы бейнеленген өлеңін жазады:
Ты напрасно мне под ноги мечешь
И величье, и славу и власть.
Знаешь сам, что не этим излечишь
Песнопения светлую страсть.
Разве этим развеешь обиду?
Или золотом лечат тоску?
Может быть, я и сдамся для виду.
Не притронусь я дулом к виску.
Смерть стоит все равно у порога,
Ты гони ее или зови,
А за нею темнеет дорога,
По которой ползла я в крови.
А за нею десятилетья
Скуки, страха и той пустоты,
О которой могла бы пропеть я,
Да боюсь, что расплачешься ты.
Анасының ұлына деген жолдаулары көптеп сақталған. Көбіне бұлар жеделхаттар болған. Мысалы, 1962 жылы наурыздың 3-інде (Л.Н.Гумилевтің Ангел күні) А.А.Ахматова «Поздравляю сына целую крепко желаю радости = мама» деген жеделхат жібереді. Ал 1962 жылы қазанның 1-інде ол ұлын туған күнімен құттықтап, «Поздравляю тебя с сегодняшним праздником желаю радости целую = мама» деп жолдаса, 1963 жылы наурыздың 2-сінде Анна Андреевна «Поздравляю днем Ангела всегда помню и люблю = мама» деген жеделхатын жолдайды. Біз бұлардың барлығы әншейін жеделхаттар деп ойламаймыз. Формасындағы лаконизмге қарамастан, олардың бойында ананың сезімі жатыр деп қабылдаймыз.
Сондай-ақ Левтің өзінің анасына деген қарым-қатынасы да біржақты болуы мүмкін емес. Лев мейірімсіз «қанағатсыз ұл» болған жоқ, ол А.А.Ахматованың сол кезеңдегі жағдайлар бойынша оның өмірінің – тар қапастағы өмірінің барлық трагедиясын, оның жаны мен шығармашыл тұлғасындағы еркіндікке деген құмарлығын толық түсіне білді. Лев Николаевичтің анасына қарым-қатынасын оның жазған хаттарынан-ақ білуге болады. Олар Лев қамауда жатқан кезде де (оған рұқсат берген кезде) хат жазысып тұрды. Мысалы Лев Николаевич Омбы түрмесінде жатқанда бір хатын былай бастайды (1954 жылы қарашаның 9-ы): «Милая моя мамочка…». Ал ол кезде Лев Николаевич 42 жаста. Хаттағы бұл еркелік қарым-қатынас бір ғана жағдай емес.
Л.Н.Гумилевтің ішкі әлемін түсіну үшін лагер әлемінен тысқары шығып кеткен оның хаттарының мазмұны өте маңызды. Лев Николаевич лагерден жазған хаттарында өзінің ойларын апробациялайды және олардан гумилевтік ойлардың шығыстық, еуразияшыл бағыттары анық көрініп тұрады. 1954 жылғы қарашаның 9-ындағы сол хатында Л.Н.Гумилев былай деп жазады: «Поистине Азия и Европа меняются местами, и все больше уверяюсь я, что Европа скоро превратиться в такую же провинцию, какой она была в VI веке». Ал сол ХХ ғасырдың орта тұсында Жер планетасында кім олай айта алатын еді! Ғылыми бірлестіктерде – ілуде біреу ғана.
Л.Н.Гумилевтің Еуразиялық шығыстанушылығы 30-50-жылдары ресейлік миграциядан шыққан еуразияшылдар қызметімен қатар, бірақ олардан тәуелсіз түрде дамыды. Біз Л.Н.Гумилевтің шығармашылығының мәнін 20-30-жылдардағы еуразияшылдардың мұрасынан жеке қарағысы келетін бүгінгі кейбір әрекеттермен мүлдем келісе алмаймыз.
