Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Л.Н. Гумилеватындағы Еуразия ұлттық университеті
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы университетінің «Аймақтану» бағыты бойынша базалық ЖОО-ны
ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ШЫҰ-Н ҚҰРУДАҒЫ МАҚСАТ
ШЫҰ-ның университетін құрудағы мақсат ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің көпжақты нормативтік-құқықтық актілері аясында анықталған, және ол мынадай:
· Жастардың сапалы заманауи білім алу, ал оқытушылар мен ғалымдардың ғылыми байланысын дамыту мүмкіндігін кеңейту;
· Ұйымға мүше мемлекеттердің саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет саласындағы әріптестік байланысын тиімді дамыту;
· Қазіргі уақытта ШЫҰ-ы университетін құруға кедергі болып отырған факторлар:
· ШЫҰ-на мүше мемлекеттер арасында бірлекен білім беру нәтижесінде алынған дипломды мойындайтын нормативті базаның болмауы;
· ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің білім беру стандарттарының сәйкес болмауы;
· Заманауи білім беру құралдарын пайдаланатын жоғары линиялы ғаламтор қызметінің болмауы;
· Бірлесіп қаржыландыру жұмыстарын жүргізетін форма мен механизмнің болмауы.
Осыған байланысты ШЫҰ-ның университетін құру мынадай негізгі және қосымша міндеттерді шешуді қажет етеді:
Негізгі міндеттер:
· Студент, аспирант, докторант, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер алмасу аясын кеңейту;
· Ғылыми-академиялқ әріптестік өрісін кеңейту;
· Заманауи білім беру әдістері мен технологиясын енгізу;
· ШЫҰ университетінде алынған білімді ШЫҰ-на мүше мемлекеттер мен әлемдік білім беру қауымдастығы аясында мойындайтын механизм жасап, құжаттарын дайындау.
Қосымша міндеттер:
· ШЫҰ аясында нақты салалар бойынша әріптестік байланыс орнату үшін сараптама өткізіп, ұсыныс дайындау;
· ШЫҰ-ның құрылымдары үшін маман дайындау;
· Тілдік және аймақтануға арналған курс ашу;
ШЫҰУНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҮЛГІСІ
Жоғары білікті маман дайындау мынадай білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асуы тиіс:
· Дайындық тілдік курстары
· бакалавриат (4 жыл);
· магистратура (2жыл);
· аспирантура (3жыл),екіжақты келісім арқылы қарастырылған;
· докторантура (3 жыл);
· кәсіби біліктілікті көтеру, мамандарды қайта дайындау, қашықтықтан, күндізгі және сырттай оқыту.
ШЫҰ университетінің негізгі білім беру тілі университеттің орналасқан жеріне байланысты сол елдің ресми тілі және орыс, қытай тілдері.
ШЫҰ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ БЕРУ СХЕМАСЫ
ШЫҰ университеті бағдарламасымен білім алған студент кез келген семестрде шетелдегі басты жоғары оқу орнында білімін жалғастыра алатындай болуы тиіс.
Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының саны мен онда оқу мерзіміне шек қойылмайды. Студент серіктес шетелдік жоғары оқу орнында кемі 1 семестр білім алуы керек.
Студенттерді қабылдау өзара келісілген квота негізінде жүзеге асырылады. Квоталар ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің университет бюджетіндегі үлестік жарнасына сәйкес болуы керек. Мұндай квоталар оқуы тек ШЫҰ-ның университеті бюджетінен қаржыландырылатын студенттерге ғана беріледі.
Білім алушы студенттердің екінші тобы – келісімшарт негізінде оқу шығынын өздері төлейтіндер.
Мұндай студенттердің санын базалық жоғары оқу орындары өзара келісіп анықтайды. Академиялық жеделділікті қамтамасыз ету үшін олардың санын жоспарлау және реттеу қарастырылған.
Оқу аяқталған соң студент ШЫҰ университетін тамамдағаны жөнінде сертификат, соңынан осы оқу орнының бірегей дипломын иеленетін болады.