Еуразияшылдар мен Л.Н.Гумилевтің мағыналы байланысының ақиқат растамасы еуразияшылдықтың негізін қалаушылардың бірі ретінде Л.Н.Гумилевтің шығармашылығындағы еуразияшыл дәстүрді қолдап, оны осы жолға салған П.Н.Савицкиймен жазысқан хаттары мен гумилевтік тарихи жұмыстардың рухы болып табылады. 1958 жылы П.С.Савицкий Прагадан Л.Н.Гумилевқа былай хат жазады: «Древние кочевники являются для нас великим примером того, как нужно сражаться и побеждать, защищать себя, сохранять свой быт, свой жизненный уклад, свою самобытность». Ары қарай: «До самого основания обломить Западу рог его высокомерия – вот задача нашего времени. Наука о кочевниках может и должна этому служить...». Мұны П.С.Савицкий жеке хатында айтады, сол себепті ғылыми және адами жариялылық сезіледі. Мұндай ойлар Л.Н.Гумилев үшінтосын емес. Шындығында оның өзі де әрқашан осылай ойлайтын. Қалай болғанда да студент кезінен, Еуразия халықтарының тарихы мәселелерін ойлана бастаған кезден бері Лев Николаевич поэтикалық формада бұл ойын былай жеткізген:
Я молюсь на восточные зори,
А о западных только скорблю…
ЕҰУ-дың Л.Н.Гумилев Кабинетінің қорында Лев Николаевичтің ғылыми биографиясында айналып өтуге болмайтын қиын-қыстау жағдайды сипаттайтын тағы бір құжат бар. Бұл құжат өзінің қарапайымдылығымен кез келген адамды таңғалдырады. Ол тіпті кеңес ғылыми канцеляризмінің құжаты ретінде ерекше. Бұл – Л.Н.Гумилевтің атына 1976 жылдың маусым айында Жоғары аттестациялық комиссиядан жіберілген пошталық ашықхат. Мұндай ашықхаттарды қазіргі уақытта да қорғау процедурасынан өткен кез келген ғылыми дәрежеге ізденуші де күтеді, себебі олар ЖАК шешімі туралы ізденушіні ресми хабарландырады. Оны Лев Николайұлы да күтіпті. Ашықхатта штамп: «Президиум ВАК «21» V 1976 г., протокол № 15, отказал в присуждении ученой степени доктора географических наук». Және біреудің қолы қойылған. Бәрі де қарапайым, қалыпты және қорқынышты жағдай. Алайда ЖАК қызметкерлері бір нәрсені білмеген: тарих ғылымының докторы Л.Н.Гумилев үшін екінші докторлық қажеттіліктен немесе жеке басын дәріптеушіліктен емес, таза ғылыми құмарлықтан, ал бұл ретте оның бұл салада бәсекелесінің болуы екіталай нәрсе екендігін түсінбеген. 1992 жылы ЖАК бұл шешімнің күшін жойып, Лев Николаевичтің екінші докторлық диссертациясын бекіткенде формалды әділеттілік орнады.
Өзінің бүкіл өмірін Еуразия халықтарының этникалық тарихын зерттеуге арнаған ғалымның ғылыми тағдыры осылай болды.
Және бұл еуразиялық іс ештеңеге қарамай, Лев Николаевичтің ғылымға сіңірген негізгі қызметі болып қалады.
Өзінің соңғы сұхбатында 1992 жылы Л.Н.Гумилев өзінің ғылыми биографиясының қорытындысын былай шығарды: «Смысл моей жизни отчасти был в том, чтобы восславить и воздать должное кочевым народам Евразии, которых я искренне полюбил».
Бұл жолда Л.Н.Гумилев алғашқы еді деп нақты айта алмаймыз.
ХІХ ғасырдың аяғында 20-жылдардағы еуразияшылдар халық алдына шықпастан біраз бұрын, еуразияның түркі-моңғол халықтарының тарихи рөлін және олардың славяндық, еуропалық халықтармен өзара байланыстарын белгілі ресейлік зерттеуші Г.Н.Потанин көрсеткен болатын. Бірақ, әрине ол да алғашқы емес. Біз тарихқа деген еуразияшыл бағыт ғасырлар қойнауына, яғни еуразия халықтарының тарихымен бірге келе жатқанына сенімдіміз.
Сонымен Л.Н.Гумилевтің балалық шағына оралайық. Кейде Лев Николаевичтің өмірі, егер 20-жылдардың басында, әкесі атылғаннан кейін бірден анасы мен ұлы эмиграциямен өзге елге кеткенде басқаша болар ма еді деген пікірлер айтылып қалады. Бірақ А.А.Ахматова Отанынан кеткісі келмеді және ол эмиграцияны еш қолдамайтын. Алайда осылай болғанда да, Лев бала кезінде Отанынан кетіп қалса, өзге елде материалдық жағынан игілікті өмірде бақытты бола алар ма еді?
Біз бұл сауалдың жауабын білмейміз. Әйтсе де біз Л.Н.Гумилевтің жасы ұлғайған шақта өзі туралы өзінің айтқанын білеміз: «мен бақытты адаммын. Мен әрқашан да өзімнің айтқым келген нәрсені айттым және өзімнің кітаптарымның барлығының жарияланғанын көрдім». Бұл туралы кез келген ғалымның армандайтынын түсіндірудің қажеті бар ма.
1992 жылдың тамызында петербургтік ақын М.Дудин «Памяти Льва Николаевича Гумилева» деген өлең жазды. Біз өзіміздің қысқаша әңгімемізді сол өлеңмен аяқтағанды жөн көрдік:
Есть красота возвышенной души.
Она ему досталась по наследству
И тихо приказала: «Напиши
И в трате откровенности не бедствуй».
Он это понял точно. И всерьез
Дошел до самой сокровенной сути
Дорогой правды мужества без слез
Через пустыни мерзости и жути.
…………………………………….
Он сам себе тогда сказал: «Пиши!»
И в мир ушли пророческие книги
И сняли в тишине с его души
Божественного знания вериги.
М.Ж. Жолдасбеков, С.В. Селиверстов
Жарияланым мына кітаптан алынып, қазақ тіліне аударылды: Евразийство и Казахстан. Труды Евразийского научного форума: «Гумилевские чтения». – Астана: Изд-во ЕНУ, 2003. С. 34-44