ШЫҰ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БАСҚАРУ СХЕМАСЫ
ШЫҰ университетін басқару жүйесі мындай сатыдан тұрады:
· Білім беру саласындағы әріптестік байланысқа жауап беретін әр елден бір өкілден жиналған үйлестіруші (атқарушы) кеңес.
· Қамқоршылық кеңес.
· ШЫҰ университетінің хатшылығы (ректорат).
· Әр салаға жауап беретін сараптамалық топтық құрамында әрбір базалық жоғары оқу орнынан бір өкіл кіреді.
ШЫҰ УНИВЕРСИТЕТІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ШЫҰ университеті қызметінің қаржылық негізі –оның бюджеті, ол мынаны қамтамасыз етуі керек:
· Үйлестіруші кеңестің, хатшылықтың және университеттің сараптамалық тобының;
· Келісілген оқу бағдарламаларын жасауды;
· Халықаралық алмасу бағдарламалары бойынша стипендиямен қамтамасыз ету;
· ШЫҰ университеті бағдарламасы бойынша білім алатын шетелдік студенттердің оқу шығынын жабу;
ШЫҰ университетінің бюджетінің қаржысы
· ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті мемлекеттерінің қаржысы немесе мақсатты бағдарламалар;
· ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жарнасы;
· Келісімшартпен білім алатын студенттердің қаржысы;
· Басқа да кірістер есебінен құралады.
ШЫҰ УНИВЕРСИТЕТІН ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
· Қатысушы мемлекеттердің келісімі;
· Қызмет ету жүйесін анықтау;
· ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің білім министрліктерінің ведомствоаралық хаттамаға қол қоюы;
· Елдің басты жоғары оқу орнын анықтау және бағдарламаларын бекіту;
· ШЫҰ университеті жарғысын дайындау;
· ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының ШЫҰ университеті мекемесі туралы шешіміне қол қоюы.
ШЫҰ университетін құру мерзімі мынадай уақытта жүзеге асырылады:
1. Қысқамерзімді жоспар (2008-2009 жылдар.):
· ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің университетті құру позициясы мен әлеуетін анықтау;
· ШЫҰ-на мүше мемлекеттер ұсынған университет тұжырымдамасының жобасын талқылау;
· ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің білім министрліктерінің ведомство аралық хаттамаға қол қою, (көшіріп алу)
· Диплом беруге байланысты нормативтік базаға сараптама жасау;
· Белгілі бір бағыттар бойынша жауап беретін университеттерді анықтау;
· Тәжірибе жинақтау мақсатында бұрын орнатылған байланыс аясында бірлесіп магистр дайындайтын бағдарламаларды бекіту;
· Тілдік курстарды ұйымдастыру;
2. Ортамерзімді жоспар (2009-2010 жылдар):
· ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының ШЫҰ университеті мекемесі туралы шешіміне қол қоюы;
· ШЫҰ университетінің білім алғандығы туралы құжаттың формасын нормативтік базамен бекіту;
· ШЫҰ университетінің басқарушы және әкімшілік құрылымдарын ұйымдастыру;
· Бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, докторантура (аспирантура) ашу;
· Магистр және бакалавр дайындауға арналған бағдарламаларды бекіту;
· ШЫҰ университеті аясында студенттерге білім берудің уақытын, формасын бекіту.
3. Ұзақмерзімді жоспар (2010-2012 жылдар)
· Магистратура базасында «бакалавр плюс магистр» жобасын жүзеге асыру;
· Университетте қашықтықтан білім беру мен ақпараттық қамтамасыз ету желісін жасау;
· Мамандықтар мен бағыттардың тізімін кеңейту;
· Университеттің ғылыми хабаршыларын және басқа да басылымдарын жарыққа шығару;
· ШЫҰ университетін халықаралық деңгейде танытатын шаралар ұйымдастыру. Сонымен қатар университеттің бәскеге қабілеттілігін арттыру үшін бакалавриат және магистратура бойынша білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациядан өткізу.
ШЫҰ университеті туралы қосымша ақпаратты мына сайттан алуға болады: http://infoshos.ru/ru/?idreg=5